Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:05, реферат

Описание работы

- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.

Работа содержит 1 файл

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы.docx

— 32.09 Кб (Скачать)

Көлде теңге балық көп. Ұсақ теңге балықтардың  арасында ұзындығы 17 см және салмағы 70 грамға дейін ірілері де кездеседі. Маусым- тамыз айларында таяз суларда, жақсы жылынатын шығанақтарда уылдырық шашады.

Қорықтың  сүт қоректілер фаунасы  сан алуан, құрамына 55 түр кіреді.

Жәндік  қоректілердің ішінен шалғындар  мен орман алаңқайларын мекендейтін  алтай көртышқаны, өзендер мен  көлдерде өмір сүретін кәдімгі су жертесері және 6 түрлі түнде жүретін кішкене аңдар- жертесерлер кездеседі.

Жарғанаттар (қолқанаттылар) қорықта өте сирек. Кәдімгі құлақты жарқанат, ымырт жарқанаты, Бранд жарғанаты бірен-саран және қазаншұңқырдың кей жерлерінде ғана кездеседі. Тек су жарқанаттарын ғана көл жағалауларынан ымырт кезінде жиі көруге болады.

Ақ қоян қорық ормандары мен талды  өзен жайылмаларын мекендейді. Қорегін  жағалаудағы және жайылма сулардағы  қалың талдардан табады. Кейінгі кезде ақ қояндар санының 15 жылдық интервалмен тоқырауы байқалады.

Биіктаулы аудандардың шойтасты сусымаларында  шақылдақ тышқандар мекендейді. Олар тақтатастар мен қойтастардың саңылауларында өздеріне қысқа әртүрлі альпі  шөптерінен кішкентай шөп шөмелелерін дайындайды.

Қорықта кеміргіштердің 20 түрі мекендейді. Қылқанжапырақты ормандарда түн аңы- ұшар тиыны кездеседі. Барлық ормандарды мекендейтін кәдімгі белка мұнда алтай түршесі ретінде танылған және өзіне тән жаздық қара түсі бар.

Шұбар тышқан- кәдімгі қарапайым түр  және негізінен қылқанжапырақты  ағаштарды мекендейді.

Сұр суыр Күршім жотасының альпілік және субальпілік аймақтарын мекендейді.

Орташа  таулы аймақтарда тиын тобының тағы бір өкілі ұзын құйрық суыр мекендейді.

Алтай сұр тышқаны- Оңтүстік Алтайлық жергілікті түр- қазіргі кезде бұл жұмбақ аңның биологиясы жан- жақты зерттеліп жатыр.

Атжалман  тұқымдастардан қызыл тоқалтіс, қара тоқалтіс, кәдімгі тоқалтіс, су тоқалтісі, су тышқаны көп. Олар әртүрлі ормандарда, шалғындарда және бұлақтар мен өзен жайылмаларында мекендейді. Биіктаулық жалпақбас және үлкенқұлақ тоқалтістер жартастар мен тас шашылымдарынан бастап жалаң далаларға дейін мекендейді. Тоқалтістердің, сондай- ақ дала, орман, шығысазиялық тышқандардың санының көбеюіне тауды ауданның климаты, сондай- ақ жыртқыштардың, әсіресе сусар тұқымдастардың қысым көрсетуі кедергі жасайды.

Қорық үшін қалыпты кеміргіштердің ішінен алтай бұраубасын (моманай) атауға болады, олардың індерінің шығар аузына шығарылып тастаған топырақ үйінділерін  жағалаудың шалғынды аудандарынан бастап альпілік аудандарға дейін байқауға болады. Кәдімгі атжалманның індері сирек кездеседі.

Марқакөл  мемлекеттік табиғи қорығында жыртқыш аңдардан қоңыр аю мекендейді. Қорықта аюға қарағанда қасқыр анағұрлым сирек. Негізінен жазда, қорық маңайында қой отарлары өріске шыға бастағанда пайда болады. Қасқырлар күзгі- қысқы азық іздеу кезінде қорыққа кіреді.

