Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:44, реферат
Экологиялық сертификаттау (Экологическая сертификация) — қызметтің немесе өнімнің белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келетіндігінің арнайы актімен хатталып расталуы.[1]
Экологиялық сертификаттаудың негізгі мақсаты, қоршаған ортаны төмен дәрежеде ластайтын, өнімнің тұтынушының өміріне, денсаулығына және қоректену ортасына залалсыздығына кепілдік бере алатын, өнімдер мен тауарлардың технологиялық процестерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірушілерді ынталандыру үшін көрсетілетін қызмет.

Бүгінгі таңда Қазақстанда экологиялық сертификаттау нөлдік жағдайда қалып отыр.
Қазіргі жіктеу бойынша, осы салаға жататын объектілер үш топқа бөлінеді:
Қоршаған табиғи орта жағдайын бағалаудағы түсінбеушілік салдарынан алғашқы екі объектіні сертификаттаудың дамуы тежелуде. Оның себебі мынада: Республикадағы қоршаған орта сапасын анықтауға әр түрлі ұйымдар, яғни, табиғат қорғау органдары, бақылау органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, табиғат пайдаланушылар, академиялық және сапалық ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар қатысады.
Әр түрлі мекеменің бағалау мәліметтері түрліше болғандықтан, оларды салыстыру қиындық туғызады. Мәліметтердің дәлдігіне, олардың кәсіптік, техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі де әсерін тигізеді. Сондықтан, қателердің бағасы өте жоғары болмас үшін, экологиялық сертификаттау объектілерінің анық топталуы қажет.
Экологиялық сертификаттау объектілері төрт түрге бөлінеді:
Экологиялық сертификаттаудың өзекті мәселесі - қалдықтар. Бұл жағдайдағы сертификаттау қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін болдырмау және оларды мүмкіндігінше қосымша шикізат көзі ретінде пайдалануға бағытталған. Қазақстанда қалдықтардың түрлері мен категориялары үшін халықаралық стандарттарды тікелей қолдану жүйесін дамытудың маңызы зор. Себебі ол сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттаумен тікелей байланысты.
Экологиялық жаңа өнім түрлері мен процестерін сараптау мәселелеріне көп көңіл бөлініп жатқан жоқ. Олар үшін нормативтік құжаттарға сәйкес талаптар енгізу керек.
Экологиялық сертификаттауға халықаралық ұйымдардың назары ауып отырғанын айта кеткен жөн.
Экологиялық таңбалау және тіркеу мәселелерімен халықаралық ИСО (стандарттау бойынша халықаралық) ұйым айналысады.[2]
Пайдаланған әдебиет