Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:35, реферат
Ластаушы заттар- қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.
Ластаушы заттар- қоршаған ортаға әсер ету мөлшері
табиғи деңгейден жоғары субьектілер
(физикалық агент, химиялық зат, биологиялық
түр). Ластану кез-келген агентпен болуы
мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы
болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз
табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына
алып келетін фактор.
Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша
ластану табиғи және антропогенді (адамның
қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану
- табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар
(жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде
пайда болады.
Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты
қоршаған ортаның ластануы антропогендік
ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде
жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады.
Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында
немесе қала төңірегінде болуы мүмкін.
Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға
тарап биосфералық процестерге, Жерге
әсер етеді. Антропогендік ластану адам
қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама
әсер етуінен пайда болады.
Атмосфералық ауаны ластаушылар - механикалық, химиялық, физик
Механикалық
ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық
отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын
дайындау процестері кезінде пайда болады.
Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі
диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер.
Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен
байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез),
кеңірдектің аллергиялық аурулары және
т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы
мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады,
мұрыннан қан кетеді.
Американдық ғалымдар халқының
саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда
ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының
қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында
тікелей байланыс бар екенін анықтады.
Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне
ауаның ластануымен байланысты. Сондай-
ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне
түсетін ультракүлгін сәулелердін мөлшерін
де азайтады.
Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып
басқа қоспалардың әсерін төмендетеді.
Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан
32 тонна, қарағайлар 36,4 т, шамшаттар - 68
т шаң жинайды.
Химиялық
ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы
нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген
заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп
қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді
жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде,
тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды
жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға:
көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы,
көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар),
күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид,
күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және
N02) жатады.
Екпе ағаштар газдар үшін механикалық
бөгет және атмосфераның химиялық ластануына
қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы
жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың
ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды
мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан
жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге
көміп тастаған дұрыс.
Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың
зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады.
Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары
радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады.
Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың
белсенділігі 32 есе жоғары болады.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен
автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл
шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп,
сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап
шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар
мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер
жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат
ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен
көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз,
сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы,
мамыр айларында піскен көкөністерде
көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері
2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте
піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ
болған жөн.
Физикалық
ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік
себептерден түсетін энергияның артық
көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған
газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың
әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы);
шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы);
электромагнитті (электр желісі, радио,
теледидар); радиоактивті (
Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі
физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен
пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі
автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі
шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер
көрсеткендей, тіпті қысқ а уақытты шуыл
организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе
жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз
әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы
сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге
үлкен ауыртпалық түсіреді.
Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен
роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына
дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі
шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің
шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне
(габитусына), қалың болуына, құрамына,
биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы
(бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар
жақсы қорғайды.
Биологиялық
ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған
немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған
организмдер түрлері. Микрорганизмдермен
ластануды бактериологиялық ластану деп
атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы
күштерінің лабораторияларында жасалатын
арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш
микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын
ластануы өте қауіпті.
Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен
өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп
аталатын арнайы заттармен күресе алады.
Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы
организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді
өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы
және саңырауқұлақты флораға қатты әсер
етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан
дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын
өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары
бөлетін фитонцидтер стрептококты, май
қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын,
қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы
қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы
күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды
микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай,
шыбындарды және басқа да жәндіктерді
жолатпайды.
Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін)
- өсімдік зиянкестері мен ауруларына
, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған
бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне,
адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге
қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне
байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық,
химиялык., өнеркәсіптік классификациясы
бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі
болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау
үшін тәжірибеге алынған жануарлардың
50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын
(ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты
пестицидтерді: кушті әсер ететін улы
заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және
улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді:
өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп);
тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты
(1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі.
Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық
және сынапорганикалық пестицидтер жиі
қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер,
зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар)
және химиялық табиғатына байланысты
пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
құрту үшін;
микроорганизмдерден қорғау үшін;
және бактериялармен күресу үшін;
үшін.
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің
жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін
құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің
дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар,
арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер,
кемірушілер және басқа да жануарларды
үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар
- репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді
еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді
жыныстық стерилдеу үшін қолданатын -
стерилизаторларды жатқызады.
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы
мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен
топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің
ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ)
көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде
жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна
мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары
АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда,
Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның
шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына
тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан
зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау
мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан,
қоршаған орта обьектілерінде жинақталған
ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен
жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың
салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың
арасында басқа да ауру түрлері көбейген.
ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты,
Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан
да табылған.
Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен
ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың
биологиялық әдістерін кеңінен қолдану
керек.
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің
бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық
(немесе экологиялық) нормативтер негізінде
санитарлық бақылауды жүргізу және ауа
атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау
болып табылады.
Нормалау - Бұл ластанудың адамдардың
тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің
қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және
қоршаған орта обьектілерінде олардың
сандық көрсеткіштерін анықтау болып
табылады.
Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер
болдырмау үшін медик-гигиенистер жағымсыз
факторлардың организм тіршілігі үшін
шекті мөлшерлі деңгейін белгілейді. Қоршаған
ортаның нормалайтын факторына байланысты: Шекті мөлшерлі деңгей (ШМД) - организмге әсері (жеке
фактор өзі немесе басқа факторлармен
бірге), организмге немесе онын ұрпағында
биологиялық өзгерістерге, әртүрлі аурулар
мен психологиялық өзгерістерге (интеллектуалдық
және эмоционалдық қабілетінің төмендеуі,
ақыл-ой жұмысының қабілеті) алып келмейтін
жағымсыз фактордың жоғарғы мәні. Жағымсыз
факторлар химиялық топтарға жататын
болса, Мұндай жағдайда шекті мөлшерлі
деңгей - шекті мөлшерлі концентрация
(ШМК) деп аталады.
Шекті мөлшерлі төгінді (ШМТ) - су сапасының нормасын
қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт
ішінде су обьектіне төгілетін ақпа сулардағы
рұқсат етілген ең жоғарғы заттар салмағы.
Информация о работе Ластаушылар, пестицидтер және олардың классификациясы