Ауа бассейнінің
жағдайы
Батыс Қазақстан облысының
Орал және Ақсай қалалары бойынша
ірі өнеркәсіп орталықтарындағы
ауа бассейнінің есепті кезеңімен
салсырғандағы жағдайы тұрақты
көрсеткіштермен сипатталынады.
Батыс Қазақстан облысының,
Орал және Ақсай қалаларының ірі
өнеркәсіптік орталықтарының ауа қабатының
жағдайы есеп беру кезеңінде бірқалыпты
көрсеткішпен бағаланады.
Жүргізілген мониторингтің
нәтижесі бойынша ағымдағы жылда
Орал қаласында атмосфералық ауаның
жағдайы, өткен жылмен салыстырғанда
кішкене жақсарды. Жедел мәліметтер
бойынша күкірт диоксиді бойнша 1,04
есе (0,44 ШРК) және шаң 1,15 есе (1,3 ШРК ор.
тәул.) концентрациясының төмендеуі
байқалды. Күкіртсутегінің концентрациясы
өткен жылмен бір қалыпта қалған
0,001 мг/м3 (0,125 ШРК). Аздап, азот диоксиді
концентрациясының 1,3 есе өскені (0,58 ШРК)
және көміртегі оксидінің 1,05 есе өскені(0,65
ШРК) байқалады.
Есеп беру кезеңінде анықталған
ингредиенттер бойынша ШРК артықтық
анықталған жоқ.
Орал қаласының атмосфералық
ауасының ластануын байқау мәліметтері
бойынша орташа республика бойынша
аитарлықтай төмен. Атмосфераның ластану
индексі (АЛИ5) 2,9 құрайды.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында
Ақсай қаласының атмосфералық ауасының
жағдайында өткен жылмен салыстырғанда
айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.
Аздап-қана көміртегі оксиді бойынша
концентрацияның 1,14 есе төмендегені
(0,31 ШРК), ал күкірт диоксиді бойынша
концентрацияның 1,16 есе өскені байқалады
(0,44 ШРК). Күкіртсутегі және азот диоксидінің
концентрациясы өткен жылғы денгейде
қалып, 0,002 мг/м3 (0,25 ШРК) және 0,03 мг/м3 (0,04
ШРК) құрайды.
Ақсай қаласының атмосфералық
ауасында кукіртсутегі концентрациясының
көптігі маусым айында байқалғанын
атап айтқан жөн. Ол 0,003-0,004 мг/м3 құрап,
сәйкесінше 0,38-0,5 ШРК құрайды, ал азот диоксиді
бойынша концентрациясының көптігі солай
маусым айында болып, 0,035-0,04 мг/м3 құрап,
сәйкесінше 0,88-1,0 ШРК құрады.
Есеп беру кезеңінде анықталған
ингредиенттер бойынша ШРК артықтық
анықталған жоқ.
Батыс Қазақстан облысының
ауа қабатын ластайтын негізгі
көздер болып табылатын мұнай-газ
кешені кәсіпорындары, жылу беретін
қазандар, автокөліктер және элеваторлар.
Олар атмосфераға азот қышқылдарын,
көміртегін, күкірт ангидридін, күкіртсутегін,
ұшқыш органикалық қосындылар және
органикалық емес шаңдарды шығарады.
Су объектілерінің
жағдайы.
Облыстың негізгі су көздеріне
Жайық өзені мен оның салалары
Шаған және Деркөл өзендері жатады.
2009 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша, былтырғы
жылмен салыстырғанда жер үсті суларының
сапалық құрамы аз мөлшерде өзгерді.
Талдауға қарағанда биылғы
жылдың есепті кезеңінде өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанада БПК5,
тұзды аммоний, фенол мен хром сияқты көрсеткіштер
бойынша қткен жылға қарағанда су ластау.
Шаған мен Деркөл өзендерінде де осындай
жағдай байқалды.
Облыстың шағын өзендері
суларының құрамында хлоридтер,
сульфаттар, магний тәрізді тұздардың
жоғарлауымен сипатталады.
Өткен жылмен салыстырғанда
шағын өзендердегі ластаушы заттардың
концентрациясы мен СЛИ көрсеткіштері
жоғарылау, бұл қысқы-көктемгі кездердегі
табиғи-климаттық жағдайлармен байланысты.
