Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:11, доклад
Ақмола облысы Солтүстік Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке 450 км-ге, ал батыстан шығысқа 600 км-ге созылған. Жалпы ауданы 15,5 млн.га.
Облыстың жер беті көбінесе жазықтықта жатыр, аумақтың толқынды болуы көптеген табақ тәрізді жабық ойпаттардың, балкалардың, шұңқырлардың болуымен түсіндіріледі. Климаттың күрт континенталдығы ауа температурасының ауытқы үлкен амплитудасында, ылғалдылықтың төмендігінде, атмосфералық жауын-шашынның аз болуында, қыс, көктем, жаздың басындағы активті жел әсері білінеді.
2.1 Көкшетау
қаласының географиялық сипатта
Ақмола облысы Солтүстік Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке 450 км-ге, ал батыстан шығысқа 600 км-ге созылған. Жалпы ауданы 15,5 млн.га.
Облыстың жер беті көбінесе жазықтықта жатыр, аумақтың толқынды болуы көптеген табақ тәрізді жабық ойпаттардың, балкалардың, шұңқырлардың болуымен түсіндіріледі. Климаттың күрт континенталдығы ауа температурасының ауытқы үлкен амплитудасында, ылғалдылықтың төмендігінде, атмосфералық жауын-шашынның аз болуында, қыс, көктем, жаздың басындағы активті жел әсері білінеді.
Тұрақты қар қабаты желтоқсан айының бірінші тоқсанында қалыптасады, бірақ кейбір жылдары қазан айының екінші жартысында да болуы мүмкін.
Ең суық ай қаңтар, орташа тәуліктік температурасы – 16,40С, кейбір күндері 400 С градустан төмен аяз болады.
Қардың кетуі сәуір айының екінші жартысында басталады. Орташа тәуліктік ауа температурасының ауысуы мамыр айының басында байқалады. Шілде айының әдеттегі орташа температурасы +19ºС, +21ºС.
Облыс аумағында жыл ішінде 250-400 мм жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның көп көлемі жазғы маусым, тамыз айларында (49%) түседі, ең азы желтоқсан, ақпан айларында, көктем кезінде наурыз, мамыр айларында түседі. Жауын-шашынның көлемі жылдық норманың 18% құрайды.
Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағытындағы желдер. Облыс аумағындағы желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 5,6 метр. Шілде айындағы, желдің орташа жылдамдығы секундына 4,6метр, қаңтарда секундына 5,8 метр.
Облыстың қолайсыз жақтарына ерте-көктемдік құрғақшылығын, көктемдегі шаңды дауылдарды тудыратын қатты желдерді, көктемгі аяғындағы және күздің басындағы мұздатуларды жатқызуға болады. Грунт мұздауының тереңдігі 110 см дейін жетеді, кейбір жерлерде 200 см.
Бұл табиғи құбылыстар табиғи
баланстың қалпына келуіне
Көкшетау қаласы Ақмола облысының облыстық орталығы болып табылады (ҚОСЫМША А). Халық саны 146933 адам. Көкшетау маңайындағы ұсақ шоқылар жергілікті климатқа үлкен әсер етеді.
Көкшетау паркі 1996 жылы құрылған Ақмола облысында орналасқан ерекшелігі: аңдардың – 305, құстардың – 223, балықтың – 22, өсімдіктердің – 800 түрлері кездеседі [59].
Қазіргі кезде тұрақты да бірқалыпты даму мен экологиялық қауіпсіздік ел экономикасын нығайтудың, халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын ең басымдық бағыттарының біріне айналып отыр. Осыған орай қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық басқармаға қойылар жауапкершілік жүгі салмақтана түседі. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, табиғат қорларын тиімді пайдалану мен сақтау жағына инспекциялық-бақылау жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отыруға ұдайы көңіл бөлініп келеді.
Көкшетау қаласында көңіл бөлетін көптеген экологиялық мәселелерге тоқталайық.
Қала ауасын негізінен жылу-энергетика нысандары мен автомобиль көлігі ластауда. Қала аймағында 48 жылу қазандығы бар. Осылардың бесеуі ғана насостық станция режимінде жұмыс істейді. Былтыр осы көздерден ауаға 8,9 мың тонна зиянды заттар шығарылған. Осының 7,7 мың тоннасы жылу қазандықтарынан, 1,2 тоннасы автокөліктерден тараған. Біздің қаламызда ауаны ең ластаушы көз - бұрынғы «Техноконтракт», қазіргі оның орнындағы «Көкшетау – Пауэр» жеке шаруашылық серіктестігі. Былтыр бұлар ауаға 2,39 мың тонна зиянды заттар шығарды. Кәсіпорынның басты бір кемшілігі – осы жылға табиғат пайдалану рұқсатын алмауы. Сонымен бірге бұлар қоршаған ортаны ластағаны үшін міндетті нормативтік төлемақыға да көп қарыздар. Қазір бұл қарыз көлемі 27 миллион теңгеден асқан. Осы үшін заңды тұлғаға 82300 теңге әкімшілік айып та салынды. Көкшетау қалалық коммуналдық шаруашылықтың көмірмен жағатын жылу қазандығы да ауаны көп ластайды. Мұнда газ бен шаң тазартқыш қондырғы жоқ.
