ҚоршаҒан ортаны ҚорҒауҒа

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 15:39, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің таяудағы жылдарға және ұзақ мерзімді кезеңге арналған қызметі елдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бай¬ланысты Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында көрсетілген тапсырмалар мен осы тұрғыда Үкімет¬тің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

ҚоршаҒан ортаны ҚорҒауҒа.doc

— 59.50 Кб (Скачать)

ҚоршаҒан  ортаны ҚорҒауҒа –  айрыҚша назар 

     Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің таяудағы жылдарға және ұзақ мерзімді кезеңге арналған қызметі елдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында көрсетілген тапсырмалар мен осы тұрғыда Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

     Еліміздің 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес министрлік Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын әзірлеп   шығарды. Онда экономиканы, заңнамаларды және қоғамды экологияландыру сияқты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі үш бағыты белгіленген. Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін республика Үкіметі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, ол тиянақты түрде әрі уақытында жүзеге асты.

     Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, “Еуропа үшін қоршаған орта”, “Азия үшін қоршаған орта және орнықты даму”, Бүкіләлемдік кәсіпкерлер кеңесінің орнықты даму үшін еуразиялық өңірлік желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады. Осы орайда бірқатар стратегиялық құжаттар қабылданып, сонымен бірге Қазақстан Үкіметінің 2004 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасының орнықты дамуы жөніндегі кеңес құрылды. Үкімет басшысы төрағалық ететін Кеңестің құрамында депутаттар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен әкімдер бар.

Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу төмендегідей сатылардан тұрады.

     Бірінші, дайындық сатысы (2007-2009 жылдар) – қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына, экономиканы әртараптандыруға, технологиялық серпінділікті жүзеге асыруға тұрақты даму принциптерін енгізу үшін жағдайлар жасауға дайындық. Екінші, бірінші саты (2010-2012 жылдар)–Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елінің қатарына енуін қамтамасыз ету. Үшінші, екінші саты (2013-2018) – әлемдік дамудың көшбасшылары арасындағы халықтың тұрмыс деңгейі бойынша елдің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланудан болатын шығындарды елеулі түрде азайту және елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Соңғысы, үшінші саты (2019-2024 жылдар) – орнықты дамудың қабылданған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу.

     Аталған Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында Үкімет 2007 жылдың 2 наурызындағы қаулысымен “Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдардағы орнықты дамуын қамтамасыз ету” бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның басты мақсаты бассейннің орнықты дамуын қамтамасыз ету және экожүйелік басқаруды қалыптастыру, сонымен бірге инвестициялар тартып, экологиялық таза технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар туғызу негізінде өңірдегі тұрғындар үшін өмір сүру ортасын сақтау.

Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында Экологиялық кодекстің  қабылдануы қоршаған ортаны қорғау саласындағы  заңдарды жетілдіруде қол жеткізілген  ең басты жетістік болып табылады. Кодекс жобасын әзірлеу барысында  түрлі халықаралық ұйымдардың жиырмаға жуық кеңес берушілік және жетекшілік құжаттары, 14 халықаралық конвенция, Еуроодақтың 30-ға тарта қарарлары мен өзге де мемлекеттердің заңнамалары, ТМД-ның модельдік кодексі, қазақстандық заңнамалардың 200-ден астам нормативтік-құқықтық актілері пайдаланылды.

     Министрлік 19 жоғары оқу орнымен өзара сенім мен қызметтестік туралы меморандумдарға қол қойды. Мұндай жұмыстар экологиялық білім беруді одан әрі дамыту мен экологиялық біліктілікті арттыру жөнінде нақты шаралар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасындағы байланыстарды неғұрлым сапалы деңгейге көтеру мақсатында министрлік үкіметтік емес экологиялық ұйымдармен белсенді қарым-қатынастар жасап тұрады. Қазіргі таңда жұмыстары белсенді саналатын 15 үкіметтік емес ұйыммен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара ықпалдастық пен қызметтестік туралы қарарға қол қойылды.

Қоршаған  ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ұсыныстар мен кеңестер қалыптастыру үшін қоғамдық экологиялық кеңес жұмыс істейді. Оның қатарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, депутаттар, ғалымдар мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық қызметтерінің басшылары бар.

Министрлік  Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың Экологиялық мониторинг орталығын құрды. Оның құрамында Арал бойы экологиясының, Балқаш және Каспий бойлары мониторингтерінің өңірлік орталықтары ұйымдастырылған.

  Табиғат қорғауға инвестициялар тарту Қазақстан Республикасының, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының басым бағыттары ретінде белгіленген. Ол экологиялық төлемдердің түсу көлеміне қарамастан, мемлекеттік, салалық және өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде қаржыландырылуы тиіс.