Ластану деңгейі біршама
жоғары болып келген өзендердің қатарына:
Өленті, Березка, Ащы, Шолақ-Анқаты, Шедірті,
К. және Ү. Өзен және Рыбный Сакрыл көлі
жатады.
Органикалық және фенолдық ластанудың
жоғарлауы, ал мұнай өнімдері бойынша
өткен жылмен салыстырғанда төмендеуі
байқалды.
2.Қоршаған ортаның
мемлекеттік бақылауы және табиғат қорғау
заңнамаларының орындалуы.
2009 жылдың 8 айы бойынша
экологиялық инспекция бөлімімен
293 табиғат пайдаланушыларға тексеріс
өткізді. Тексеріс барысында экологиялық
нормалар мен ережелердің бұзылуы бойынша
239 факт анықталды.
Тексерістің нәтижесінде
сомасы 4 129 034,4 мың.тенгенің 152 әкімшілік
айыппұлы салынды.
Есеп кезеңіндегі салынған 152 айыппұлдың
заңды тұлғаға 79 әкімшілік айыппұл, лауазымды
тұлғаларға 48 айыппұл, жеке тұлғаларға
21 айыппұл, жеке кәсіпкерлерге 4 айыппұл
салынған.
Жалпы айыппұл сомасының
заңды тұлғаларға салынғаны 4 128 128,0 мың
тенге, ал лауазымды тұлғаларға 756,1 мың.тенге,
жеке тұлғаларға 101,9 мың.тенге, жеке кәсіпкерлерге
48,4 мың.тенге.
140 әкімшілік айыппұл, жалпы
сомасы 4 128 018,2 мың тенге салынған.
Қоршаған ортаға келтірген
залалына байланысты жалпы сомасы 7 967,5
мың тенгені құрайтын 66 қуыным талабын
қойды. 2009 жылдың 8 айы бойынша жалпы сомасы
7 465,0 мың тенге көлемінде 65 талап қойылды.
3. Экологиялық талаптар
мен нормалардың сақталуын насихаттау
бойынша өткізілген кездесулер, БАҚ шығу
туралы мәліметтер.
Облыстың экологиялық
мәселелеріне жұртшылықтың назарын
аудару және қоршаған ортаны туралы экологиялық
ақпаратты тарату бойынша Жайық-каспий
экология департаментінің Батыс
Қазақстан облыстық филиалы мамандары
үнемі облыстық, қалалық және аудандық
басылымдарда мақалалары жарияланып,
«Ақ қайнар», «Маман кеңесі», «Это актуально»
радиобағдарламалар, облыстық телеарналардағы
тікелей эфирде «Ел алдында», «Время
вашего вопроса» телебағдарламаларына
қатысып тұрады.
Филиал тоқсан сайын экологиялық
жаршы «Жайық табиғаты».
Басылымдарда 29 мақала жарияланса,
телевидение, радиодан берілген сұхбаттар
саны 25, экологиялық тақырыпта 24 дәрістер
оқылды.
Есеп кезеңінде табиғат қорғау
прокуратурасының, арнаулы-уәкілетті
органдар,коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының
жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар және
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
қатысуымен «Орал қаласы полигонының
қазіргі жағдайы және коммуналдық, улы
қалдықтарды орналастыру инфрақұрылым
объектілерін талдау» атты жұмыс кеңесі
өткізілді.
Наурыз айында филиал мамандары
облыстық табиғат және экология мұражайында
өткізілген «Батыс Қазақстан облысының
экологиялық мәселелері» атты ғылыми-практикалық
конференцияға қатысты.
Қазақстандық инженерлік-технологиялық
университетінің студенттері дүниежүзілік
«Жер сағаты» экологиялық акциясына
қатысты. Акция барысында студенттер
баяндама жасап, экологиялық мәселелер
мен олардың шешу жолдарын талқыға салды.
Бұл акцияның мақсаты қоршағана ортаның
қалыптылығын сақтап қалуға және парниктік
газдардан шығатын шығарындыларды азайтуға
бағытталған шаралар арқылы өз үлестерін
қосу болып табылады.
Облыстық экологиялық-биологиялық
орталығында «Қазақстан болашағы балалар
көзімен» атты облыстық конференция өткізілді.
Конференцияға облыс және қала мектептерінің
оқушылары қатысты. Конференция барысында
«Экоүй», «Космосқа жаңа қадамдар», «Қуаттың
дәстүрлді емес көздері», «Қалдықтарды
пайдаға» т.б. секциялар жұмыс жасады.