Қалада соңғы жылдары май құю станциялары көбейіп кетті. Олардың көбі қаланың ортасында. Бұған тұрғындар орынды өкпе айтады. Мұндай станциялардың саны 43. Қалада 80 мыңға тарта автокөлік бар екен. Осыған есеп қылсақ, небары 14 станция ғана қажет болып шықты.
Қаламыздың радиациялық жағдайы жаман емес. Қаланың біраз көшелері мен алаңдарындағы гамма-фон алаң туғызбайды.
Қала көркі – жасыл желек екені белгілі. Олай болса қала маңындағы табиғат байлығы – орманды алқаптарға жауап беретін «Бұқпа» орманшылығының табиғат қорғау заңдылықтарын сақтау жайына тексеріс жасап отырудың да маңызы зор. Қалада 3 парк, 4 сквер бар. Оларға меншік түрі өзгерген соңғы жерде жағдай нашарлап кеткендей. Иесіздік бей-берекет тозуға, ағаш бұталардың, өскіндердің күтімсіз қалуына апарып соқтырды. Көркейту мен көгалдандырудың үшайлығы кезінде қалада оқушылар, студенттер күшімен біраз іс тындырылды. Алайда әлі ауласы, маңайы ыбырсып, шашылып-төгіліп жатқан кәсіпорындар мен ұйымдар баршылық.
Қала кәсіпорындарының шаруашылық қызметі су қорларына көп байланысты. Қазіргі шағын және орта бизнестің, жеке кәсіпкерліктің тез қаулап өсуі қалада суды бұрынғыдан көп жұмсап, пайдалануды қажет етті. Сондықтан сумен жабдықтау біздің қалада да басты мәселелер қатарында. Қаламыздағы магистральдық және таратқыш су құбырларының жалпы ұзындығы 280 километр. Міне осы құбырлдар әбден тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. Уақытында әрі сапалы жөнделмеген су құбырлары шығыны мол аварияларға жол береді. Сөйтіп қалада ауыз су беру үзілістері жиі қайталануда. Сонымен бірге ауыз су бостан-босқа рәсуа етіледі. Бір айда орта есеппен 35-38 рет құбыр жарылып тұрады.
Ағынды суды тазарту жайы да тиімді шешілмей келеді. Тазарту жүйелерінде лас су мен таза су араласып Мырзакөлсор су жинағышына жіберіліп жатады. Насос станциясының санитарлық жағдайы да тұрақты бақылауды талап етеді. Тасқынды канализация жүйесінің болмауы да су мәселесін күрделендіре түсуде.
Канализациялық
Қалалық «Көкшетау Су Арнасы» басқармасы табиғат қорғау заңдылықтарын сақтауды тиісінші қамтамасыз ете алмай жүр. Шағалалы су қоймасының маңы экологиялық талаптарға сай емес. Қоршау жоқ, аншлаг қойылмаған. Жаз бойы оның төңірегінде мал бағылады, суарылады, машиналарды жуу, суға түсу, демалыс ұйымдастыру тиылмай келеді.
Көкшетау қаласының әкімі «Қопа көлін қорғауды күшейту туралы арнайы» шешім шығарған еді. Бірақ сол шешім орындалмай жүр. Көл жағасының санитарлықтазалығы сын көтермейді. Су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргізген кезде табиғат қорғау заңдылықтары сақталмайды. Мысалы Абай көшесі мен Вокзал алдын жөндегенде ағынды су Қылшақты өзеніне құйылды.
Қалада автожуғыш нысандарының талапқа сай еместігі байқалуда. Бірде-бір автожуғышта су айналымы жүйесі жоқтықтан жаратылған су қайта пайдаланылмайды.
Рұқсат етілмеген көң-қоқыс төгетін орындар көп. Рұқсат етілмеген 10 орын бар болып шықты. Шамамен 12 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар төгілген жер көлемі 25 гектрадай. Тазартылған жерлерге соңғы кезде қайтадан қоқыс, қалдықтар төгілуде. Мұндай жай «Жайляу» шағын ауданында орын алған. Қаланың орталық полигоны 26,8 га жер көлемін алып жатыр. Жағдайы жақсы деуге келмейді. Полигон шекарасы реттелмеген. Тұрмыстық, өндірістік қалдықтар, қоқыс тәртіппен, ретімен іріктеліп, сұрыпталып төгілмейді. Полигонда орманды қорғаныс жасалмаған. Желді күні ондағы зиянды көң-қоқыс жақын маңдағы елді мекендерге ұшып жатады [61].
Информация о работе Көкшетау қаласының географиялық сипаттамасы, экономикалық, экологиялық жағдайы