     Министрдің бұйрығымен қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдер ставкасы белгіленіп, бекітілді. Осылайша, төлемнің базалық ставкасы мен өспелі коэффициенттерді белгілеу арқылы табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды төмендетуге ынталандыруды қамтамасыз етуге болады.

     2006 жылдың мамырынан бастап орталық аппарат пен бөлімшелердің жұмысына күнбе күнгі бірегей желілік кесте енгізілді. Жұмысты бірегей желілік кесте, жаһандық, ұлттық және ошақтық экологиялық проблемалардың реестрін жасау негізінде жоспарлау табиғат қорғау қызметінің тиімділігі мен жүйелілігін айтарлықтай арттырды.

     Халыққа экологиялық проблемалар, оларды шешу жолдары мен министрліктің қызметі туралы хабарлап отыру мақсатында арнайы веб-сайт ашылды. 2005 жылдан бері жылма-жыл “Экологиялық таза қала” байқауы өткізіліп келеді. Оның мақсаты жергілікті билік органдары мен тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуге, саламатты өмір салтын насихаттауға, тұрғын кварталдар мен оларға жақын жатқан аумақтарды тәртіп пен тазалықта ұстауға ынталандыру болып табылады.

     Сонымен бірге “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны шығаратын “Гидрометеорология и экология” тоқсандық журналы мен “Атамекен”, “Экологический курьер” тәрізді басылымдардың да осы мақсаттарды көздейтінін, яғни қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы халыққа ақпараттар жеткізіп тұратынын да атап айтқан орынды.  

ЗаҢсыз  ҚҰрылыстар кӨбеймесе, азаяр емес 
 

     Жалпы еліміз бойынша ерекше қорғалатын аймақтар көлемінің 8,5 пайызы Павлодар облысының үлесіне тиеді екен. Ал облыста 756,8 мың гектар жерді алып жатқан ерекше қорғауға алынған 5 табиғи аймақ бар. Солардың бірі 2001 жылы түрлі өсімдіктер мен жануарларға бай, қойнауы қалың тоғай, әсем жағалауы ерекше қорғалатын аймақ мәртебесін алған – Ертіс өзені. Ерекше қорғалатын бұл аймақ 331 мың гектарды құрайды. Соңғы жылдары Ертіс өзенінің тазалығын сақтау, өзен суын адамдар қолымен жасалып жатқан зиянкестіктерден қорғау мәселесі көпшілікті, табиғат қорғау орындарын, осы іске белсене араласып жүрген Жанайдар Рамазанов басқаратын “Ұлы Ертіс” қауымдастығын қатты алаңдатып отыр. Сондықтан павлодарлықтар үшін біз әңгімелегелі отырған заңсыз құрылыстар жайы тіпті де жаңалық емес. Өзен жағалауында суға тұмсықтарын сұға орналасқан зәулім коттедждер қатарын жұртшылық онсыз да күнде көріп, біліп жүр. Ол ол ма, тіпті, сол әсем коттедждерде бірді-екілі мәслихат депутаттары бірқатар әкімдер мен шенеуніктер тұратынынан да хабардар. Өзен порты жағындағы бір ғана жағалау бойымен жүріп өткенде біз 400-ге жуық коттедж бар екенін білдік. Негізінде, заң басқа, заман басқа уақытта Ертіс жағасында өздері салған жатаған үйлерде бұрыннан бері қарапайым тұрғындар тұрып келді. Жұртшылық та оларға, өзен жағалауынан коттедж соғып алған байларға қарағандай, күмәнді көзқарас білдірмейді. Мәселенің мәнісі де осында болып тұр.

