Климаттың жаппай жылынуы және оның қоршаған ортаға әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 06:54, реферат

Описание работы

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Работа содержит 1 файл

Ком. Климаттық жылыну.pptx

— 1.24 Мб (Скачать)

СӨЖ

 

Тақырыбы: Климаттың  жаппай жылынуы және оның қоршаған ортаға әсері

 

С.Ж. Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

 

Кафедра: комуналдық гигиена

 

Орындаған: Ахметов  Б.А

Факультет: қдс

Тобы: 402-2

Қабылдаған: Күләш

 

Алматы - 2013

Жоспары

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

•Климат және оның жіктелуі

Климаттың өзгеру қаупі

•Озон қабатының бұзылуы.

•Парникті эффект (жылу эффекті).

• Климаттың ғаламдық жылуы .

•Мұздықтардың жаппай еруі

•Гренландия мұздағы

•Арктика.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 

Кіріспе

Ғаламдық  проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

 

 

    •   
      Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

 

Климаттың өзгеруі;

Ресурстар проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Экологиялық проблемалар;

Демографиялық проблема; т.б.

    • Климат және оның жіктелуі
    • Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттін климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында зерттеу XIX ғасырдан басталған. Климатология ғылымының қалыптасып дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс жаратылыс зерттеушісі, географы А. Гумбольдт және орыс климатологы В. Кеппен зерттеулері негіз болды.
    • XX ғасырда климатты аудандастыруға В.Kerneмен орь с географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. В.Кеппен Жер шары климатын жіктеуде температура мен ылғалдың әркелкілігін негізге алған. Осыған сәйкес, ол Жер шарын 5 климаттық белдеуге бөлді. Субэкваторлық белдеу,Тропиктік белдеу,Субтропиктік белдеу,Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер,Полярлық белдеу.Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттеріне негізделгендіктен, климат қалыптасуының заңдылықтарына ене алмады.

 

    • Климаттың өзгеру қаупі туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 та­мызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық жылыну” терминін өмірге әкелді. Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғы­лы­мы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасыр­дың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жат­қан­дығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжам­дарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүние­нің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қаба­тының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмен­деуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрек­ет­терінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр.

Озон  қабатының (озоносфераның) бұзылуы

 

    • Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн. 
    • Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. 
    • Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. 
      Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

Парникті  эффект (жылу эффекті).

 

    • Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
    • Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді. 
      Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
    • Жаһандық жылынуды адам факто­рымен байланыстыратындардың дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, олардың айтуынша, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ға­лым­дар қазіргі жаһан­дық жы­лыну үрдісіне се­беп болып отырған ке­са­паттың 90 пайызы адам қо­­лымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқ­та­ған.
    • Бүкіләлемдік климат­тық конференцияда сөй­леген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “Арктикадағы жы­лы­ну үрдісі Жер шары­ның басқа өңірлеріне қа­рағанда тым жылдам бе­лең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі болып жатқан өзгерістер климаттың жаһандық жылынуын жылдамдата түспек”, деп атап көрсетті
    • Жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Грен­ландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктика­ның мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары 4 метр қалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отыр­ған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.
    • Гренландия мұздағы

 

 

 

    • Біздің планетамыздағы барлық мұз қа­баттарының 10 пайызы осы Гренландияда шоғырланған. Көлемі жағынан Антаркти­ка­дан кейінгі екінші орынды алатын бұл мұз қал­қанның массасы 2,5 млн. текше шақы­рымға тең. Соңғы жылдары Гренландия мұздағының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны байқалуда. Жыл сайын 250 миллиард тоннаға жуық гренландиялық мұз суға айналып, Атлант мұхитына қосылатын көрінеді. Бұл құбылысты анықтауға 2002 жылдан бері мұздаққа тұрақты бақылау жа­сап келе жатқан екі жасанды спутниктердің жинақтаған деректері мүмкіндік берді. Соңғы жылдары гренландиялық мұздақтың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етіп отыр. Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, ауаның температурасы үш градусқа көтерілетін болса, гренландиялық мұз қалқаны толық еріп, теңіздегі су деңгейін 7 метрге дейін көтереді. Тіпті бұл мұз қалқаны біртіндеп ерігеннің өзінде, теңіз деңгейін бір метрге дейін көтеруге мүмкіндігі бар.
    • Ғалымдардың ең сақтықпен жасаған болжамдары бойынша, болашақта әлемдік мұхит деңгейі 30-50 сантиметрге көтерілетін болса көптеген жағалаулар су астында қалады. Әсіресе, бұл мұхит жағалауларында адамдар көбірек қонстанған Азия құрлығы үшін аса қауіпті болмақ. Бүгінде дүние жүзі бойынша теңіз деңгейінен 88 см. биіктікте 100 миллионнан астам адам өмір сүреді.
    • Жақында Гренландиядан тағы бір үлкен мұз аралының бөлініп шыққаны туралы хабар тарады. Делавер штаты университе­ті­нің ғалымы Андреас Мюнчоудың айту­ынша, 5 тамызда Гренландияның Петерман атты мұздағынан бөлінген бұл мұз аралының көлемі 260 шаршы шақырымға, қалыңдығы 180 метрге тең. Бұл Арктикада 1962 жылдан бері кездескен ең үлкен айсберг көрінеді. Атлант мұхитына бағыт алған мұз аралының суы Делавер немесе Гудзон сияқты өзендердің суын екі жыл бойы алмастыруға немесе АҚШ-ты 4 ай бойы сумен толықтай қамтамасыз етіп тұруға жетеді екен.
    • Арктика

