Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 10:16, реферат
Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді
Экологиялық орта және
денсаулық.
Соңғы жылдары жер
шарында экологияық апаттар қаупі
күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто
айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын,
қазір адам табиғатты қорқытады»
ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені
сондай, жер шарында табиғат өзгеріп,
елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар
әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның
алдынан орман кездессе, артында шөл қалады».
Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің
елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте
түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий
және т.б.
Кенді Алтай Шығыс
Қазақстандағы экономикасы
Алтайда түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскеменде (қорғасын, мырыш), Риддерде (полиметалл) және Зырянда (қорғасын). Бұл кәсіпорындардың республиканың ауыр өнеркәсібі үшін маңызы өте зор. Бірақ, экология мәселесіне де бей-жай қарауға болмайды. Алтай өңірі орман-тоғайымен, биік тауларымен, сол таулардан құлай аққан мөлдір бұлақ, өзендерімен көздің жауын алатын. Жергілікті халықтың, жалпы Қазақстанның мақтанышы еді. Өндіріс дамыған сайын Алтай бұрынғы көркінен айырыла бастады. Әсіресе Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының ауасы тым ауырлаған. Түрлі металлургиялық комбинаттардан көтерілген лас ауа ашық аспанда улы газдармен айғыздап отыр. Зайсан көлінің кезінде тайдай тулаған балықтары көлденең ауруға шалдығып, өзінен-өзі құруда. Себебі, көлге өнеркәсіптің орасан зор шайынды сулары құйылады.Алтаидың бүгінгі жағдайы, экологиялық проблемалары туралы мәселелерді талқылау үшін ғылыми конференция ұйымдастырып отырмыз. Бұл конференция сабаққа Алтайдағы ірі кәсіпорын басшылары мен маман, ғалымдар қатысып отыр.