Популяция

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:59, реферат

Описание работы

Популяция – белгілі бір аумақта мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Популяция санының реттелуі;популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.Популяцияның саны дегеніміз берілген территроия немесе көлем бірлігіндегі организмдердің жалпы саны.Популяцияның тығыздығы дегеніміз популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы организмдер саны

Работа содержит 1 файл

Популяция.docx

— 19.13 Кб (Скачать)

Популяция – белгілі бір аумақта мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге  жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді.  Популяция санының реттелуі;популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.Популяцияның саны дегеніміз берілген территроия немесе көлем бірлігіндегі организмдердің жалпы саны.Популяцияның тығыздығы дегеніміз популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы организмдер саны.Табиғатта ешқандай популяция санының ұзақ уақыт өсе беруі қабілеті болмайды.Азық қоры немесе басқа қорлар таусылса өлген особьтардың саны оның туылған санынан асып кетеді.Мыс:Еуропадан Австралияға қояндарды әкелгеннен кейін,олардың саны күрт көбейіп кетті.Бірақ олар азық таппай,көптеген жыртқыштарға өздері қорек болды.Осының нәтижесінде олардың саны кеміді.Табиғи орта ұзақ уақыт барлық тіршілікке қажетті элементтермен қамтамасыз ететін особьтердің саны осы популяция үшін Ортаның сыйымдылығы болып табылады.Негізгі фактор-ол популяцияның өліміне әсер етуші фактор .Өліміне және туылымына әсер етуші факторлар популяцияның тығыздығы кобейгенде әсері басым болады.Мұндай факторларды популяцияның тығыздығына тәуелді д.а.Олар:азықтың жетіспеуі,жауларының көбеюі,аурулар.Тағы да бір тығыздығына байланысты фактор-миграция.Мыс:пітенің тығыздығы көбейсе,онда оларда басқа өсімдіктерге ұшып кету қабілеті пайда болады. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады. Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею (өнімділік) мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де, өлім оның санының кемуіне әкеледі.

Популяция саны өсуінің экспоненциалдық және логистикалық қисық сызықтары,

Сандық динамикасы. Популяция саны негізінен бір–біріне қарама–қарсы екі құбылыспен - туу және өлім көрсеткішімен анықталады.  N   – популяция саны  болсын.  Онда   dN/dt         қатынасы  N   -нің  лездік  өзгеру  жылдамдығы ,  яғни N  -  нің  t   уақыт   сәтіндегі  өзгерісін  көрсетеді,ал   dN/dt N     қатынасы   популяция   санының  меншікті  лездік  өзгеріс  жылдамдығы  болады.  Айталық,  бастапқы  саны  100  особь,  ал  1  сағаттан  кейінгі  саны  200особьке тең  инфузориялар  популяциясы  1 сағатта  өскен,  ал  популяцияның  бір  особьке  шаққандағы  өсімі  100/ 100х1 = 1 особь/сағатқа  тең.Егер  өсім  коэффициенті  тұрақты  шама  деп  ұйғарылса, онда  популяция санының  уақытқа  тәуелділігі  экспоненциалдық  қисық  сызықпен  өрнектеледі. Экспоненциалдық  қисық  сызық  популяцияның  биотикалық  потенциал деп  аталатын  қасиетін  өрнектейді.


Информация о работе Популяция