ЕҚЫҰ мен «Таң» ҮЕҰ (Атырау
қ-сы) ұйымдастыруымен өткізілген «Тәжірибелік
оқытуды пайдалану арқылы ынтымақтастық
пен сенім қалыптастыру» атт 3-күндік
семинарға филиал басшылығы мен
мамандары қатысты. Бұл семинардың
мақсаты коммерциялық емес ұйымдар
мүшелері мен аймақтық билік өкілдері
арасында шешім қабылдау кезінде
ынтымақтастық пен сенім орнату
болып табылады.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны
қорғау күнін атап өту шеңберінде
төмендегідей шаралар аталып өтті:
Дүниежүзілік қоршаған ортаны
қорғау күнін атап өту қарсаңында
өткізілген шаралар:
-3-6 маусым аралығында «Нұр
Отан» ХДП БҚФ бірігіп Жайық
өзенінің су қорғау аймағын
тазалау акциясы өткізілді. Бұл
шараны ұйымдастырушы «Жас эколог»
ЖҚҰ. Акцияға «Нұр Отан» ХДП
БҚФ, Зашаған кенттік округі
әкімдігі өкілдері, Ж.Домухамедов
атындағы педагогикалық колледж
студенттері, №1, 27, 33 мектеп оқушылары
және ЖКЭД БҚОФ мамандары қатысты.
- облыстық табиғат және
экология мұражайында жаңадан
Алматы қаласынана әкелінген
экспонаттардың тұсаукесері және
С.Ғұмаров атындағы көркемсурет
мектебі оқушыларының экологиялық
суреттер көрмесі ұйымдастырылды;
- Жайық-Каспий экология
департаментінің Батыс Қазақстан
облыстық филиалы қалдықтарды
жинау, сақтау, қайта өңдеу және
залалсыздандыру мәселелерін жүйелі
шешу бойынша ұсыныстар қабылдау мақсатында
«Батыс Қазақстан облысында қалдықтарды
орналастыру мәселелері» атты дөңгелек
үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел
отырысына жергілікті атқарушы жетекшілері
және билік өкілдері, қалдықтар мәселесімен
айналысатын мамандар, ғалымдардың қатысуымен
өтті.
- 6 маусым күні қалалық мәдениет
және демалыс саябағында облыстық экологиялық-биологиялық
орталық БҚО табиғат ресурстары және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы және ЖКЭД
БҚОФ бірлесіп «Гүлдер әлемі» облыстық
фестивалі өткізілді. Бұл фестивальдың
мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты және
экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу,
эстетикалық және экологиялық тәрбиені
насихаттау.
4. Қоршаған ортаны
ластануына берілген рұқсаттың
есебі, Мемлекеттік экологиялық
сараптаманың қорытындысы (МЭС),
қоршаған ортаға эмиссияға төлемдердің
түсуі:
2009 жылдың 8 айы бойынша
Жайық-Каспий экология департаментінің облыстық
филиалында 1 санат бойынша 7 тапсырыс
қабылданды, соның 4 қаралу үстінде, 1 тапсырыс
қоршаған ортаға эмиссияға қажетті құжаттардың
жетіспеуінен кейінге қалдырылды, 2 рұқсат
рәсімделді.
Қабылданған 25 тапсырыс материалдары
қаралды, оның 22-сі бойынша рұқсат рәсімделіп,
3 тапсырыс өңдеу үшін кері қайтарылды.
Жылдың басынан бері 105
жобалық және жоба алды құжаттамалары
қаралды, соның 60 бойынша МЭС қорытындысы
берілді, 45-іне ұсыныстар мен ескертулер
берілді. 2009 жылдың 1 қыркүйегі бойынша
қоршаған ортаға эмиссия үшін облыстық
бюджетке барлығы 11 757 562,0 мың теңге түскен,
ол жоспардың 10 732 706 мың тенгесі немесе
109,5 %. Төлемақылардың көп мөлшері Бөрлі
ауданының табиғат пайдаланушыларынан
түскен - 11304794,8 мың тенге, Жаңақала аудпанынан
- 39450,1мың тенге, Зеленов ауданынан- 178724,8
мың тенге және Орал қаласынан - 128124,8 мың
тенге. |