Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:07, реферат
Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады.
Озон қабаты дегеніміз не?
Озон қабатының орналасуы мен ондағы процесстер
Озон қабатының тарихы
Озон қабатының қызметі
Озон тесігі
Озон қабатын қорғау
Қорытынды
Жоспар:
Қорытынды
Біздің өмір сүріп
отырған Жер планетасындағы
Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын
зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде
атмосфераның озон қабаты қалпына түсе
бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон
қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде
тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар.
Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын
озон қабаты – құрамында хлор мен бромы
бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда
қолданатын сұйық газдардың әсерінен
жұқарады.
Озон қабатының қалыңдығын есептейтін
бірлік — Добсон бірлігі (ағылшынша: Dobson
Unite) DU. Ол былайша есептеледі: 100 DU = 1 мм,
яғни, 100 Добсон бірлігі молекулалық қабаттың
қалыңдығының 1 мм-ге тең екендігін көрсетеді.
Озон қабатының орналасуы мен ондағы процесстер. Озон қабаты — стратосфераның бір бөлігі. Ол — озоносфера қабаты, 15–50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озотқа айналдырады (3 O2 → 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейде озоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 → 3 O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады. Озон қабатын үнемі екі процесс арқылы толықтырып тұратын циклОзон-Оттегі циклі деп аталады. Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық рефкцияны1930 жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі деп аталады.
Озон қабатының
ең тығыз бөлігі 20-25 км биіктікте
орналасса, көлемі ең үлкен
бөлігі 40км биіктікте орналасады.
Егер бүкіл озон қорын жинап
алып жердегі қалыпты
Озон қабатының тарихы.
Осыдан 3,5 млрд. жыл бұрын Жер планетасының
атмосферасында оттегі (O2) мүлдем болмаған.
Жер бетінде жасыл өсімдіктер, балдырлар
және Цианобактериялардың (жасыл балдырлы
бактериялар) күн сәулесін пайдалана отырып
судан электрондарды алуы кезінде молекулалы
оттегі (O2) мен сутегі йондарын (H+) бөліп
отырған (Судың фотолизі). Фотосинтездің
кең тараған бұл түрін оттегінің түзілуіне
байланысты Оксигенді фотосинтез деп
атаймыз. Түзілген оттегі атомдары алғашында
судағы металл-йондарын, әсіресе, Fe2+ йонын
оксидтеді. Кейіннен барып оттегі аспанға
көтеріледі. Жоғарыда аталған процесстің
арқасында аспанның стратосфера қабатында
оттегі қабаты түзіліп, күннің ультра-күлгін
сәулелерінен бөлінетін энергияның қатысуымен
озон түзілді.
Тарихи деректер бойынша озон қабатын
ашқан Шарль Фабри (Charles Fabry) және Анри Буиссон
(Henri Buisson) атты екі француз ғалымдары болған.
Олар 1913 жылы ультра-күлгін сәуле арқылы
спектроскопиялық өлшеулер жүргізу арқылы
атмосфераның жоғарғы бөлігіндегі озон
қабатын ашқан.
1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек
күнін ''Халықаралық Озон қабатын қорғау
күні'' етіп бекітті.
Озон қабатының қызметі.
Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар,
аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге
зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті
газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне
зияны тиеді. Негізінде, озонның орташа
концентрация мөлшері 8 мл/м³ болады. Озон
қабатының басты қызметі — күн сәулесіндегі
зиянды ультра-күлгін сәулелерді жер бетіне
жібермей, өзінің бойына сіңіріп ұстап
қалу. Осылайша жер бетіндегі тіршілік
иелері күннің кері әсерлерінен қорғалады.
Озон тесігі.
Егер атмосферадағы озон қабатының белгілі
бір аймағындағы озонның дефициттік мөлшері
30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі
бар деп саналады. Антропогендік әрекеттер
озонды жоюға әкеліп соғады.
Адам баласының абайсыздығына байланысты
озон қабаты ұзақ уақыттан бері жұқарып
барады. Оның жұқаруының негізгі себептері
мыналар:
1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон
қабаты тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ
уақыт бойы бірқалыпты тұра береді.
