Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:29, реферат

Описание работы

Конвенция міндеттерін орындаудағы өзекті шаралардың тиімділігін арттыру мен дамыған елдердің міндеттемелерін нығайту үшін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Рама конвенциясына жасалған климаттың өзгеруі жөніндегі Киот хаттамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы №84 «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасының Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы қол қойды.

Работа содержит 1 файл

Климаттың өзгеруі.docx

— 25.12 Кб (Скачать)

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасы

 

Конвенция міндеттерін орындаудағы өзекті шаралардың тиімділігін арттыру мен дамыған елдердің міндеттемелерін нығайту үшін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Рама конвенциясына жасалған климаттың өзгеруі жөніндегі Киот хаттамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы №84 «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасының Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы қол қойды.

 

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттері

Энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыру, жеригерудің тұрақты формасы, табиғи газды жұтушылар мен жинаушылардың сапасын арттыру мен қорғау бойынша саясат пен шараларды жүзеге асыру.  

Міндеттердің атқарудың бірінші кезеңінде – 2008-2012 жылдар аралығында табиғи газ қалдықтарын тастауды азайту (егер Қазақстан Киот хаттамасының «В» Қосымшасына кірсе).

 

Конвенцияның Қазақстан Республикасында орындалуы

 

Киот  хаттамасының республиканың экономикалық дамуына экономикалық әсерін бағалау мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2003-2004 жылдары «Киот хаттамасына Қазақстанның қатысуының пайдасын (шығынын) талдау және болжау» және «БҰҰ КӨРК 1 Қосымшасына сәйкес, елдерге Киот хаттамасының экономикалық әсерін бағалау, және Қазақстанның «Көмірсутегі нарығына қатысу перспективасы» тақырыптарында зерттеу жүргізілді. Зерттеу шеңберінде Қазақстанның 2003-2015 жылдар кезеңіндегі экономикалық дамуының түрлі аумақтық сценарилері пайдаланылды. Зерттеу аясында алынған нәтижелері Киот хаттамасының механизмінің ескі жабдықтарды ауыстыру, табиғи газдардың қалдықтарымен сүйемелдене жағылатын отын түрлері, сонымен қатар экологиялы тұрақтылық жағынан қарағанда елдің экономикалық дамуындағы факторлар болып табылатын экономиканың жоғары энергосыйымдылығына байланысты мәселелерді шешуге тиімділігін байқауға мүмкіндік береді. Министрлік Қазақстан Республикасының «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасын бекіту туралы» Заңын жасады, Заң Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына 2006 жылғы 11 қазандағы № 04-02-02-04/2035-И хатына сәйкес берілген. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енген Киот хаттамасын іске асыру жөніндегі құқықтық нормалар жасалды.

 

Қазақстан Республикасы үшін тиімділік жақтары:

Елдегі экологиялық жағдайды экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуді қарастыратын жаңа энергия өндіру технологиялары жүйесін қолдану және енгізу арқылы жақсарту.

Қоршаған ортаға түсетін салмақты азайта отырып, табиғи газдардың антропогендік қалдықтарының деңгейін төмендету, сонымен қатар қалдықтардың басқа да ластайтын құрамдас бөліктерінің атмосфераға таралуын азайту. 

Энергетика  секторындағы экологиялық қауіпсіз технология аясында, тұтастай алғанда, табиғи газдарды ысыраптауды қысқарту шеңберінде халықаралық тәжірибені пайдалану мүмкіндігі. 

Киот  хаттамасы механизмдерін іске асырудағы энергетика саласына инвестиция бөлу энергетикалық саланың жандануы, елге жаңа, соңғы технологияларды әкелу, энергияның альтернативті қайнар көзін дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік беред (күн, жел, геотермальды және басқалар).

Жаңа экологиялық таза және энергия үнемдейтін технологияға енгізілетін халықаралық жобалар мен «жасыл инвестицияға» қосымша қаражат бөлу.

 

7.1  Қоршаған ортаны қорғау туралы заң

        Табиғат пен оның байлықтары  Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

 

        Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

 

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

 

-  экологиялық  жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

 

-   биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекшке маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

 

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы; 

 

-    жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

 

-   табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

 

Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

 

Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері:

 

1)  Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне  келтіретін залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

 

2)   Азаматтардың:

 

а) белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғауға  және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;

 

б) қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

 

в) қоршаған ортаны қорғау жөнінідегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумға  қатысуға;

 

г) қоршаған орта мәселелері бойынша мемілекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

 

д) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

 

  кәсіпорындарды, құрлыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық, қызметін шектеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;

 

ж) айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы  мен мүлкіне келтірілген залалдың  өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;

 

з) заң актілері  мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да құқықтарын белгіленген тәртіппен іске асыруға құқығы бар. 

 

3) Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін толықтыруға, экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

 

Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

 

1)      Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде :

 

- өздерінің экологиялық бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың  құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметтке тартуға;

 

-    қоршаған ортаны қорғау сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындатуға,экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға;

 

-  экологиялық, тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға;

 

-   мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге;

 

-    қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

 

-   мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортанның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралартуралы дер кезінде, толық және ақпарат алуға.

 

 

 

Табиғат    пайдаланушылардың    негізгі   міндеттері   және    олардың    құқықтарын   қорғау.

 

  Табиғат   пайдаланушылар:

 

-  табиғи   ресурстарды   нысаналы   қызметіне  және   олардың   берілу   шарттарына   сәйкес   пайдалануға;

 

-   қоршаған   ортаны   қорғау  және   табиғи   ресурстарды   молайту   жөніндегі шараларды   белгіленген   тәртіппен   жүргізілуге;

 

-   табиғи   ресурстарды   пайдаланғаны  үшін,  қоршаған   ортаны   ластағаны,  табиғи   ресурстарды қорғағаны    мен   молайтқаны үшін белгіленген ақыны  дер   кезінде   төлеуге;

 

-   қоршаған ортаны   қорғау   саласында    мемлекеттік   бақылауды   жүзеге   асыратын   органдардың  талап  етуі   бойынша   қажетті      ақпарат   беруге Қазақстан   Республикасының    заңдарында көзделген  басқа  да   талаптарды   сақтауға   міндетті.


Информация о работе Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясына жасалған Киот хаттамасы