Экологиялық фактор

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 00:28, реферат

Описание работы

Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.
Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Оларды мынадай топтарға жіктеуге болады: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар.

Работа содержит 1 файл

экологиялық фактор.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

 

         

 

 

 

          Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.

            Кез келген ағзаға қоршаған  ортада көптеген экологиялық  факторлар әсер етеді. Оларды мынадай топтарға жіктеуге болады: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар.

            Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз жіне тұщы судың, топырақтың құрамы жіне т.б.).

            Биотикалық факторлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестәк, жыртқыштық, паразитизм және т.б.).

            Антропогенді факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы жіне т.б.)..

           Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.

             Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925жж) :

«Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің  барлығы күннен жаралған» - деді. Биосферадағы ең маңызды процесс – фотосинтез, ол  тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер - аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді. 
Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Көрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді. Мысалы: қызыл сәулелер – жылулық, көк және күлгін – биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.

           Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез-энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және

 

 

 

 

 

 

 

 

факультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. Гелиофиттер – жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады. Сциофиттер – күшті жарықты

көтере алмайды, үнемі  орманның көлеңкесінде өседі (орманда  өсетін шөптесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер, ашқылтым шөптер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды. Факультативті гелиофиттер – жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның  көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).

           Биолюминесценция дегеніміз тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі. Бұл қоршаған ортадан түсетін тітінкендірулерге жауап ретінде  катализаторлардың  әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады. Балықтар, бесаяқты былқылдақденелілер  және басқа да гидробионттардың, сондай-ақ  кейбір жер – ауа ортасында тіршілік  ететін ағзалардың  шығаратын жарықтық сигналдары (мысалы, шілделік  тұқымдасының  қоңыздары)  қарама-қарсы жыныс дарасының назарын аудару, жемтігін аулау  немесе  жыртқыштардан қорғану, кеңістікті бағдарлау үшін қажет.          
           Жануарлар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық – тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор болып табылады. Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіктерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді. Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістері, көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.

           Температура. Тірі ағзалардың  жер бетінде таралуын анықтайтын  факторлардың бірі – температура. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары  температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің

 

 

 

 

 

 

 

 

ауданы кіші немесе жапырақтары  болмайтын өсімдіктердің морфологиялық  типі қалыптасқан.

           Қолайсыз  температуралардың зиянды әсерінен  қорғауға бағытталған өсімдіктердің  физиологиялық бейімделушіліктеріне мынадай мысал келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі – транспирация (латын тілінен аударғанда тыныс алу арқылы), плазманың ұю температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, хлорофиллдің  күн сәулелерінің енуіне қарсылық қасиеті.

          Бергман ережесі (1847 ж.)  бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған. Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады. Неғұрлым жануар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса, оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.  

           Аллен ережесі (1877 ж.) бойыша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, ал Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен. 

           Жылу алмасу түріне байланысты  жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды). 
           Пойкилотермді ағзалардың (грек тілінен аударғанда алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, жылу механизмдері жоқ,қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отырады. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. Әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасына жоғары болады. 
          Гомойотермді ағзаларға (грек тілінен аударғанда бірдей) зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Гомойотермді топқа құстар, сүтқоректілер және адам жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

         Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын және тағы басқалары жатады. 
         Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды. Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді. Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады. 
        Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады. Анабиоз құбылысын алғаш рет бақылап, сипаттаған  Левенгук   (1701 ж.)  болды. 
        Гомойотермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады. Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүтқоректілер және т.б.). Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.). Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т.б).  
       Ылғалдылық. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Мысалы, балдырлардың денесінің – 96-98%, шөптесін өсімдіктердің жапырағының – 83-86%, мүктер мен қыналардың – 5-7%,былқылдақденелердің – 80-92%, бунақденелілердің – 46-92%, қосмекенділердің – 93%, сүтқоректілердің – 68-83%-ын су құрайды. Ылғалдылық көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық

 

 

 

 

 

 

 

 

белдеулеріне, табиғат  белдемелеріне байланысты болады. Кейбір жағдайда  ылғал  шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктердің өнімін төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде, керісінше ылғал көп мөлшерде байқалады. 

        Ылғалдың жетіспеуіне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.

       Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер (төменгі жағы). Мысалы: қамыс, қоға, күріш және т.б. 
        Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік және т.б. Олар суккуленттер және склерофиттер болып бөлінеді. Суккуленттер (шырынды) – ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава). Склерофиттер (құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді,судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу).       

       Гидатофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер (бір бөлігі толығымен). Мысалы: элодея, тұңғиықгүл және т.б.

        Гигрофиттер – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Мысалы: батпақ өсімдіктері, папоротниктер және т.б.

        Мезофиттер – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мысалы: жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер және т.б.  
        Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Құрлық жануарларын ылғалға қатысты мынадай топтарға бөледі.

        Гидрофилдер – ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).

        Мезофилдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

        Ксерофилдер – жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін  ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылар).  
  
  
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.  Интернет жүйесі

 

2. «Экология» оқулығы. Г.С. Оспанова,  Г.Т. Бозшатаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Жоспары: 

 

  1. Экологиялық факторлар

 

  1. Экологиялық факторлардың жіктелуі

 

     3.  Биосферадағы абиотикалық факторлар

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық фактор