Климаттың антропогенді өзгеруі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 19:06, доклад

Описание работы

Бағдарламаны негізге ала отырып екінші мамыр күні ана тілі пәнінен 4 сыныпқа алғашқы сабағымды өттім.Алғашқы сабағымның тақырыбы орыс жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі,Сағи Жиенбаев аудармасынан болатын.Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашу,өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру болатын.Осы мақсатқа жетуді басты міндет етіп қойдым.

Работа содержит 1 файл

Рефлексивті есеп 1сабақ новый.doc

— 29.00 Кб (Скачать)

                                 Рефлексивті  есеп (1сабақ)

                                                       IV топ тыңдаушысы: Нурыллаева Набат

Бағдарламаны негізге  ала отырып екінші мамыр күні ана  тілі пәнінен 4 сыныпқа алғашқы сабағымды  өттім.Алғашқы сабағымның тақырыбы орыс жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі,Сағи Жиенбаев аудармасынан болатын.Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашу,өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру болатын.Осы мақсатқа жетуді басты міндет етіп қойдым.Оқушыларды бір-бірімен сәлемдесумен, топқа бөлуден бастадым.Балалар топқа бөлінуде қиыншылық тудырды,әр оқушы өздерінің достарымен отырғысы келетінін айтты,жылаған оқушылар да болды.Ол қиындықтардан мен оқушыларға жылы сөз айтып,әр тапсырма сайын топқа бөлініп отыратындарын ескерттім.Топтағы оқушылар ынтымақтастық атмосферасын құрып,бір-бірін тыңдап,еркін өз ойын жеткізе білуге үйрету бұл бағдарлама бойынша алғашқы сабағым болғандықтан ба қиындық тудырды. Топтағы қабілеті жоғары балалар алға шығып,топтың атынан жауап беруге тырысты.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер диалог негізінде оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың нығаюын меңзеді.Бұл модуль бойынша оқушылар сахналық көрініс көрсету,қалай оқу керегін  үйрену,өз бетінше ізденіп жалғастыа алатын білім жинады.Ұжымдық тапсырма ретінде «Кім шебер» рөлдік ойынын ойнаттым.Сабақта оқушыларға Мерсердің зерттеуіне сәйкес оқуда қолданылатын әңгімелесудің түрлерін пайдаландым.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бойынша үй тапсырмасын сұрауда «Қызығушылықты ояту», «Салыстыру», «Ойлан тап»тапсырмалары сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыра бастады.Тапсырмалар барлығы ақпараттық коммуникативті технология арқылы беріліп отырды.Сабақтың қорытынды бөлімінде өтілген тақырып бойынша шығарма кестесі беріліп ,соны толтыру арқылы өз ойларын ортаға салып, пікірлерін дәлелдеп,бүгінгі сабақты қалай меңгергендері жауап беру барысында байқалды.Оқушыларға бағалау кезінде бір-бірімізді,топты бағалау кезінде шынайы,нақты,біреудің көзі жақсы,біреудің өзі жақсы демей бағалауымыз керек екендігін ескерттім.Сабаққа жақсы белсенділік танытқан топтағы оқушылар бірін-бірі бағалап,жіберген қателіктеріне сын айтты.Бірақ көптеген кемшіліктер менен де, оқушылардан да табылды. Уақытты тиімді пайдалана алмауымның кесірі де тиді деп ойлаймын.Сабақ соңында оқушылардың  бүгінгі сабаққа қаншалықты түсінгендерін кескін арқылы бағалау барысында байқадым.Бірақ жіберген қателіктерімізді тадау барысында оң көзқарас танытып,келесі сабақта мұндай қателіктер болмауына ықпал жасауымыз керек екенін талқылай отырып кемшілігімізді жөндеуге бел будым. Бұл бағдарламаның бала дамуына көп пайдасы бар екеніне көз жеткізуге тырыстым.Алдағы сабақтарда бұл қателіктер қайталанбас үшін көп іздену,көп жұмыс жасау керек екеніне ой түйдім.

 

 


Информация о работе Климаттың антропогенді өзгеруі