 

 

    • Канадалық ғалымдардың деректері бойынша, Арктиканың мұз қабаты соңғы 15 жыл ішінде 40 пайызға тарта қысқарған көрінеді. Ал ресейлік ғалымдар тура осы мер­зім­де мұз қалыңдығы 15-20 пайызға азайды деген деректерді алға тартады. Қалай болған­­да да Арктика мұздақтарының жұқаруы жақсылық емес. Сонымен бірге ғалымдар соңғы кезде Арктика аумағынан айтарлықтай көлемде метан газы бөліне бастағаны туралы қауіп таратты. Соңғы жылдары ресейлік және швед ғалымдары арктикалық Шығыс Сібір платформасынан жыл сайын 8 млн. тоннаға жуық метан газының ауаға таралатындығын анықтады. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну үдерістері мұхиттардың түбінде осыған дейін мүлгіп жатқан мәңгілік тоңдарды жібітіп, оның қабатындағы метан газдарына қозғау салған.
    • Алдағы уақытта адамзат үшін апатқа па­ра-пар тағы бір үлкен қауіптің ұшы Арк­ти­кадан басталатын түрі бар. Соңғы деректер бойынша, дүние жүзіндегі ендігі қалған мұнай-газ қорының төрттен бірі арктикалық акваторияда шоғырланған көрінеді. Мәселен, тек Баренц теңізінің Ресейге қарасты Шток­ман кенішінде 4 триллион текше метр газ конденсатының қоры шоғырланған. Штокман кенішінің қазірге дейінгі анық­талған байлығының өзі 500 миллиард доллар­дан асады. Сөйтіп таяу болашақта Арктика әлемнің алдыңғы қа­тарлы мемлекеттерінің арасындағы энергети­калық тартыс алаңына айналмақ. Полярлық мемлекеттер құрамына кіретін АҚШ, Ресей, Канада, Норвегия жә­не Дания арасында Арктиканың батпан құй­рық энергетикалық байлығын игеру жолын­дағы алғашқы саясат майданы басталып та кетті. Күні ертең Арктика энергетикалық қуат көздері үшін тартыс алаңына айналып, Солтүстік жарты шардың ен байлығы жаппай игеріле бастаса, жаһандық жылыну үдерісінің еселене түсетіні айдан анық. Тіпті бүгінде белгілі болып отырған жаһандық жылыну қаупі ойыншық болып қалмақ.

Қорытынды

 

    • Экология баршаға ортақ
    • Ғаламшар климатының күрт өзгеруі тех­ногендік дәуір әрекетінен көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шектен тыс көп бөлі­нуінің салдары екендігі қазір айдан анық бо­лып отыр. Сондықтан әлемнің озық ойлы адам­заты бұл қасіреттің алдын алу жолында дабыл қағып, кезек күттірмес шұғыл шара­лар­ды қолға алуды алға тартып отыр. Бұл ма­ңызды мәселеден халықаралық беделді ұй­ым­дар да сырт қалған жоқ. 1992 жыл БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы басқосуында “Климат­тың өзгеруі жөніндегі конвенция”, 1997 жылы БҰҰ-ның Киотодағы халық­ара­лық самми­тін­де “Атмосфераға таралатын зи­янды газдарды шектеу туралы хаттама” қабыл­данды. Киото хаттамасын бүгінгі күнге дейін әлемнің 181 мемлекеті ресми түрде бекітті. Киото хатта­масы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесіп күресу жөніндегі адамзатқа ортақ алғашқы маңызды құжат.
    • “Таяқтың екі басы бар” демекші, жалпы адам­зат үшін үлкен қасірет әкелетін жаһан­дық жылыну үдерісі Арктиканың энергети­калық мол байлығын игеруге қолайлы жағдай туғызғалы отыр. Бұрын мәңгі мұз басып жатқан Арктиканың көптеген өңірі жаһандық жылынудың салдарынан ашылып, мұхит жодарының қолайлы деңгейге дейін қысқаруына алып келді
    • Жалпы алғанда, әсіресе экологиялық қырынан қарағанда Елбасының көтерген мәселелері өте орынды. Яғни, заман талабына сай таза өндіріс пен жоғары технологияларға ешкім де қарсы болмауы керек. Қазақстан жеті жылдан бері Киота хаттамасына қосылған бүгінгі күні халықаралық инвестициялар тарту жөнінде жұмыс істеп жатыр. Осылайша Қазақстанда энергетика секторын қайта жарақтап, бастан-аяқ жаңартуға үлкен инвестициялар тартылуда. Өйткені, басқаларға қарағанда біздегі өндірістік жабдықтардың басым бөлігі Кеңес одағынан қалған ескіріп тозған. Сондай-ақ осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтар жаңартылып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік нарықта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады. Мұның мәнісі осы арқылы тек энергия көзін үнемдеуге ғана қол жеткізіп қоймай, көмірқышқыл газы шығындыларын қысқартып ауаны тазартуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде халықаралық қауымдастық алдында беделімізді көтеріп, бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру мүмкіндігін арттыра түсетін болады.

Информация о работе Климаттың жаппай жылынуы және оның қоршаған ортаға әсері