Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 10:41, реферат
Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық ара салмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяция туралы тусінік.
Популяция- (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық)
— белгілі бір кеңістікте генетикалық
жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею
арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер
тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі
үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз
өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
сол түрдің өзге топтарынан қандай да
бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына
кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау
процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция
өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары
(саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас
ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық
сипаттамалары (саны мен тығыздығының
уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді.
Популяцияның статиктикалық сипаттамалары
популяцияның белгілі бір сәттегі күйін
көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде
анықталады. Популяцияның динамикалық
сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді
(бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді.
Популяция санының динамикасы белгілі
бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің
өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің
ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ,
популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиг
Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (
Популяцияның жыныстық құрылымы
Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық ара салмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады. Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.
Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.
Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.
Ұрпақтар – бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.
Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.
Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады.
1. Жалғыз немесе отбасылық.
2. Топтық.
Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасын қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады — ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).
Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар:
1.Жартылай колониялар. 2.Колониялар. 3.Отарлар. Үйірлер.
Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және көптеген басқалар). Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар, індер). Жартылай колонияларда өздерінің шекаралары болады. Келген жаумен күресуге бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т.б.).
Колониялар – бұл тек территориядағы азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.
Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар.
Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде ұрпақ өрбіту үшін қажетті ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.
Популяция динамикасы
Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдайда, популяцияның өсу жылдамдығы сол түрдің биотикалық мүмкіншілік көлеміне байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928), бұл бір жұптың теориялық жағынан алғандағы максимум ұрпақ беру көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде мысалға, бір жыл немесе бүкіл өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін. Әр түрлі түрлерде бұл шама әртүрлі. Табиғатта популяцияның биотикалық мүмкіндігі толығымен жүзеге асырылмайды.
Популяцияның жалпы сандық өзгергіштігі мына төрт жағдайға байланысты: особтардың тууы, өлуі, бір жерге тұрақтануы мен басқа жаққа қоныс аударуы (миграция).
Белгілі мөлшердегі ұстап тұру популяция гомеотазы деген атқа ие болды. Популяциялық гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, оның қозғалысына, жыртқыштар мен паразиттердің әсер ету көрсеткіштеріне және т.б. жағдайларға байланысты. Кейбір түрлерге бұл жағдайлар көптеген даралардың қырылуына әкеліп, қатты әсер етсе, кейбір түрлерге тек шартты рефлекстік негіздегі ұрпақтың төмендеуімен ғана шектеледі.
Популяцияның сандық жағына әсер етуші көптеген факторлардың арасынан модифицирлеуші және реттеушілерін бөліп қарау керек.
Модифицирлеуші факторлар — популяцияның сандық өзгерісін тудырып, өздері сол өзгерістің әсерін сезбейді, яғни, олардың әсері бір жақты. (Бұл ағзаға абиотикалық әсер етуші, олардың қоректерінің сандық және сапалығы, жауларының белсенділігі және т.б.).
Реттеуші факторлар - тек популяцияның саның өзгертіп қана қоймайды, оның кезекті оптимумынан қазіргі жағдайына дейінгі ауытқушылығын қалыпқа келтіреді (бұлар тірі ағзалардың өзі).
Популяция динамикасының негізгі үш типін бөлуге болады:
1. Әр жылдардағы сандардың салыстырмалы түрлегі аздаған ауытқушылығы.
2. Популяция динамикасының мерзімдік типі
3. Популяция динамикасының массалық көбею ошағындағы көп жылдық типі.