Экологиялық факторлардың

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 22:25, лекция

Описание работы

Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет.

Работа содержит 1 файл

Экология.docx

— 29.95 Кб (Скачать)

Экология  - жаңа,  жас  ғылым  саласы.  Бұрын соңғы он – жиырма  жылға дейін тіптен  көңіл бөлінбей  келген.  Әбден табиғатымыз азып – тозғанда,  бұл ғылым саласына  бет бұрдық.  Енді  болашақта,  экология  саласында білім берудің аясын кеңейте түсу  қажет.  Ең  негізгісі, “экология”  пәнін бала  бақшаларынан  бастап  барлық  мектептерде,  орта  және  жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз  ету қажет.  Сонда ғана   ертеңгі күннің  белсенді   табиғат қорғаушыларын дайындауға  мүмкіндік аламыз [10,144б].    

Тірі  организмдердің   таралуы  бірінші  кезекте   өздері  мекендейтін ортаның  жағдайымен  анықталады.  Барлық  тірі  және  өлі   объектілер,  жануарлар  мен  қоршаған  өсімдіктер,  олармен  өзара  тікелей  байланыста  болатын  мекен  ортасы  деп  аталады.

Қоршаған  орта (немесе  қоршаған  табиғат  ортасы)  терминінде   адамдардың  ықпалы  жайылатын  табиғаттың  сол  бөлігі  ретінде  түсіндіріледі.

Тірі  организмдерге  әсер  ететін   ортаның  элементі  - экологиялық  факторлар  деп  аталады.  Өзінің   ықпал  ету  ерекшелігіне  қарай  ол  үш  топқа  бөлінеді:

- абиотикалық   фактор – бұл  өлі  табиғаттың  тірі  организмдерге  тікелей   немесе  жанама  түрде   әсер  етіп,  олардың  өмір  сүру  жағдайын  белгілеу   қасиеті  (температура,  жарық  немесе  басқа  сәулелі  энергия,  ылғалдылық,  ауаның  құрамы,  атмосфералық   қысым,  жауын-шашын,  жел,  су   құрамы,  топырақ,  жер  бедері, т.б.)

- тіршілік  факторлары – бұл   тіршілік  иелерінің  бір-біріне  жер   етудің  барлық  формалары.  Әрбір   организм  басқа  жеке  дараның   тікелей   немесе  жанама   түрдегі  ықпалын  бастан  кешіреді,  өздерінің   немесе  өзге  түр  өкілдерімен   өзара   қатынаста  болады  немесе   оларға  тәуелді   болып,  не  болмаса  өздері  әсер  етеді.

- антропогенді  факторлар – организмдердің  мекен  ортасына,  табиғаттың  өзгеруіне,  олардың  өмір  сүру  жағдайына  тікелей  ықпал   жасайтын   адам   қызметтерінің   барлық  факторлары.  Мұндай  факторларға    жататындар: өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылық  өндірістері,  көлік  пен   шаруашылықтың  өзге  салалары.  Әсіресе,  соңғы  жылдары   антропогенді  түрде  табиғатқа   әсер  ету  көлемі  арта  түсуде  [11,37б].

Экологиялық   факторлардың  әр  әр  алуандылығына   қарамастан   олардың  организмдерге  әсер  ету  қасиеті  мен  тіршілік   иелерінің   жауап  беру  реакциясының   бірқатар  ортақ  заңдылықтары  бар.  Организмдердің    қарқындылыққа   немесе  әсер  ету   күшінің   факторына  реакциясын  жатқызуға  болады.  Жетімсіз  немесе  шамадан   артық  әсер  ету  организмдердің  өміршеңдігіне   кері  ықпал  етуі  мүмкін.

Алуан  түрлі  тіршілік  иелерінің  әр  түрлі   жағдайда  өздеріне  өте  жақсы   сезінулері   бірдей  емес. Мәселен,  ылғалды  жақсы   көретін     өсімдіктер  ылғалды  топырақты,  гүлді    капуста   көлеңкелі  салқынды  ұнатады,  кейбірі  құрғақшылықты,  ыстықты   ұнатады.  Осы  факторлар  өсімдіктердің  өсу  жағдайына  өте  маңызды   ықпал  жасайды.  Бақылау  нүктесінен  барынша   өсуі  оңтайлылық  деп  аталады. Бұл  әдеттегідей  температураның  көлеміне  жатады.   Жағымды  күш  әсерінің  факторы  (мөлшері)   осы  организм   түріне  оңтайлы  зонаның  факторы  деп  аталады.  Ең  азынан  көбіне  дейін  бар  аралық  температура  кезінде  өсуге  мүмкіндік  барды  диапазон (көлемінің)  тұрақтылығы  деп  аталады.  Шек  қою  нүктесінен,  яғни   ең  азынан  көбіне  дейін  тіршілікке  қолайлы  температура   тұрақтылығының  шегі  немесе  сол  түрдің  шыдамдылық   шегі  болады.  Осы  экологиялық  факторларға   қатысы  бойынша   шыдамдылық  дәрежесін   экологиялық    валенттілік  деп  атайды.  Организмдердің  экологиялық  валенттілігін   оның  әр  алуан  ортаға   қоныстану   қабілеттілігі   көрсетеді. 

