Экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:49, реферат

Описание работы

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХ1 ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті.Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы,зауыттардың еселеніп салынуы,жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру,қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып,жетістігімен қатар апатын да ала келді.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.

Содержание

Табиғаттың қазiргi жағдайы
Атмосфераның ластануы, оны тазарту
Қазақстандағы экологиялық мәселелері
Суды тазарту жолдарыныҢ ерекшелiгi
ТопыраҚтыҢ ластануы жӘне топыраҚты Қайта ӨҢдеу жолдары
Табиғат тазалығы- жарқын болашақ үшiн!

Работа содержит 1 файл

на печать.docx

— 26.62 Кб (Скачать)

 

 

Жоспар:

 

  1. Табиғаттың  қазiргi жағдайы
  2. Атмосфераның ластануы, оны тазарту
  3. Қазақстандағы экологиялық мәселелері
  4. Суды тазарту жолдарыныҢ ерекшелiгi
  5. ТопыраҚтыҢ ластануы жӘне топыраҚты Қайта ӨҢдеу жолдары
  6. Табиғат тазалығы- жарқын болашақ үшiн!

 

 

 

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің  бұзылуы ХХ1 ғасырда бұрын-соңды  болмаған деңгейіне жетті.Ғаламат  жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы,зауыттардың еселеніп салынуы,жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру,қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып,жетістігімен қатар апатын да ала келді. 
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. 
АҚШ,Англия,Франция,Германия,Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып,сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырамдап барып қана жүзеге асырады.Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары. Мысалы, атмосфераның ластануының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б жатады.                                                         Ауаны тазарту — физикалық-химиялық әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу. Ауаны негізінен өндіріс орындары, жылу, қуат өндіру көздері, автокөліктер ластайды. Сондықтан зиянды қоспалардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі физ.-хим. әдістер (абсорбтау, адсорбтау, конденсаттау, тотықтыру т. б.) қолданылады.Сонымен қоса өсімдіктер мен ағаштарды көп өсіру қажет. Ауа ластануында шаң-тозаң салмағы зор. Көптеген технологиялық процестер шаңның бөлінуі және пайда болуымен қатар жүреді. Шаңдар ортаны қамтып тұрған атмосфераны, су қой-маларын, өсімдіктерді ластайды. Дайын өнім мен шикізаттың миллиондаған тонна болатын бірнеше пайызы шаң түрінде қоршаған ортамен араласады. Кәсіпорындар орналасқан аудандар мен елді мекендердің атмосферасындағы, сонымен қатар өндіріс орындарының ауасындағы шаңның мөлшері майда дисперсті шаң есебінен шекті-рұқсат етілетін концентрациядан (ШРК) асып тұр.Есеп бойынша, өнеркәсіп аумағындағы жерге жақын қабаттағы шаң концентрациясын ШРК-ға дейін төмендету үшін ауаны зиянды заттардан тазарту тиімділігі 99,5-99,8% кем болмауы тиіс. Сондықтан бұл күрделі ғылыми және инженерлік мәселеге айналып отыр. Көптеген өнеркәсіп орындарында технологиялық жетілдірудің жеткіліксіз болуы салдарынан атмосфераға шаңның айтарлықтай бөлігі шығарылады. Осы мәселені шешу жолында болашақта шаңсыздандыру кешені бойынша жаңа ғылыми идеялар мен жаңа тиімді техникалық ұсыныстар қажет.                                                                                                                           Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлдер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар. 
Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған. 
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында. 
Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.                                        Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен, су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.                         Суды тазарту жолдары:            Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.                                                                                                                                                 Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.                                                                                                                                Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.                                                           Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.   Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар. 
Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр адамға шаққанда 0,5 АҚШ долл. құрайды. 
Биотехнология қоршаған ортаны - бактериядан папортникке дейiн (папортниктiң күшәндық қосылыстарды жинау қабiлеттiлiгi), адамға қажет емес сияқты папортниктен жоғары өсiмдiктерге дейiн және барлығын қорғауды да адамға қызмет етуге мәжбүр етедi. 
Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн әлемдiк технологиялар рыногы қазiргi уақытта 235 миллиард долларға бағаланса, кейбiр бағалар бойынша 25-тен 40%-ға дейiн биотехнологиялар үлесiне тиедi. 
Топырақтардың, су қоймаларының, полигондардың санация, фиторемедиация, биоремедиациясы 
Бүгiнгi таңда ауыр металдармен және басқа да элементтермен ластанған топырақтарды тазарту мәселесi ашық қалуда. Металдарды өсiмдiктер жинау есебiнен топырақтардан алып тастау үшiн фиторемедиация тәсiлi iс жүзiндегi әдiстердiң (экскавация, жуу) альтернативасы, атап айтқанда аз шығындар салдарынан болып табылады. 
Адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі топырақтар санациясы, әскери полигондардың аумақтарын тазарту және химиялық қаруды жою мәселелері болып табылады.                                                                                                                                        Ал ендi топырақты тазарту мәселесiне келетiн болсақ, бұнда аймақтық-өндірістік мұнайгаз кешендері мен магистралды мұнай-газ тасымалдаушы құбырларын қоршаған ортаны ластайтын ірі кәсіпорындар орны ерекше, ластау коэффицентi жоғары. Топырақ қабатының мұнай және олардың қоспаларымен ластануы және ағын сулары мен жер асты суларының жоғары минералдануы мұнай-газ шикізатын қайта өңдеуге дайындау кезінде түзіледі. Осыған байланысты мұнай қоспалары,ілеспе мұнай газы және оның жанғаннан кейінгі өнімдері атмосфераға кең көлемде тарайды. Топырақта өзін-өзі тазарту және бейімделу механизмдері әрекет ететіндігі белгілі. Топырақ биосфераның бөлігі ретінде онда болатын организмдермен бірге әмбебап физикалық, химиялық және биологиялық адсорбент және адамның шаруашылық қызметі қалдықтарының барынша әр түрлі органикалық бірлестіктерін, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін бейтараптандырушы болып табылады.Алайда топырақта мұнайдың көп мөлшерде болуы өзін-өзі тазарту механизмін толығымен жоюға қабілетті және адамның араласуынсыз табиғатта топырақты қалпына келтіру ондаған жылдарға созылып кетер еді. Қалдықтарды төменгі температурадағы термиялық десорбция әдісімен өңдеу ластанған топырақтарды өңдеу бойынша қондырғы көмегімен жүргізіледі. Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс,  вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.  
Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады.  
Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация да солай.  
Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.  
Ауаны таза ұстаудың шаралары 
Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. 
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды.                                                                                                                                     Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.  
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.  Табиғат тазалығы- жарқын болашақ,  ұрпақ денсаулығы кепiлi!

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.  

Алматы, Ғылым, 1997.

  1. Жатқанбаев Ж. Ж. «Экология негіздері». Алматы – 2003

 

  1. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университетің, 2007.

 


Информация о работе Экологиялық проблемалар