2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар
да озон қабатына қауіп төндіреді. Керісінше,
12 шақырымнан төменде ұшатындары озон
қабатының қалыптасуына септігін тигізеді.
3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон
қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін
хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың
көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы
арқылы тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады.
Сондықтан хордың бір атомы көп озонды
құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада
50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон
бөлме температурасында көлемін көбейтетіндіктен,
аэрозоль ретінде пайдаланып келеді.
Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.
Озон қабатының
тесілуінен адам баласы ісік
ауруына шалдығады екен. Сонымен
қатар тері ісігі, көз
Озон қабаты жұқарып,
тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда
болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған
аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп
төнгендігін білдіреді. Озон қабатының
тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер
етеді. Мысалыға, егінді алқапта пайдаланатын
химиялық тыңайтқыштар, дыбыстан да жылдам
ұшақтар мен ғарышқа ұшырылатын зымырандардың
атмосфераға бөліп шығаратын улы газдары,
фреондар (түссіз, иіссіз газдар мен сұйықтықтар)
және ядролық жарылыстар озон қабатын
жұқартатын басты факторлар. Одан басқа
химиялық белсенді газдардың әсерінен
де озон қабаты зақымдалады. Оған мысал:
Азоттың әсерінен озонның ыдырау циклі
О3 + NO → NO2 + О2
Оттегінің әсерінен озонның
ыдырау циклі
О3 + O → 2О2
Сутегінің әсерінен озонның
ыдырау циклі
ОН + О3 → НО2 + О2
НО2 + О3 →ОН + 2О2
Хлордың әсерінен озонның ыдырау циклі
Cl + O3 → ClO + O2
Сондай-ақ, метан мен
этан газдарынан түзілетін
1985 жылы ағылшын
ғалымдары 1980 жылдан бері әр
жылдың көктемінде
Алайда озон қабаты
үшін ең қауіпті заттар - үй
тұрмысы мен өнеркәсіпте
Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы
мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі
ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын
сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет.
1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды
өндіру және пайдалануды бақылау жайында
70 мемлекет арасында келісім жасалды.
Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті
фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы
керек болатын.
Озон қабатын қорғау.
Озон қабатын қорғау шаралары алғаш рет
озон қабатындағы зиянды заттардың табылғандығы
жайлы мәлім болғаннан бері қолға алынып
келеді. Бірақ алғашқы кезде белсенді
түрде жұмстар жасалынбады. 1985 жылы озон
тесігі табылған кезден бастап озон қабатын
қорғау мәселесі әлемдік қауымдастықта
басымдыққа ие болды.
''Озон қабатын қорғау туралы'' Вена конвенциясы
1985 жылы 22 наурызда ''Озон қабатын қорғау
туралы'' Вена конвенциясы қабылданды.
Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер
жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін
озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау
жайлы келісімге келді. ''Озон қабатын
құртатын заттар жайындағы'' Монреаль
протоколы 1987 жылы 16 қыркүйекте ''Озон
қабатын құртатын заттар жайындағы'' Монреаль
протоколы қабылданды. Протоколға кейннен
жаңадан өзгерістер енгізіліп отырды.
Осы протоколдың арқасында 2050 жылға дейінгі
озонқабатын қорғау іс-шаралары пысықталды.
Монреаль протоколынан кейін өндірістік
технология саласында біраз өзгерістер
болып, 1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор-карбоны
органикалық қосылысының мөлшері 1 100 000
тонна болған болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш
небары 110 000 тоннаға жеткен. Қазіргі кезде
атмосфераның төменгі қабатындағы озонды
жоятын улы заттардың мөлшері азайып келеді.
Алдағы уақыттарды жоғарғы қабаттағы,
стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды.
Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын
болса, ғалымдардың болжауынша 2060 жылға
қарай озон қабатының күйі (қалыңдығы)
бастапқы қалпына келеді екен. Озонның ең
көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған.
