Көліктің атмосфераға кері әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:18, реферат

Описание работы

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Ол – жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін.

Содержание

1. Атмосфералық ауаның ластануы.
2. Автокөліктің қоршаған ортаға жағымды және жағымсыз әсерлері.
3. Экологиялық проблеманы шешу.

Работа содержит 1 файл

коликтин атмосферага асери.docx

— 22.25 Кб (Скачать)

Жоспары:

    1. Атмосфералық ауаның ластануы.
    2. Автокөліктің қоршаған ортаға жағымды және жағымсыз әсерлері.
    3. Экологиялық проблеманы шешу.

 

Атмосфера бүкіл әлемнің  тіршілік тынысы. Ол – жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін.

Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада таралады. 
 
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс-әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан, орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндірістен, автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады. Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Қазақстанда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады. 
 
Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар, автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, 1 млрд тоннадай сұйық қалдықтар шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. 
 
Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе). Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе).

Көмірдің тотығы (СО) исі  мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы – қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын иісі бар, қоңыр түсті газ. 
 
Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК – 5 мг/м3.

 Атмосфера ауасы өмір  тіршілік үшін аса маңызды,  тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфералық ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түрі көп. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады.

Автокөліктің  қоршаған ортаға әсері:

Жағымсыз әсерлер

 

  1. Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе теңдіктің бұзылуы.
  2. Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы
  3. Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы
  4. Қозғалысқа қатысушылардың күйзелісте болуы
  5. Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы
  6. Ландшафтың биологиялық өнімділігінің қысқаруы
  7. Қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы
  8. Автокөліктерге байланысты салықтар мен шығынның өсуі
  9. Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы

Жағымды әсерлер

  1. Ғылыми техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру
  2. Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы
  3. (тауарлардың жылдам жеткізілуі) Жол көлік оқиғаларында адамдардың өмірінің қиылуы 
    Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі
  4. Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы
  5. Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі
  6. Тұтынушы үшін әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуге қол жетімділік
  7. Тауарлардың кең түрлеріне, өнімдерге дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру
  8. Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз ауа райы жағдайындағы комфорт және қолайлы болу.

 
Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылды. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бәрі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. 
 
Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2, 7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады. Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6, 9% -ға дейін артады. Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан, қала ауасына көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам ағзасына енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды.

Бүгінгі таңда автокөлік  көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған. Қорыта келгенде, автокөліктен осыншалықты адам ағзасына, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік. 
 
Сондықтан да мынадай ұсыныстарды келтіруге болады:

 
1) Экологиялық таза жанармайлар  ойлап табылса; 
2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса; 
3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса; 
4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса; 
5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса; 
6) Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Темірғали Ж. Экологиялық ахуалға Үкіметтің назарын аударды // Заң газеті. – 2002 ж
    2. Таңатарова Қ. Экологиялық біліктілік бәсекелестік кепілі // Деловой мир Казахстана1999ж
    3. Полянский Ю.П. және т.б. Жалпы биология. - Алматы, 1986 ж
    4. Жатқанбаев Ж.Ж. Биосфера. - Алматы, 1978 ж
    5. Исмагилов М.Н. Экология. - Алматы, 1978 ж

Информация о работе Көліктің атмосфераға кері әсері