Тұрақтылық   шегінің  нүктесіне  жақындау  шамасы  бойынша   егер  әрекет  ету  факторы  азайып,  немесе  көбейсе,  тіршілік   әрекеті  төмендеп   қысымға   ұшырайды  немесе   тіршілік   иесінің  өлуіне   әкеп  соқтырады,  яғни  бұл   жерде  тұрақтылық   диапазоны  шеңберінде   мазасыз  күй   зонасы  туралы  айтылып  отыр.  Мұндай   ықпалды  басқа  факторлар  да  жасай  алуы   мүмкін.

Әрбір   өсімдік  пен  жануарлар   түрінің   оңиайлылығы,  мазасыз   күй  зонасы   немесе  қысым   зонасы  мен  тұрақтылық  шегі (шыдамдылығы)  қоршаған  ортаның   әрбір  факторларына   қатысы  барлар  өмір  сүруде.

Экологиялық  валенттіліктің   кең  түрі  тіршіліксіз  орта  факторына   қатысы  бойынша   факторлардың  атауына   “эври”  қосымшасын  қосып атайды. (грекше  eurys - кең).  Экологиялық   енсіз валенттілік (тар) “стено”  стенотерімді   қосымшасымен (грекше  stenos – тар,  енсіз)   белгіленеді.   әр  алуан экологиялық факторлардың   (кең)  алшақ шегіндегі ауытқуларға   бейімделетін   түрлерді   эврибионтты деп атайды.  Тіршілік  ету үшін  қатаң   белгіленген жағдайды  қажет ететіндер - стенобионтты   деп аталады.

Экологиялық  факторлардың   әсерінен  тірі  организмдер   белгіленген  иерархиялық   жүйеге  бірігеді.  Онда   тіршілік  иелерінің  әр  алуан    деңгейде   ұйымдасқандары:  популяциялар,  бірлестіктер  және  экожүйелерді  көруге  болады.

Популяция  дегеніміз – белгілі  бір  аумақта   тіршілік  ететін  және   өзара  шағылысып  ұрпақ  беретін  бір  түр  даралардың   жиынтығы.  Түрі  факторлардың   әсерінен   популяциядағы  даралар  саны,  құрамы,  таралуы  өзгеріп  тұруы  мүмкін.  Популяция   латынша  populus – халық,  ел  дегенді білдіреді.

Көптеген  орта  параметрлерінің  жиынтығы   осы  немесе  басқа  түрлердің   тіршілік  жағдайын   анықтайтын  функционалды  сипаты  оның    экологиялық  қуысын    көрсетеді.  Н.Ф.  Реймерс   бойынша  эколгиялық  қуыс – экологиялық  жүйе  ішіндегі   түрлер  ортасы  немесе  оның  популяциялық  тіршілік  жағдайының  жиынтығы.  Сонымен  қатар  өзі  мекендейтін  әрбір  түр  аумаққа,  өндіру   функциясымен   байланысты,  қоректік   қажеттілігіне  сәйкес  орынды  иеленеді.  Осындай  экологиялық  байланыстар   биоценоздың  белгіленген   құрылымын  жасайды.  Биоценоздар  – динамикалық  жүйелер,  олар  тұрақты  даму  жолында  және  оларға  сукцессия   тән [12,16-18б].

Табиғат – бүкіл  әлем.  Табиғат –  адамның   өмір  сүретін  ортасы.

Адам  табиғатта   өмір  сүреді,  онымен  тұрақты  қатынаста  болады.  Адам,  оның  денесі  мен  рухани  өмірі  табиғатпен   тікелей  байланысты.  Одан  шығатын  қорытынды –  адам  табиғаттың  бір  бөлігі.  Табиғат  адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  ғана  емес,  оның   өзгертушілік  іс-әрекетінің  кеңістігі,  ортасы.

Адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  екі  түрлі:  өмір  сүрудің  қайнар  көзі  болып  есептелетін –  табиғи  байлық (көмір,  мұнай,  ағын  су  мен  желдің  энергиясы, т.б.). Қоғам  дамуының  ерте  кезеңдерінде   адамдардың  ынтасы  “бірінші  құбылысқа”  көп аударылды,  ал  кейін өндіріс күшінің   дамуымен  байлаанысты   “екінші  құбылысқа”  ауысты.  Себебі  табиғи  байланыстар өндіріс дамуның,  бүкіл қоғам   дамуының  алғышарттарына  айналды.

Адам,  сонымен  қатар,  жасанды  ортада – екінші  табиғатта  да  өмір  сүруде.  Жасанды  орта   заттық  негізде  ғана  жинақталмайды.  Адам  қоғамдық  қатынас  жүйесінде  өмір  сүреді,  іс-әрекет  жасайды.  Ондай  қоғамдық  қатынас  белгілі  бір  материалдық  дүниеде  ғана  іске  асырылады [5,44б].                          

2.2.Табиғат – күллі  тіршілік  атаулының  құтты  қоныс  мекені,  алтын-ұя  бесігі,  құт-берекесі.  Ал  адам  үшін табиғат  ең  қасиетті  де  қастерлі  ұғым.  Өйткені  адамның  өзін  дүниеге  келтіретін   аяулы  анасы,  сондықтан  да  адамның  табиғатты ана деп  құрметтеуінде  де  өте  үлкен  ұғым  жатыр.

Қазақ  халқының  бар  өмір  тіршілігі  табиғатпен  тікелей  етене  байланысты  өтіп  келеді.  Сан  ғасырлар  бойы  халқымыз,  сол  өзін  аялаған  табиғат  аясында  тіршілік  ете  жүріп,  оның  сан  алуан  құпия  – сырларына   көңіл  бөлді  және  сол  туралы  орынды  пікірлерге  келді.  Халқымыздың  табиғат  жөніндегі   ой-пікірлері  табиғат  құбылыстарымен,  заңдылықтарымен  үнемі  үндесіп  жатты.  Қазақ  халқы  өзін  табиғаттың  бөлінбес  бөлігі,  құрамдас  тобы  деп  есептеді.  Сондықтан  да  табиғатпен  бірлікте  өмір  сүру  қажеттігін,  ерте  кезден-ақ  сақтай  білді.  Табиғаттың  қатаң  жағдайына,  түрлі  өзгеоістеріне  сай  көшіп  – қонып  жүріп,  өз  шаруашылығын  табиғатпен  үйлесімді  жүргізіп  отырды.  Және  табиғатқа  аялы  алақан,  жылы  жүрек  сезімі,  көздің  қарашығындай  қамқорлық  қажет  екндігін  ерте  сезінді.  Осыған  орай  халқымыздың  да  мінез – құлқы  бірте-бірте  қалыптасып,  ондай  қасиеттер  атадан  балаға,  ұрпақтан – ұрпаққа  асыл  мұра  ретінде  жеткізіліп,  жалғасып  отырды [10,44б].             

Әлемдік  экономиканың  тоқтаусыз  дамуы  ғаламдық  экологиялық  көкейкесті  проблемалардың  туындауына  себеп  болып  отыр. Жердің  шөлге  айналуы, орманның  құрып  кетуі,  табиғи  қордың  сарқылуы,  озон  қабатының  бұзылуы,  жылыжай  буының  әсері  (парник),  тұзды жауын,  ауыз  судың тапшылығы,  мұхиттардың ластануы,  өсімдік пен жануарлар түрлерінің  жойылуына және  жердің  аууына  әкелуде.  Жоғарыда  аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің   болашағымен тығыз байланысты. Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді.  Егер де  олар  кейбір  организм  топтарында  туындай қалса,  әдеттегідей эволюциялық баяу  жолымен,  біршама уақыт аралығында  бір түрдің  екінші  түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді.  Оларға  қарағанда адамдардың  экологиялық проблемаларды жер шарындағы бар табиғаттың  өзекті  проблемаларына  айналып отыр. 

1.Табиғатпен  қоршаған ортаға  алдымен XX ғасырдағы антропогендік әсер  етуінің   шамасы  үлкен болды.  Қалыпты биосфераның шегіне  жақындап  қалды,  тіпті кейбір  параметрі бойынша асып  кетіп жатыр.  Әрине,  мұның көріністері әр  түрлі.

- бұзылмаған  жер  көлемінің  күрт азайып  кетуі,  олардың  тозуы,  биологиялық   түрлердің  азаюы,  биосфераның   сандық  және   спалық  жағынан   да  кедейленуі.

- тұщы  су,  топырақ  гумусын,  биомассасын   және  өсімдік  өнімдерінің   орнын  толтыруға “мұрша  бермей  бәрін  алып,  тұтынып  жатыр”.

- XX ғасыр орны  толмайтын минералдық  және  отындық қорлардың тез азайып,  сарқылуға жақындауы өз  кезінде қиын  экономикалық  проблемаларды тудырып отыр.

