Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:44, реферат
"Қоршаған ортаның ластануы" ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, тән емес физикалық" химиялық және биологиялық агентгерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа кен жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1)қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлерің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
"Қоршаған ортаның ластануы" ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, тән емес физикалық" химиялық және биологиялық агентгерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа кен жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1)қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлерің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2)қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы, химиялық заттар).
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылатындығын түсіну қажет. Бұдан, табиғи орта бір заттардың тым көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәніңде экологиялық факторлар болып табылады. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы мен бүтін биогеоценоздың өнімділігі де кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың кұрамында бар кез келген зат ластаушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер (ингредиенттер) деп атайды.Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылауы, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді де (қоғамның іс - әрекеттілігінің нәтижесі) бола алады.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы) шыққан тегі бойынша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
- адамдардың қатысынсыз
табиғи құбылыстардың
Пайда болған осындай улы зиянды заттардың түзілуімен қатар өндірісте газ, сұйық және қатты күйде орын алатын қалдықтардың шығу тегі, жіктелуі және оларды жою немесе қайыра пайдаланып, үстеме өнім алу аса зәру мәселе болып табылады. Өнім алуға болмайтын жағдайда зиянды қалдықтармен өндіріс уларынан қорғану жолдарын анықтай отырып, сақтану тәсілдерін ұсыну дайындалып отырған еңбектің негізгі ұстанымы болып табылады.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:
1)Биологиялық ластану - экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі, Микроорганизмдермен сондай-ақ бактерологиялық немесе микробиологиялық ластану ден те атайды;
2)Физикалық, (радиациялық, жылулық, электромагнитті, шулы және т.б.);
3)химиялық - (биосфераның химиялық заттармен ластануы)
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айтады. Біріншілік ластануға - биосферадағы және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластануға - қоршаған ортадағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамдарға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала.үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог). Кеңістік тұрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі. Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жер беті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
-шығу тегі бойынша:
-табиғи және жасанды (антропогенді);
- пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
Топырақтың ластануы- Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км?. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.
Мұхиттардың ластануы- Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Астероідеа) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Адам экологиясы-қаладағы адам экологиясы- Қаладағы адам экологиясы— қалада тұратын адамдардың калалық ортамен әрекеттестігінің ерекшеліктерін және нақты бір қаладағы тұргындардың әр түрлі топтарының өмір сүру жағдайларының онтайлылық дәрежесін қарастыратын адам экологиясының бөлімі. Қала адамның тіршілік қарекетінің көптеген жақтарын күрделі түрде қалыптастырады. Қаланың экологиялық жайлылық дәрежесін бағалау кезінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайы (отбасы қаржысы, үйінің болуы, денсаулығы, әлеуметтік қамтамасыз етілуі және т.б.); экологиялық қауіпсіздік дәрежесі және құқықтық қорғалуы, жұмысына қанағаттануы (жұмыстағы қарым-катынас. жұмыс орнына жаяу немесе көлікпен баруы және т.б.); дем алуға және қуат-күшін қалпына келтіруге жағдайының болуы және т.б. жақтары есепке алынады. Қала оның тұрғындарының барлығы үшін макроорта болып табылады. Алайда, әрбір қала тұрғыны үшін қала макроортасының барлығы тұтастай емес, ластану сипаты, адамға жүйке-психикалық жүктеменің түсуі және т.б. сипаттамалары бойынша ерекшеленетін жалпы қалалық кеңістікте қалыптасқан әр түрлі макроорта бар. Өзінің жеке тіршілік қарекеті циклын (тәуліктік, апталық, жылдық және т.б.) жүзеге асыру процесінде адам бұл микроорталардың (үй — жұмыс — дүкен —дем алу орны) бірінен-біріне жүйелі түрде ауысып отырады, бірақ бүл микро- орталар жиыны біршама тұрақты болады. Осылайша адамның өмірі жалпы қалада емес, қаланың бірнеше нақты микроау данында өтеді.
Озон қабатының жұқаруы-Озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.
Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.
Қышқыл жаңбырлар- Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады.
Адам организміндегі
алғашқы жағымсыз реакциялар ауа
құрамындағы сульфаттардың
Шөлейттену-Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.
Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі - табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Халың санынық өсуі-Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (ХЫХ ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (ЫПЦЦ) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты.
Жоспар
1.Қоршаған ортаның ластануы
2. Ластаушылардың табиғаты
3.Топырақ ластануының төтенше қаупі.
4.Озон қабатының жұқаруы.
5..Қала және ауыл тұрғындарының экологиясы.
6.Мұхиттардың ластануы.
7.Шөлейттену.
8.Қышқыл жауындар.
9.Халық санының өсуі.
Қорытынды
Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар Улы заттармен ластану және Радиоактивті заттармен ластану болып бөлінеді. Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарында химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмаған жерлерге тал болады. Олардың көпшілігі химиялы белсенді, әрі тірі ағза ұлпасының кұрамына кіретін молекулалармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті. Сондықтан пайда болған осындай улы зиянды заттардың түзілуімен қатар өндірісте газ, сұйық және қатты күйде орын алатын қалдықтардың шығу тегі, жіктелуі және оларды жою немесе қайыра пайдаланып, үстеме өнім алу аса зәру мәселе болып табылады. Өнім алуға болмайтын жағдайда зиянды қалдықтармен өндіріс уларынан қорғану жолдарын анықтай отырып, сақтану тәсілдерін ұсыну дайындалып отырған еңбектің негізгі ұстанымы болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер