Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:10, реферат
Экология – қазіргі кезеңде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Оның мақсаты мен міндеттері жаратылыстану – математикалық, қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар негізінде айқындалып, өзінің зерттеу аясын кеңейте түсті. Қазіргі кезде экология барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды. Оның жекеленген ғылымдардың мақсатына сәйкес мәні мен сипаты, атқаратын қызметі, зерттеу .
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Экология ғылымының негізгі анықтамалары
2.Экология зерттейтін мәселелер
3.Экологияның даму кезеңдері
4.Қазіргі заман экологиясы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Экология ғылымының негізгі анықтамалары
2.Экология зерттейтін мәселелер
3.Экологияның даму кезеңдері
4.Қазіргі заман экологиясы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экология – қазіргі кезеңде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Оның мақсаты мен міндеттері жаратылыстану – математикалық, қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар негізінде айқындалып, өзінің зерттеу аясын кеңейте түсті. Қазіргі кезде экология барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды. Оның жекеленген ғылымдардың мақсатына сәйкес мәні мен сипаты, атқаратын қызметі, зерттеу
нысаны өзгерді. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан – жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйелерінен тұрады. Экология ғылым саласы ретінде XVIII ғасырдың орта шенінде танылғанымен оның теориялық негідері география, биология, астрономия және т.б ғылымдармен сабақтастықта дамып қалыптасты.
«Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология ( грекше oicos – мекен, үй және logos - ғылым ) сөзбе – сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән берілуіне орай, оның анықтамаларың тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Мысалы, «ұзақ мерзімдік қолданыс» үшін ең қолайлысы «Экология – қоршаған ортаның биологиясы» деген анықтама болар еді. Отандық экологтардың бірі А. С. Даниллевский: «Экология – экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген. XX ғасырдың ақырғы онжылдықтары үшін Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген «Экология пәні – организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы немесе құрылымы» - деген анықтама экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді.
Авторлар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір – бірімен жарыса отыры, бұл ғылымға ең толық анықтаманы Эрнест Геккельдің өзі бергенін естерінен шығарып алады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтанқанда, экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым – қатынастарды зерттеу болып табылады ». Бұл анықтаманы негізге ала отырып экология ғылымының қазіргі кездегі анықтамасын нақтылауда беларусь ғалымы
В. А. Радкевич, орыс ғалымы Н. Ф. Реймерс, қазақстандық ғалымдар
Н. О. Байтулин, Е. В. Гвоздев, А. Б. Бекенов және т.б. еңбектерін атауға
болады. Негізінде экология ғылымының ең басты ерекшелігі – өзінің барлық зерттеу нысандарын басқа ғылымдар сияқты біржақты қарамай кешенді түрде жан – жақты қарастырады. Қазіргі кездегі экология ғылымының зерттеу аясы өте кең. Яғни, экология дегеніміз - «табиғаттағы барлық өзгерістер мен қарым – қатынастарды айнала қоршаған ортамен және адамның іс – әрекетімен байланыстырып зерттейтін ғылым» - деп білуіміз қажет. Сондықтан боларкез келген ғылым өзінің зерттеу нысанын экология ғылымымен байланыстырып зерттеулер жүргізіп жатқаны осыны дәлелдейді. Экологтар анықтағандай табиғаттағы барлық өзгерістер, дағдарыстар мен апаттар адамның іс – әрекетімен тығыз байланысты өрбіп, дамып отырады.Адамның оң және теріс іс – әрекеттері туралы байырғы қазақ даласының тұрғындары экология ғылымының қазіргі өзекті мәселелерін болжап айтқан болатын.
Шын мәнінде, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері жаратылыстану ғылымдары негізінде қалыптасты. Биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығын және ондағы өзгерістердің себеп – салдарын кешенді түрде қарастыратын ғылымға айналды.