- Құрамындағы   заттар  мен  материалдар   табиғат  айналымына  еш  пайдаға   аспайтын  шаруашылықтағы  қалдықтар   ортаны  ластайды,  экожүйенің  бұзылуына  әкеп,  адам  денсаулығына  қауіп  төндіреді.

- ортаны  реттеп  тұратын  биосфераның   қызметі  әлсізденіп,  экологиялық   тепе-теңдіктің  бұзылуына   әкеледі.

Жердің  геологиялық тарихында өсімдік  жабындысының  құрғақтығында,  құрлықтың  ландшафт  құрылымында,  климат  пен  атмосфераның  химиялық  құрамында  айтарлықтай  өзгерістер  бұрындары  болып  тұрған.  Мондай-ақ  адамның  табиғатқа  жағымсыз  әсер  етуінің  де  ұзақ  тарихы  бар.  Бірақ  осылардың  барлығы    біздің  заманымыздағы  жағымсыз  әрекеттердің  жылдамдығындай  болған  емес.  Бұл  ғаламдық  экологиялық  дағдарыстың  есіктен  “сығалауы”  деген сөз.

2.Өсіп  отырған  антропогендік  қысымға   табиғат  бұрын  соңды   көрмеген  экологиялық  қауіпті   өзгерістермен  жауап  беруде.

- ортаның   химиялық  және  радиациялық   ластануының  әсерінен   мутацияны   тездетіп  және  жаңа  биологиялық   түрлердің  пайда  болуына   әкеліп  отыр.  Олардың  бейімделуі  мен  тұрақтылығы  өте   жоғары,  ал  кей  жағдайда  адамға  қауіпті   қасиеттерге   де  ие:

- микроорганизмнің,  өсімдіктің  немемсе  жануарлардың  жеке  түрлеріне  таңдап  жүріп   әсер  етуі,   олардың  табиғи  бірлестіктен  жойылуы  көптеген  түрлерді  жанап  өтетін,  экожүйелердің   тұрақтылығын  бұзып  және  олардың  ішінен   көбін   бүлінуге  әкелетін  бақылауға   еш  келмейтін  тізбекті  реакцияларға  жол ашады.

- ланшафтың   антропогендік  тұрғыдағы   қайта  құрылуы  мен  ортаның   ластануы  экологиялық  апаттар   мен  экономикалық  қауіп-қатерге   бақылауға  еш  келмейтін   салдарлары  да  жоқ  емес. Табиғат   жауаптардың  адам  табиғатын   тікелей  қатысы  бар.

3.Адам  өзінің  консервативті  биологиялық   мәнінің  және  табиғаттан  күн  санап  өсе  түскен  өгейсінудің  арасындағы  қайшылықтардың  торында  шырмалғандай  күй   кешуде.  Өздері  ойлап  тапқан  технологияны  жақсы   өмір  сүру  үшін  тұрмыс  құралдарын   пайдалана  отырып,  табиғи   сұрыптау  мен  түраралық   бәсекелестіктің  қысымынан   үлкен  дәрежеде   құтылып   отыр.  Ол  биологиялық  түрлер  санынан  бірнеше  есе   асып,  биологиялық  тұтынуды  қанағаттандыру  үшін заттар  мен  қуат  көздерін  пайдалану   көмегімен  ондаған  есеге   арттырады.

- адам  санының  өсуі  олардың  биологиялық   сапасының  артуымен  байланысты  емес.  Керісінше,тұқым  қуалайтын  аурулардың  жұқпалы  ауруларға  бейімділілігі,  срндай-ақ  егде  адамдардың  созылмалы  аурулары   да  кең  етек  алып  отыр.  Адамдардың  экологиялық  проблемары  денсаулық  проблемаларына  көп  ұқсап  келеді.

- адамзат   XX  ғасыр өзінің  тұтыну  өркениетінің  шегінде отыр.  Экономика екінші   қажеттіліктің үлкен санына  жабысуының  арқасында тұр. Осылардың бәрін  қанағаттандыру   қоршаған  орта  мен  табиғатымызға  артық  техногенді  салмақ  түсіреді.

Адамзаттың  экологиялық  проблемалары  әлеуметтік  және  экономикалық  проблемалары  өте  тығыз  байланысты. Аймақтық  экологиялық  проблемалары   әлеуиеттік  мүлік  теңсіздіктері  мен  геосаяси  сілкіністердің  тікелей  ошағы  болып  табылады. Осы  проблемалардың   көпшілігін  тек   қана  экологиялық  себептерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  экономика  мен   қоғамдық  идеологиялық  саясатқа  да  байланысты. Қазіргі  таңдағы  экология  оларды  кешенді  түрде  зерттеп  және   шешудің  маңызды   ғылыми  негіздерін  енгізуде.

Информация о работе Экологиялық факторлардың