     Елімізде  қабылданған Су кодексінің баптарында “су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға, пайдалануға беруге тыйым салынады”, делінген. Яғни, осы шараларға сәйкес, жаңа құрылыс салушылар ерекше қорғалатын аймақты бей-берекет пайдаланбауы үшін жергілікті атқарушы орындар қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, жер ресурстары басқармасымен бірлесіп су қорғау аймақтары мен белдеулерінен аспау жөнінде заңды түрде жоба жасап береді. Ал біздегі мәліметтер бойынша, облыс орталығында соңғы бір-екі жылда Ертіс өзенінен небәрі 100 метр жерде су қорғау орындары мен белдеулерінің шарттарына құлақ аспай кафелері бар, үйлері бар, үлкенді-кішілі 217 жаңа нысан салыныпты. Луговой көшесінің бойындағы байлар мен кейбір шенеуніктердің бірі заңды, бірі заңсыз салып алған коттедждері де көз жауын алып самсап тұр. Қалалық әкімдік тарапынан су қорғау орындары мен белдеулеріне құрылыс салуға болмайды деп уақытында жоба жасап, бекітпеген соң, қазір бұл құрылыстарды заңсыз деп ілік таға алмайсың. Кезінде Ертіс су бассейні шаруашылығы басқармасы қала әкімі Б.Демеуовке, қалалық мәслихаттың депутаты А.Бахралиновке, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы А.Бедненкоға су қорғау орны мен белдеулерінің жобасын анықтап, белгілеу және оны бекіту жөнінде арнайы хаттар жіберген көрінеді. Биылғы жылдың басында ғана облыс әкімі Қ.Нұрпейісов Ертіс өзені ағып өтетін облыс көлеміндегі су қорғау орындары мен белдеулерін сақтап қалу шараларына облыстық бюджеттен 13 миллион теңге қаржы бөлдірді. Сөйтіп, көптен күткен бұл жобаны жасау үшін тендер өтіп, оны Тараздан келген біреулер ұтып алып, ақыры, ақша да, жоба да жүзеге аспай қалады. Қазір бұл істі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті қайта қолға алып, қалған 8 миллионды шашаусыз игеріп, су қорғау орындары мен белдеулерін енді ғана бір ретке келтірмек болып отырған сияқты. Өзен жағалауында құрылыстардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай бой көтеруінің себебі де осы еді.

     Табиғат қорғау прокуратурасының шешімдерін құлаққа ілмейтіндер өздерінің Астана мен Алматы жақта отырған “көкелеріне” сенетін көрінеді. Қазірдің өзінде ерекше қорғалатын аймақ болып саналатын Ертіс жағалауын әлгі “көкелер” көңіл көтерер ермекке айналдыра бастады. Соның бірі — облыс орталығында жақында пайдалануға берілген, өзен жағалауында орналасқан “Корпорация Манақбай” ЖШС-ге қарасты 0,5216 га жерді алып жатқан “Ақ отау” неке сарайы, ойын-сауық мейрамханасы. Табиғат қорғау орындары бұл ойын-сауық отауы құрылысының еліміздің Су кодексінің талаптарына мүлде сай келмейтінін айтады. Ерекше қорғалатын аймақ мәртебесін белден басқан бұл сияқты заңсыз ғимараттар тізімін жалғастыра беруге болады. Талай жылдардан бері қазақтың ұлттық тағамдарын сатып өзен жағасының “сәнін” келтірген бұл үйден енді “Ауыл” атты әсем құрылыс бой көтеріп, жеке шығыпты. Біріне-бірі іркес-тіркес салынған “Керуен сарай” атты кафелер жиынтығы қаланың кіреберісінде жолаушыларды қарсы алады. Одан әрі Ертіс өзенінің жағасында “ҚазТрансОйл” АҚ филиалының ғимараты мен 16 қабатты екі тұрғын үй бой көтерген. Жаман айтпай жақсы жоқ, жағалау жақын, сары маса толы жерден балаларға сыртқы пошымы мектепке ұқсай қоймайтын құрылыс салып бердік. Енді оның дәл қасынан 360 орындық балабақша құрылысы аяқталуға жақын.

     – Ертіс өзенінің тазалығын сақтау, ерекше қорғалатын аймақ ретінде табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік мәселе екенін құрылыс салғандар түсінулері керек еді. Біздің облыста да ерекше қорғалатын аймақтарда заңсыздықтардың белең алғаны өте өкінішті, – дейді “Ұлы Ертіс” қауымдастығы бірлестігінің төрағасы Ж.Рамазанов. Оның айтуынша, ерекше қорғалатын өзге 4 аймақта да осындай келеңсіздіктер орын алған. Бір ғана “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи мекемесіне қарасты Шалдай орман шаруашылығында “Космические зори”, “Орман ертегісі” сауықтыру орталығы және туберкулезбен ауыратын балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан. Ал облыстық табиғатты қорғау прокуроры Берік  Ахметжановтың айтуынша, мемлекеттік табиғи орман резерватының аумағы туристік тұрғыда аралап қайту болмаса, сауықтыру-емдеу мақсаттарына арналмаған. Сол үшін де Шалдайда салынған турбекулезбен ауыратын балаларған арналған мектеп-интернат Жер кодексі мен “Ерекше қорғалатын аймақтар туралы”, “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңдардың талаптарына сай емес. Бұл іске облыстың экология жөніндегі сарапшылары да келісім бермепті. Баянауылдың дәл ортасынан туберкулезден емдейтін аурухана салынғанда жұрт, Сабындыкөлдің жағасына барып демалуға қорқып, суына түспей қойған. Сұлу табиғатты Баянауылдың да жағдайы оңып тұрғаны шамалы.

.

Информация о работе ҚоршаҒан ортаны ҚорҒауҒа