Экологиялық нормативтік-құқықтық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:21, реферат

Описание работы

ҚР-ның экологиялық нормативтік - құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Содержание

1. Экологияның нормативтік – құқықтық түсінігі.
2. Экологиялық нормативтік – құқықтық қатынас және қайнар көздері.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық нормативтік-құқықтық негіздері.docx

— 18.39 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Ғылым мен Білім министрлігі

 

Абай Мырзахметов  атындағы Көкшетау университеті

 

Инженерлі –  экологиялық факультеті

 

Экология, ӨҚ және ҚОҚ кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

1. Экологияның нормативтік – құқықтық түсінігі.

 

2. Экологиялық  нормативтік – құқықтық қатынас және қайнар көздері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР-ның  экологиялық нормативтік - құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында  қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі  және болашақтағы ұрпақтар мүдделері  үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану  тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің  қатысуы жағдайында азаматтар мен  ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен  байланысты болуы.

Экологиялық нормативтік – құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар  мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық нормативтік – құқықтық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан  Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз  табиғат ресурстарының меншік  иесі болып табылады.

2. Шетелдік  мемлекеттер - Қазақстанның табиғат  ресурстарын пайдалану мәселелері  бойынша экологиялық қатынастардың  субъектілері болып табылады, республикаға  табиғи ортаға келтірген залалы  үшін жауап береді (шекаралық  су объектілері бойынша бірлесіп  су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды  тұлғалар.

4.  Жеке  тұлғалар.

 

Экологиялық нормативтік – құқықтық жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық  құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер  қаралады. Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экологиялық нормативтік – құқықтық қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экологиялық нормативтік – құқықтық қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді; 

2. ресурстық;

3. әлеуметтік - экологиялық. 

Экология  құқықтарының кешенді қайнар көздеріне  нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне  бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға  болады.  Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады. Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология  құқықтарының ең негізгі қайнар  көзіне Қазақстан Республикасының  Конституциясы жатады.   

2) Экология  құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы  табиғи ортаны қорғау туралы»  Қазақстан Республикасының заңы  жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология  құқықтарының қайнар көздеріне  министрліктер мен ведомстволардың  нормативтік – құқықтық актілері  жатады. Министрліктер мен ведомстволардың  актілері салалық басқаруды жүзеге  асырады.

Экологиялық нормативтік – құқықтық актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер ерекше орыналады. Олар Қазакстан Респуб-ликасы зандарынан зандық күші жағынан жоғары. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика зандарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармагы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ занда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 -бабы 1 -тармағы: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп кояды». Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан  Климаттың өзгеруі жөніндегі  Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның Үлгілік  конвенциясын бекітті, ал 1999 жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда  климаттың өзгеруі жөніндегі  БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясына  қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. «Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына  қосылуы туралы» 1997 жылғы 30 қазандағы  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы заңы бойынша Қазақстан «ОҚБ заттар туралы» Монреаль хаттамасына қол  қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан  «Қауіпті қалдық-тарды трансшекералық тасымалдауды бақылау туралы» Базель конвенциясына қосылды. 1991-2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы  әр түрлі халықаралық нормативтік  құқықтық актілерге қол қойды. Бұл  аталған халықаралық құкықтық нормалардың  барлығы Қазақстан Республикасы зандарынан заң жағынан күші жоғары.

 


Информация о работе Экологиялық нормативтік-құқықтық негіздері