Қорықта сусар тұқымдастар көп кездеседі. Ақкіс, аққалақ, ақшыл күзен, борсық, сарғыш күзен, сасық күзен, бұлғын үнемі мекендейді. Анда- санда құнуды көруге болады. Көлге құятын кейбір өзендердің сағасында кәмшат өмір сүреді. 70- жылдардың басында Марнқакөл көлінің бассейнінде Бұқтырма өзенінің алқабынан ауып келген американ қара күзені пайда болды. Қазіргі кезде бұл аңның көл мен оған келіп құятын өзендердің жағалауын мекендеуі қалыпты жағдайға айналды. Марқакөл қазаншұңқырының аймағында әртүрлі деңгейдегі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек түр- барыстың қорыққа бірнеше рет кіруі байқалды. Қорық ормандарында сілеусін кездеседі.

Марал мен елік- Марқакөл ормандарына тән тұяқты жануарлар. Бұрын құрып бітудің алдында қалған бұл түр қорық пайда болғаннан бері көптеп кездеседі. Бұрын маралдар мен еліктер қыс кезінде қара аз Қара- Қоба аудандарына және Қытайға қоныс аударып кететін, ал кейінгі жылдары қорықтың өзінде қыстап қалатындардың саны артып келеді. Кейінгі жылдары қорық аумағында бұландар да тұрақты мекендейді. Бұланның негізгі мекендеу аймағы Тополевка мен Жирен Байтал өзендерінің айырығындағы батпақты ормандар. Зайсан қазаншұңқырынан қабандар да жазда көбінесе көлге келеді.

Сібір тау ешкілері (таутеке) Күршім тау  жоталарының Ақсу- Бас және Торғауыс тауларының жартасты және шатқалды аудандарын мекендейді.

Қорықтың  орнитофаунасы (құстар әлемі) да бай  және сан алуан. Барлық Оңтүстік Алтайда құстың 280 түрі байқалса, оның 248- і қорық аумағында кездеседі. Қазіргі уақытта 143 түр қорықта ұялайды. Қоныс аударушылардың қатарына 143 түр жатады. Марқакөл көлі әрқашан өзінің суда жүзетін құстарының молдығымен танымал болатын. Бұрын ұя салатын құстардың ішінен 8 түр қазір жоғалып кетті, олар: сұңқылдақ аққу, сұр қаз, қырманқаз, сутартар, ақбас тырна, өзен қарқылдақ шағаласы, лашын, ақиық субүркіт.

Сирақтылардың ішінен қазіргі кезде көлде тек ғана қара дегелек ұя салады. Көккұтан мен үлкен аққұтан ұялаудан кейінгі қоныс аударулар кезінде ғана пайда болады. Қара қаздың (суқұзғын) саны әжептәуір. Батпақты жағалауларда үлкен тырна ұя салады, шәукілдек мекендейді.

Шалшықшы  құс кең тараған, көлде оның 26 түрі мекендейді. Олардың ішінен жартысына жуығы ұя салады.

Шағалалардан  көлге кіші және қара қарқылдақ шағала, көкшіл сұр шағала ұшып келеді, күміс шағала жиі кездеседі. Қазақстан фаунасындағы әдемі түрлердің бірі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарабас өгіз шағаланы үнемі кездестіруге болады. Өгіз шағала көлде ұяламайды, бірақ жаз кезінде көл аумағында жас балапан өгіз шағалалар жүреді.

Кептерлерден  үлкен түркептер (орман кептер), көк кептер мен құз кептері кездеседі. Құз кептері анағұрлым сирек.

Қорықта тауықтектестердің 8 түрі мекендейді. Әдетте құр, саңырау құр, бөдене жиі  кездеседі. Сұр шіл мен сұр  құр сирек. Тауда тундра шілі мен ақ шіл өмір сүреді. Күршім жотасының су айырықтарында Қызыл кітапқа енгізілген түр- алтай ұлары немесе тау күркетауығы кездеседі. Марқакөл қазаншұңқырында күзде таулардың далалы жартасты беткейлерінде кішкентай үйір- үйірлерімен жүрген кекіліктерге тап болуға болады..

Жыртқыш құстардың қорық аймағында 24 түрі байқалады, оның ішінде 11 түрі ұя салады. Бұлар- жағалтай, күйкентай, бөктергі, қарақұс (кезқұйрық), аққұйрық субүркіт, бүркіт, жамансары, аражегіш, балықшы тұйғын, қаршыға және қырғи. Ұя салатындардан лашын- сұңқар, ақиық субүркіт жоғалып кетті.

Қорықта үкі, маубас жапалақ, құлақты және саз  жапалақ, орман байғызы, орал жапалағы, қаршыға- жапалақ ұя салады. Анда- санда кіп- кішкентай торғай байғызды кездестіруге болады.