Мұңда соңғы отыз жылда озонның мөлшері
қырық-елу пайызға кеміген. Озонның концентрациясы
кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті
озон тесіктері деп атайды. Тесіктің көлемі
жылына төрт пайызға артып отыр.Қазіргі
кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен
артық. Сонымен қатар,көшіп жүретін тесіктердің
пайда болуы жиілеп барады. Озон тесігінің
пайда болу себептері әлі де болса толық
анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың
сексенінші жылдары байқалған.Аз уақыттық
бақылау қандай да бір нақты қорытынды
жасауға мүнкіндік бермейді. Қазіргі кездегі
озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді
фактор фреондар болып табылады. Бұл хлорфтар
– көміртектер бөлме температурасында
қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда,әр
түрлі балландарда тасымалдаушы –газ
ретінде қолданылады. Қазіргі кездегі
фреондардың мөлшерін кеміту және болашаққа
өңдіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар
жүргізілуде. Көптеген мемлекеттер фреондардың
өндірісін елу пайыз кеміту және оларды
басқа пропилленттермен алмастыру туралы
міндеттеме қабылдады. Бірақ,жоғары дәрежеде
тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада
өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар
елдерде АҚШ, Ұлыбритания, Франция фреондар
гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофтардың
алмастырылуда. Озон қабаты интенсивті
түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі
қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың
артуы фреондардың құрамындағы хлордың
бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі
температураның жоғарылауы хлордың озонға
әсерін арттырады. Поляр маңы аймақтарындағы
озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын
осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер
хлордың метанды топпен аз мөлшеріе жабылуымен
түсіндіріледі. Соңғы жылдары ғалымдавр
озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне
байланысты емес деген пікірлерді жиі
айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың
ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи
процестерге байланысты,соның ішінде
күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен
, екені туралы жорамал айтады. Озон қабатының
бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға
оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор
ретінде ормандардың жойылуы аталады.
Сонымен қатар , Антарктиданың үстінде
озонның тарлуына әкелетін жоғары қарай
бағытталған жерлердің болуы туралы да
пікірлер айтылуда.
Атмосфераның төменгі қабаттарындаозон
күшті антитоксикант және бактериоцид
болып табылады. Ол жағымсыз иістерді,кейбір
канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті.
Бірақ, жоғары концентрацияда күшті у
болып табылады. Адамда ол тыныс алуды
қиындатады,көзді тітіркіндіреді,өсімдіктердің
ассимиляциялық аппаратын зақымдап,хлорофиллді
бұзады.
ХІХ ғасырдың сексенінші
жылдарында атмосфера қабатында озонның
кейбір жерлерде жұқаруы байқалады. Мәселен,1987-шы
жылы Антарктида тұсында байқалып озонның
мөлшері күрт азайып, ол жеті млн км2 аумақты
қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік
Америка тұсында байқалған. Осыған байланысты
БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның
жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде,
оның негізгі көзі – хлорфторкөміртектік
(фреондар) қосылыстар екені анықталды.
Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп,
фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор
тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон
молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде
озонның жұқару процессі басталып, костостан
келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің
еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік
атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәлеметі бойынша атмосферадағы озонның
бір пайызға азаюы ісік ауруларын көбейтіп
жіберетіні анықталған, адам баласының
иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп,
жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол
ашатыны дәлелденген. Осыған орай 1985 жылы
озон проблемасын шешу үшін халықаралық
Конфенция қабылданды. Оның мақсаты –
озон қабатың бүлдіретін заттарды шығаруды
тоқтату, осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің
біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қорытынды
Озон қабатының шығу
тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі
жағдайына қарап отырып, оның әр уақытта
әр түрлі болатындығын аңғаруға болады.
Және соңғы ғасырдағы техника мен технологияның,
ауыл шаруашылығы мен көлік қозғалыстарының
күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды
ғана емес, сонымен бірге көзге көріне
бермейтін табиғи апаттарды да тудырып
отыр. Солардың бірі жоғарыда толық тоқталып
өткен озон қабаты мен оның жұқарып, тесілу
процестері.
Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау
алған озон қабатын қорғау шараларының
нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң
нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық
дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау
саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе,
алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай
жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда.
Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар
осындай елдердің еншісінде екені анық.
Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер
планетасын апатты жағдайлардан құтқарар
күннің туары алыс емес секілді.