Обьектілер жұмысының тұрақтылғына әсер ететін факторлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:21, доклад

Описание работы

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады

Работа содержит 1 файл

Обьектілер жұмысының тұрақтылғына әсер ететін факторлар..docx

— 20.64 Кб (Скачать)

Обьектілер  жұмысының тұрақтылғына әсер ететін факторлар. 

       Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

Химиялық  қауіпті обьектідегі  апаттар

     Химиялық  өндіріс халық шаруашылығында кеңінен  пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу  және тасмалдау шарттарына, бақылау  құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі  мен дайындығына және апатқа қарсы  құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың  тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне  тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне  әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:

  1. Өте қауіпті.
  2. Жоғары қауіпті.
  3. Орта қауіпті.
  4. Қауіптілігі аз.
 
 
 
 
 

    Химиялық  қауіпті обьектілердегі апатты топтау

Химиялық  саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:

  • жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
  • апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.

    Химиялық  апаттардың топталуы.

  1. Жеке.
  2. Обьектілі.
  3. Жергілікті.
  4. Регионалды.
  5. Глобальды.

    

    Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.

    Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.

Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.

    Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.

    Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат.

   Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.

   Оларды  жеткізу құралдары –  снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы  химиялық қаруды қолдануға тыйым  салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда  қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт  – сары газ құрамында диокайн  бар, бұл – газ өсімдіктерді  жою үшін,яғни дефолиант түрінде  ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін  адам ағзасыда үлкен  өзгерістер  туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы  соғысқа қатысқан АҚШ – тың  200 мың солдатының 14%балалары неше  түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе  , ал Вьетнамның жергілікті халқында  шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі,  қартаю байқалады. 
 
 

        Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

       

Химиялық  қауіпті объектілердегі апаттар    Радиациялық қауіпті  объектілердегі апаттар   Өрт және жарылыс  қауіпі бар объектілердегі  апаттар  апаттар    Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)   Гидродинамикалық  қауіпті объектілердегі апаттар   Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Радиакциялық  қауіпті обьектілердегі апаттар

      Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы.

     Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын  өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды  көму және өндеу орындары, ядролық  реакторы бар ғылыми және жобалау  институттары, ядролық энергетикалық  қондырғылары бар көліктер жатады.

Жедел сәуле көздері

Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне  жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы  жедел сәуле көздеріне жататындар:

  • медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;
  • ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;
  • ядролық қаруды сынақтан өткізу.

Информация о работе Обьектілер жұмысының тұрақтылғына әсер ететін факторлар