Озонның орналасуы және оның қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 23:13, реферат

Описание работы

Озонның орналасуы және оның қызметі
Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабат жерден 22-24 км жерде өте қалың.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (18).docx

— 33.03 Кб (Скачать)

Озонның орналасуы және оның қызметі

[Скачать рефераты на казахском ] 23.06.2009, 15:08
                                                           Озонның орналасуы және оның қызметі 
Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабат жерден 22-24 км жерде өте қалың.   
Озон қабаты өте жұқа. Егер де бұл газды жер бетінде орналастырсақ, ол 2-4мм құраған пленка түрінде орналасатын еді. (экватор маңында – минимум, полюстарды - максимум) Бірақ-та, бұл қабық бізді қорғап отыр, ол ультракүлгінді түгелімен жұтып отырады. Онсыз тіршілік тек ультракүлгін өте алмайтын жерде ғана сақталатын еді. (су түбі 10м). Озон жер бөлетін инфрақызыл сәулелердің 20 процентін жұтып алады.   
Озон – активті газ, адамға зиян тигізуі мүмкін. Оның төмеңгі атмосфера қабатындағы концентрациясы шамалы болғандықтан, ол адамға зиян тигізбейді. Үлкен қалаларда машиналардың әсерінен озон көп мөлшерде пайда болады. Озон ғаламшардың сәулелерінің қаттылығын да қадағалайды. Егер де кішкене озон азайып қалса, жерде өсімдік және организмдер әлемінде үлкен өзгерістер болады.   
Озон қабаты, жоғарыда аталғандай, әлемде тіршілікті Күннің ульракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген жылдар бойы озон қабаты кішкене ғана өзгерістерге ұшырап келе жатырғандығы дәлелденген. Арктикада үлкен озон тесігі табылған.   
Озон жойылуына ультракүлгіннің, ғарыштық сәулелердің, кебір газдар: азот, хлор, бром қосылыстарының, фторхлоркөмірсутектерінің (фреондар) әсері мол. Аса жоғары қауіпті адамның іс-әрекеті тудырады. Сондықтан да көптеген елдер озон жоятын заттардың өндірісін қысқартатын халықаралық келісімге қол қойды.   
Озон қабатының әлсіреуінің себептері көп болуы мүмкін. Біріншіден, ғарышқа ракеталардың ұшырылуы. Жанатын отын озон қабатында үлкен тесіктер жасай отырып, жағып жібереді. Бұл тесіктер қысқарады деп болжанған еді. Бірақ, олай болған жоқ, олар көп өмір сүреді.  
 Екіншіден, ұшақтар. Әсіресе, 12-15 км жерде ұшатын ұшақтардың буы озонды құртады. Бірақ-та 12 км-ден төмен ұшатын ұшақтар озон қосып тұрады. Қалаларда ол фотохимиялық әсерден туындайды.   
Үшіншіден – хлор және оның оттекпен қосылысы. Бұл газдың өте үлкен көлемі (700 мың тоннаға дейін) атмосфераға өтеді. Оның негізгі себебі – фреондар. Фреондар – жер бетінде ешқандай реакцияға түспейтін газдар, олар бөлме температурасында қайнайды да өзінің көлемін күрт өсіреді. Оның өскен кезде олардың температурасы азайады. Оның бұл қасиетін мұздатқыштар жасауда пайдаланылады.   
Жыл сайын жер атмосферасында фреондар саны 8-9%-ке өседі. Олар жоғарыға, яғни стратосфераға көтеріледі де күн сәулесінің әсерін реакцияға түседі. Реакция нәтижесінде хлор түзіледі. Ал, хлордың әрбір бөлшегі жоғарыда аталып кеткендей, жүз мындаған озон молекулаларын жоюы мүмкін.  
2004 жылдың 9 ақпанында НАСА жер институтының сайтында мынадай жаналық пайда болды: Гарвард Университерті ғалымдары озонды жоятын молекуланы тапты. Ғалымдар бұл молекуланы «димер одноокиси хлора» деп атаған. Былай атауының себебі, хлор қоспасының 2 молекуласынан құралғанында. Димер өте салқын стратосферада орналасады, күн сәулесін жұта отырып, екі хлор атомына және бір оттек атомына ыдырайды. Хлордың тәуелсіз атомдары озон молекулаларымен байланысуы нәтижесінде озон одан сайын азаяды.   
Бұл аргументтердің қысымы нәтижесінде көптеген мемлекеттер хлорфторкөмірсутектердің өндірісін қысқартуға шаралар қолдануда. 1978 ж. Бастап, АҚШ-та аэрозоль өндірісінде хлофторкөмірсутек қолдануға қарсы заң шығарды. Бірақ, хлорфторкөмірсутектерді басқа салаларда өндіруге қарсылық білдірілген жоқ. 1987 ж. әлемнің 23 мемлекеті қатысуымен өткен Монреальдағы келісім бойынша 1999 ж. дейін бұл мемлекеттер озон қабатын жоятын заттарды қолдануды 1986 ж. деңгейге дейін жеткізу керек болды. Аэрозольде пропелленттердің міндетіне басқа элемент табылды – пропанбутан қосындысы. Ол фреонға физикалық параметрлері бойынша қалыспайды, бірақ өртке қауіпті. Бірақ, мұндай аэрозольдер көптеген елдерде өндіріске еңгізілген. Мұздатқыш қондырғылармен мәселе қиынырақ. Қазіргі уақытта фреонның ең жақсы ауыстырғышы аммиак болып келеді. Ол токсикалды және физикалық параметрлері бойынша фреоннан әлдеқайда төмен. Көптеген елдерде жаңа ауыстырғыштар қарастырылуда, кейбіреулері оны құрастырып та болды. Бірақ, мәселе әлі түгелімен шешілген жоқ.   
Фреондарды қолдану әлі де тоқтатылған жоқ. Ғаламдық климат өзгерісін бақылайтын желінің деректері бойынша Тынық және Атлант мұхиттары аралдарында фреондар концентрациясы 11-12 процент, және өсу жылдамдығы 5-9 процент болып келеді. Стратосферадағы хлор қосылыстары қазіргі уақытта 50-жылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп. 

Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

 
Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды.
Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн. 
 
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км2 -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. 
 
Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. 
Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады.

Озон  тесігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

озон  тесігі (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың озон кабатындағы озон (көк түсті, өткір иісті газ) құрамының едоуір төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік. 
Бұл — жердің озон қабатының тозуындағы күрделі
экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған.

[өңдеу] Тарих

1980 жылдардың  басында Антарктидадағы ғылыми станцияларда жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмеңдегені байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деген атау алған. 1987 ж. көктемде Антарктиданың үстіндегі Озон тесігі барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км2- ді (ғарыштық түсіру бойынша) құрады. Осындай кұбылыс 1992 ж. қайталанған. Бұл кезде Оңтүстік Америка материи және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%- ға) тіркелді. Осыған ұқсас құбылыс (1986 ж. көктемінен) Арктикадағы Халли-Бей ағылшын станциясының үстінде байкадды. Оңдағы озон шоғырының минималды көрсеткіші 40%-ға азайған, ал Жапон станциясының үстінде 2 есеге төмендеген. Бірақ мұндағы Озон тесігінің өлшемі Антарктидадағы Озон тесігінің мөлшеріне Караганда 2 есе кіші болған. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың озонды қабаты шамамен 10—40%-ға азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегішң, Шотландия аралдарвың Каны тіркелген. Көптеген халықаралық экспедициялардың зерттеулерінен кейін ғана әр түрлі физикалық-географиялық факторлармен бірге Озон тесігінің қалыптасуына атмосферадағы хлорфторкөміртектің (фреон) едоуір мөлшері негізгі себеп болып табылатыны анықталған. Олар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгеңде карқынды түрде озонды бүзатын хлор тотығы түзілетін фотохимиялық ьщырауға үшырайды. Жердін озон қабатының тозуы жер бетіне ультракүлгін соулелер ағынының мол түсуіне алып келеді. Ол, әрине, планетадағы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (БДҰ) меліметтері бойынша, атмосферадағы озон қүрылы- мының 1%-ға төмендеуі (осыған сойкес ультракүлгін соуле 2%-ға өседі) адамдар-дың қатерлі ісік ауруларьшьгң көбеюіне (тері обыры, көз катаракгасы және т.б.) себепші болды. Қарқынды ультракүлгін соуле адамның жүйке жүйесінің олсіреуіне, жүқпалы ауруларға қарсы екпенің тиімділігі төмендеуіне соқтырады. 1985 ж. суытқыш шығарындыларының осерінен озон қабатын қорғау туралы Конвенция қабылданған. АҚШ-та, Ресейде стратосферадағы озон қабатының қайта түзілуіне немесе бұзылу жылдамдыгын төмендетуге (электрмагниттік соулелену, электрлік разрядтар, лазерлік соулелену одістері) бағытгалған бірлескен жүмыстар атқарылуда. Осының борі полюс маңындағы кеңістіктерде озон тесігін жойып, озонды қалқаны сақтауға үлес қосады деп күтілуде.[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

     Это изображение озоновой дыры (белого цвета) над Антарктикой получено с помощью спутников и компьютеров. Дыра изменяет свои очертания, постоянно увеличиваясь.сурет

     Жоспар:

     І Кіріспе

     Озон қабаты. Орналасуы мен қызметі

     ІІ  Негізгі бөлім

  1. Озон қабатының жұқаруының негізгі себептері
  2. Озон тесігі
  3. Халық денсаулығына тигізетін әсері
  4. Озон қабатын қорғау
 

    ІІІ Қорытынды 
     

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет
  2. Экология және табиғат қорғау
  3. www.Goggle.kz

Информация о работе Озонның орналасуы және оның қызметі