Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:57, реферат
Мазмұны бойынша экологиялық карталарды төрт топқа бөлуге болады:
1)экологиялық-геологиялық жағдайлардың картасы;
2)экологиялық-геологиялық аудандау картасы;
3)экологиялық-геологиялық болжамдар картасы;
4)экологиялық-геологиялық ұсынымдар картасы.
Мазмұны бойынша экологиялық карталарды төрт топқа бөлуге болады:
1)экологиялық-геологиялық жағдайлардың картасы;
2)экологиялық-геологиялық аудандау картасы;
3)экологиялық-геологиялық болжамдар картасы;
4)экологиялық-геологиялық ұсынымдар картасы.
Карталардың бірінші типі фактологиялық карталар категориясына жатқызылуы тиіс. Бұл крталарда биотаға(адамға, фаунаға, флораға, тұтастай экожүйеге) әрекетінің мүмкіндігін сипаттайтын параметрлер комплексі немесе литосфераның жекелеген параметрлері көрсетіледі.
Экологиялық- геологиялық аудандау карталары бағамдау карталары болып табылады. Бұл карталар болжамдық бағалау мен табиғат қорғау ұсыныстары үшін базалық болып табылатын экологиялық-геологиялық карталар құрамындағы ең маңызды типі саналады.
Экологиялық-геологиялық болжамдар картасында геоэкологиялық жағдайлардың табиғи динамикасы барысында және ең бастысы – аумақтарды экономикалық игеру процесі мен табиғитехникалық жүйелердің әрекетіндегі өзгерісінің кеңістік пен уақыттық болжамы көрсетіледі.
Экологиялық-геологиялық ұсынымдар картасы геоэкологиялық пен әлеуметтік-экономикалық ақпаратқа негізделеді. Бұл карталарда графикалық формада ауқымды мәселелер бойынша ұстанымдарды экологиялық пен геологиялық тұрғыдан ұтымды пайдаланудан бастап, экономикалық әрекетті шектеу мен био-социосфера нысандарын қорғауға дейінгіні қамтитын ұсынымдар көрсетіле алады.
Аталған төрт типті карталардың әрқайсысы мазмұнды ақпаратты беру сипаты бойынша екі түрге бөлінеді: аналитикалық және синтетикалық.Аналитикалық карталарда геоэкологиялық жағдайлардың бір немесе бірнеше көрсеткіші сипатталады немесе бағаланады,болжанады.
Практикалық мақсаты бойынша экологиялық-геологиялық карталар екі түрге бөлінеді жалпы және арнайы.Жалпы практикалық экологиялық-геологиялық карталарда геологиялық жағдайлардың параметрлерін нақтыламай,нақты тар мақсатта пайдаланылуын ескермей сипаттайды.Осыған байланысты мұндай карталар көп мақсаттымәселелерге арналған болып шығады.Ал арнайы экологиялық-геологиялық карталарда тек белгілі бір мәселені шешуге қажет геологиялық ақпарат көрсетіледі.Мәселен,адамға таужыныстардың табиғи радиобелсенділігі әсерін бағалау.
Масштабы бойынша экологиялық-геологиялық карталар шолулық(масштабы1:1 000 000-1:500 000-ден ұсақтау),орташа масштабы(1:200 000-1:50 000)және ірі масштабы(1:25 000-нан ірілеу)түрлерге бөлінеді.
Шолулық немесе ұсақ масштабты экологиялық-геологиялық карталар негізінен ғылыми және оқулық мәнге ие,олар жобалау алды кезеңдеріндегі әзірлемелер мәселесін қарастырғанда пайдаланылады.Орташа масштабты карталар геологиялық жағдайлардың ерекшеліктерін көрсететін түбегейлілігі жеткілікті саналатын негізгі материал саналады.Олар нысандарды жобалау кезінде тікелей пайдаланыла алады.Ірі масштабты карталар көпшілік жағдайда арнайы карталар ретінде жасалынады.Оларды нысандарды жобалаған кезде және қорғаныс мәселелерін қамтитын экологиялық бағдарланған шараларда пайдаланады.
Жаңартылған материалының сипаты бойынша экологиялық-геологиялық карталар екі типке бөлінеді:1)ақпаратының мазмұны тұрақты карталар;2)ақпараты біртіндеп толықтырылып тұратын карталар.Жасалып қойған және жасалған карталардың көпшілігі бірінші типті категорияға жатады.Олардың ең басты міні-статикалылығы,ал геологиялық жағдайлар әдетте динамикалық жүйе болып табылады.Сондықтан карталардың мүндай міні біртіндеп толықтырылатын карталар жасау жолымен жойылуы мүмкін.Бұл карталарды әдетте кезекші деп атайды да олардың мазмұны геологиялық жағдайлардың өзгеруі туралы алынған жаңа деректермен,атап айтқанда геоақпараттардың компютерлік жүйесінде әрдәйім толықтырылып тұрады.
Карталар жасауға қажетті ақпарттар. Экологиялық-геологиялық карталар жасауға қажет ақпараттар жинау өте қиын процесс. Ол жан-жақты ақпарат жинауды, ал бірқатар мәселелер бойынша геологиядан басқа салалардың мамандарын пайдалануды қажет етеді. Геологиялық зерттеулердің бастапқы кездерінде фактологиялық материалдың үш типін – геологиялық, медициналық-биологиялық пен әлеуметтік-экономикалық деректерді жинау мен жүйелеу қажет. Бастапқы геологиялық пен медициналық-биологиялық карталарда жинақталған барлық жан-жақты ақпаратты ескеру әрі талдау дербес геологиялық карталарды – экологиялық-геологиялық жағдайлар, экологиялық-геологиялық аудандау мен экологиялық-геологиялық болжамдар картасын жасауға мүмкіндік береді. Мұндай карталарды геологиялық орта мен биотаның экологиялық-геологиялық ерекшеліктерінің байланысы көрсетіледі.
Геологиялық карта ірі масштапты ГЭЗК-нің негізгі құжаты болып табылады және ол жұмыс процесінде ақпараттық синтезі болады.