Экологиялық мониторинге түсінік және оның

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 21:55, реферат

Описание работы

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық мониторинге түсінік және оның.docx

— 18.85 Кб (Скачать)

Экологиялық мониторинге түсінік және оның

 міндеттері.

 

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік  іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

 Табиғи және антропогендік  әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін  шектеуші көрсеткіш болып экологиялық  шектеулі рауалы жүктеме саналады. Экологиялық шектеулі рауалы  жүктеме былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауыпті ахуал, экологиялық дағдарыс

басталып, ол бүкіл биосфераның  азуына, қоршаған ортаның адамның  денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауырып соғады. Қазіргі  уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.

 Өскеменде Қазақстандағы бірден-бір экологиялық мониторинг орталығы жұмыс жасай бастады, жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды.

 

Қондырғыны іске қоса отырып, жергілікті билік экологиялық жағдайға жедел әсер етуге мүмкіндік беретін қажетті кеңейтілген және тереңдей түскен картинаны алуға есеп жасап отыр. Бұл жүйе Skylink базасында салынуда, бұл жасалым «СоюзАтомПрибор» ЖШС-ның инновациялық жобасы болып табылады, ол адамға тәуелсіз өз алдына жұмыс істейді. Жабдық ауа, радиация, су қорларындағы судың деңгейі, метиобекет сияқты төрт позиция бойынша бақылау параметрлерін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Экологиялық мониторинг орталығының жұмысы басталуына арналған ресми салтанатты рәсімде әңгіме болды.

 

 

Экологиялық мониторинг орталығының  жұмысын қала әкімі Ислам Әбішев таныстырды. Қала әкімі орнатылған мониторинг жүйесі Қазақстанда алғашқы  екенін атап көрсетті. «Біздің әріптестеріміз ресейліктер бірегей жабдық орнатып берді, оны жаңартуға болады. Маңыздысы - орталыққа ақпарат жедел түрде түседі», - деді И.Әбішев.

 

 

 Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  Өскемендегі Skylink жүйесі жұмысының  нәтижесі бойынша оны аймақтың  барлық аумағында енгізуге болатынын  атап өтті. «Өскемендегі экологиялық  жағдай күрделі, сондықтан да  біз жергілікті билік ретінде  тиісті шаралар алуға тиіспіз», - деді аймақ басшысы.

 

 

Бұл өнеркәсіптік Өскемендегі елеулі оқиға болды. Әлеуетті қауіпті нысандардың  өндірістік-экологиялық мониторингісін жүргізетін аймақтық жүйе қоршаған ортаның жағдайына автоматты түрде бақылау жасаумен мен қатар техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға да дереу үн қатуға мүмкіндік береді.

 

 

Экологиялық мониторг орталығының  таныстырылымына «Синтетик» ЖШС  директоры Б.Шахмұхаметов пен ресейлік «СоюзАтомПром» компаниясының бас директоры В.Назаров, қала жұртшылығы, экологтар қатысты.

Экологиялық мониторинг нысандарына  табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік  экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің  мақсаты тек қана деректер жинау  емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.   Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.

 Табиғи факторлармен салыстырғанда  антропогендік факторлар биосфераның  жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады.

«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық  орталығы » 2005 жылғы 7 қыркүйекте университет  ректорының бұйрығы бойынша құрылды. «Мониторинг» ҒЗЭО заманауи инновациялық технологияларды және жаңа жаңа ғылыми мәнді өнімдерді жасау жөніндегі  қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулердің  тиімділігін көтеру, өндірісте және оқыту үдерісінде алынған нәтижелерді қолдануды жеделдету, ғылыми жұмыстың университеттің оқыту-тәрбиелеу үдерісмен бірлігін одан әрі дамытуды қамтамсыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы байланысты нығайту және дамыту мақсатында өзінің қызметін жүзеге асырады.


Информация о работе Экологиялық мониторинге түсінік және оның