Экология ғылымының қалыптасуы қазақ жерін зерттеуші шетелдік ғалымдар А. Гумбольдт, Д. Кошкаров, А. Параскиев, А. Северский және т.б. есімдермен тығыз байланыстыдеуге негіз бар. Ал осы бағытта қазақстандық табиғат зерттеушілері Х. Досмұхамедов, А. Күдерин, П. Мариковский,
А. Ковшарь, А. Бекенов және т.б. еңбегі арқылы дамып отырды.
Алғашқы экологиялық
зерттеулердің элементтерін
Осы заманғы
экологияның негізгі салалары
мен бөлімдері тоғысатын
Ортаға бейімделудің экологиялық механизмдері. Бұл механизмдерді
экология әдістерімен
айқындау үшін ең алдымен популяциялардың
адаптивтік құрылымы зерттелуі қажет.
Популяцияның санын реттеу. Осы заманғы ауыл шаруашылығы үшін басты мәселелердің бірі – биогиялық әдістерді барынша дамыту және жетелендіру арқылы зиянкестермен күрестің химиялық құралдарын мейлінше аз мөлшерде қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесін жасау. Популяциялар саны динамикасының синтетикалық теориясы зиянкестермен күрестің интеграцияланған әдістерін іске асыру бағытында көптеген шараларға негіз бола алады.
Өнімділік процестерін басқару. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған шаралардың төркіні осы проблеманың шешілуінде жатыр. Бұған, біріншіден – фотосинтез және бастапқы өнімнің жинақталуы, екіншіден – гетеротрофтыдың бірінші трофикалық деңгейден келіп түскен энергияны ұқсатуы және ақырында – туындаушы өнімнің пайда болуы тәрізді энергия ағынын трофикалық тізбектің әр түрлі деңгейлерінде сандық жағынан сипаттау мәселелері кіреді.
Табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы. Бұл проблема сукцессиялар теориясымен, түр әр алуандығы және ценоздық
қарым – қатынастардың ерекшелігі мәселелермен байланысты. Келешекте адамның орнықты және орнықсыз экожүйелерде оңтайлы мөлшерде арнайы аралас орналастыруы, агроценоздарда реттеуші механизмдерді қолдауы тұр.Бұндай зерттеулер келешекте биосфераның принципті түрде жаңа құрылымдық бөлімдерін – бірінші орынға орнықтылық, тұрақтылық, өнім түзу процесінің ең жоғары эффективтілігі сияқты ерекшеліктер қойылатын табиғи шаруашылық экожүйелерін құруға мүмкіндік береді.
Экологиялық индикация. Экологиялық индикацияның міндеті – ландшафттың кейбір компоненттерін және элементтерінің ерекшеліктерін анықтау және олардың өзгеру бағытын нақтылы жағдайда тіршілік етуші организмдердің түр құрамы арқылы анықтау. Экологиялық индикация топырақ типтерін диагностикалау және топырақ түзу процесі бағытының өзгеруін анықтау үшін, су мен ауаның сапасын анықтау үшін, пайдалы қазба байлықтарды, әсіресе шашыраңғы орналасқан, әдеттегі геологиялық және геофизикалық әдістермен табылмайтын кендерді іздеуде кеңінен қолданылады.
I – кезең (1707-1924 ж.ж). Бұл кезең XVI – ғасырдың басы мен XVIII – ғасырдың соңғы жағын қамтиды. К. Линней (1707-1778), Ж. Л. Бюффен (1907-1778), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893),
П.С. Паллас (1741-1811), И.И. Лепехин (1740-1802),
А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф. Рулье (1814-1858), Н.А. Северцов
(1824-1885), А.Н. Бекетов (1825-1902),
Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908),
Э. Геккель (1834-1919), Е. Варминг
(1841-1924), В.В. Докучаев (1846-1903) т.б. биосфера
компонеттерін зерттеуден; биологтар,
химиктер, систематиктер өздерінің
ғылыми еңбектерінде
К. Ф. Рульенің «Жануарлар экологиясы », А. Н. Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы», атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен қатар Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі»,
«В. В. Докучаевтың зоналары»
туралы ілім және тағы басқа ұлы
табиғат зерттеушілердің
II – кезең (1924 – 1980 ж.ж). Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг,
К. Мебус т.б. ғылым – биологтар Н. А. Северцов, М. А. Мензбир,
Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов,
Н. И. Калабуков жан – жақты экологиялық зерттеулер жүргізді.
Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Танфильев,
Н. Крылов жануарлар мен
өсімдіктер физиологиясын зерттеп,
экология ғылымының дамуына үлкен
үлес қосады. Әсіресе, Г. Ф. Морозовтың
«Орман туралы ілімі», Биолог – ғалымдар
оны орман – тоғайын
Бұдан кейін
экология ғылымы дара ғылым
деңгейіне көтеріліп өзінің
Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский,
Б. Г. Иоганзен болатын. Топырақта тіршілік
ететін ағзалардың экологиясын зерттеген
ғалымдарда бар. Олар: Меркурий Сергеевич
Гиляров (топырақтағы ағзалар
Г. Я. Бей – Бейсенко, В. В. Яхонтов, А. Викторов насекомдар экологиясы және тағы басқа эколог ғалымдар: В. В. Догель, Е. Н. Павловский,
В. Н. Беклемишев (паразитологиялық
экология), сүтқоректі, құс және бауырмен
жорғалаушылар экологиясын
Өсімдіктер
экологиясын (В. Н. Сукачев,
Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко
және тағы басқа зерттеуші
ғалымдар екенін айтпай кетуге
болмайды. Осы уақытта жоғарыда
аты аталған зерттеуші –
А. П. Щенников
өзінің «Өсімдіктер экологиясы»
Б. Г. Иоганзеннің «Экология негіздері» (1959), Н. П. Наумовтың «Жануарлар экологиясы» (1963), тағы басқа экология проблемаларына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Шет мемлекеттерде ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген аса ірі экологтардың А. Пирсаның «Жануарлар экологиясы» (1926), Ч. Эльтонның «Жануарлар экологиясы» (1934), В. Шелфорд пен Ф. Клементтің «Биология» (1939), Ю. Одумның «Экология» және ««Экология негіздері» (1975, 1989), Р. Риклефстің «Жалпы экология негіздері» (1981), жарыққа шықты.
Ал, кейінгі
кезде Н. Чернова мен А.
В. А. Радкевичтің «Экология» (1977), Н.Ф. Реймерстің «Экология» (1994) және тағы басқа экологтардың аса бағалы ғылыми еңбектер мен оқулықтары жарық көрді.
III – кезең (1980 – 2000 ж.ж ). Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси – экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа қағидалары мен бөлімдерін ерекше түрде ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Мысалы, аса ірі эколог – биолог А. М. Гильяров «Популяциялық экологияны» жазып оны 1990 жылы жарыққа шығарды. Сонымен бірге М. Захарченконың «Экологияның қазіргі проблемалары» (1995), Н. Реймерстің «Экология» (1999), В. В. Глуховтың «Экологияның экономикалық негіздері» (1994),
Ж. Жатқанбаевтың «Экология терминдерінің түсінігі сөздігі» (2000) және тағы басқа эколог, химик – биолог ғалымдарының еңбектерін атауға болады.
Қазіргі экологияның бөлінуі
ЭКОЛОГИЯ |
Экологияның қосымшалары табиғатты қорғау және адамның айналасын қоршаған орта. Экономикалық экология табиғи биоресурстарды пайдалану |
Жалпы экология |
Теориялық экология, Математикалық экология, Экологиялық үрдістерді және жүйелерді моделдеу, Эксперименталды экология
|
Қолданбалы экология |
Инженерлік экология, ауылшаруашылық экологиясы, биоресурс және аңшылық экология, коммуналдық экология, медмциналық экология |
Биоэкология |
Жүйелердегі ағза топтарының экологиясы. Табиғи биожүйелердің экологиясы, особьтардың экологиясы
|
Адам экологиясы |
Әлеуметтік экология, адамзат баласының экологиясы
|