Кәдімгі және саңырау көкек, бәбісек, тентекқұс кездеседі, қара және үш саусақты тоқылдақ, боз тоқылдақ және дүпілдек кездеседі. Қия жартастарда ұзын қанат қарлығаштар тізіліп отырады.

Қорықта торғай тәрізділердің 106 түрі мекендейді.

Қорықта Қызыл кітапқа енгізілген және ерекше қорғауды қажет ететін сирек және құрып бара жатқан түрлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Көлде Қазақстанның шегіндде балықшы тұйғынның  ең ірі көл популяциясы (10 жұп) мекендейді, ал республика бойынша олардың саны 25-30 жұптан аспайды. Осы жерде ұя салатын қара дегелек те мұнда Қазақстанның басқа аудандарына қарағанда жиірек кездеседі. Басқа сирек кездесетін құстардың ішінен бүркіт, аққұйрық субүркіт, үкі, сұр тырна ұя салады.

Марқакөл  көлі- қазірге дейін әлемнің ең таза су қоймаларының бірі. Оның таза суының деңгейі 5-9 метрге дейін барады. Суда хлорлы органикалық пестицидтер  мүлдем жоқ деуге болады. Көл жағалауларында қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың болуы  қорықтың қорғалу аймақтарындағы уылдырық шашатын өзендердің аммиак қосындылары  мен автокөліктердің жанар- жағар май материалдарымен (көктемде және күзде фермер шаруашылықтарынан тау өзендеріне лас сулар ағып құйылады) ластануына әкеп соғады. Бұл тек қана уылдырықтамаларға ғана емес көлдің таза суына да қауіпті.

Қорықтың  табиғат кешенінің табиғи дамуына  қорық шекарасына жақын орналасқан фермерлік және ауыл шаруашылық қызметтері қауіп төндіреді. Қорық қызметкерлері уылдырық шашылатын негізгі көлдерді қорғау үшін іс жүзінде көп жұмыстар атқарады, бірақ өкінішке орай бұл жұмыстар үнемі жемісті болмайды. Жыл сайын мамыр- май айларында сібір майқаны мен хариус уылдырық шашатын өзендерде қорықшы постары ұйымдастырылады, қорықтың аз адамнан тұратын негізігі штатына көмектесу үшін жедел бригадалар мен топтардың кезекшілігі жүргізіледі. Қорыққа кіретін жолдар үнемі бақыланады. Сонда да бұл шаралардың өзі уылдырықтамаларды браконьерліктен толығымен қорғай алмайды,

Қорық қызметкерлері маралдар мен еліктердің тұрақты мекен ететін жерлерінде сортаңтар мен стандартты оттықтар (кормушки) жасайды. Қыс кездерінде жануарларды үстеп қоректендірі үшін шөп дайындалады. Жәндік қоректі құстарды, сусылдақ үйректерді және бейнеарық үйректерді қолдан жасалған ұяларға қоныстандыру бойынша әртүрлі іс- шаралар жүргізіледі.

Қорықта үнемі жергілікті тұрғындарды экологиялық тәрбилеуге бағытталған үгіт- насиғат жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Үнемі әртүрлі басылымдарда қоршаған ортаны қорғау аспектілеріне, сондай- ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сирек және құрып бара жатқан өкілдерін сақтауға арналған ғылыми- көпшілік мақалалар жарияланады. Қорықтың 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан табиғат мұражайында оқушыларға және туристерге, Уранхайка ауылының тұрғындарына лекциялар оқылады, әңгімелесулер жүргізіледі. Бұрын жыл сайын қорыққа 500-600 адам келсе, кейінгі жылдары қорық қызметкерлеріне байланысты емес себептермен бұл сан анағұрлым азайып кетті.

Қорық қызметкерлері жүргізетін табиғат  қорғау кешенінің жұмыстары Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар  мен өсімдіктер дүниесінің толығымен  қорғалуын қамтамасыз ете алмайды. Қорық маңайында қорық режимін, яғни қаумалдық режимдегі аймақ  құрудың уақыты келген сияқты. Тек сонда ғана көл бассейнінің бірегей табиғат кешенін сақтауға болады, оның экосистемасының табиғи дамуы қамтамасыз етіледі және сонда ғана көл бай оңтүстік алтай табиғатының этолоны бола алады.

Информация о работе Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы