Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:14, реферат
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
Жалпылама шама
ретінде қазіргі таңда
Қазіргі әлемде
экологиялық процестер жаһандық
масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы
мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған
орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты
форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты.
Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның
қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне
үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді.
Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы
құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген
халықаралық ұйымдардың мүшесі болып
табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік
проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге
қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында
біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы,
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары
секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар
орнатуда», - деді ол/6/.
Қазақстан егемендік
алған соң көптеген экологиялық проблемалармен
бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда
жоғалып бара жатқан Арал мәселелері,
ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ
елді мекендер, мұнай-газ секторындағы
және басқа да өндіріс орындарының зиянды
қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің
Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің
бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына зиянды мәселелердің басым
бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын.
Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы
және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын
ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық
қақымыз бар», деді экология министрі.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен
2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында
алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі
көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер
қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау
тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.
"Елің сенің
ертегі, жерің сенің ертегі!" деп
"Қыз Жібек" жырында Шеге ақын суреттейтін
еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу
мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын
мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы
Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік
Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне
экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда
елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық
естідік: "Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның
тұңғыш "экологиялық атласын" жасауды
аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін
мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге
құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып
келген болатын". Осылайша, жыл соңында
әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ
даласының өзі тұратын атырабында экологиялық
ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін,
сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары
тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын
нақты біле алады.
Нұрлан Исқақов
бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын
нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын
болса, түпкі нәтиже – сондағы су сапасын
«таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ.
«Біз өзендерді таза ауыз су сапасына
дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған
ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір
Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы
даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация
озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы
мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын
мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған
біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық
қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ
жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп
жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге
жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер
де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан
Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке
жаратпақ. – Германияда «таза зоналар»
әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан
Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі
ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер,
қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды/7/.
Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның
тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін
таңдап алған және сол тұстардан тазалықты
ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған.
Қазір біздің осы бағытта жоспарлаған
қадамдарымыз бар.
«Тәуелсіз Қазақстанның
қазіргі кезеңдегі даму жағдайында
экономикалық қауіпсіздікпен қатар экологиялық
қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше.
Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан
қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей
экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік
ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:
-
табиғи ресурстарды біржақты
пайдалана отырып, шикізаттарды
есепсіз, орасан зор көлемде
шығару және сату, тұрмыстық және
өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің
жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына
пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан
шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді
игеру арқылы экономиканы экстенсивті
өркендету;
-
экологиялық жүйеге үнемі кері
әсер ететін табиғи өндіріс орындарын
пайдалануға басымдық беру арқылы халық
шаруашылығының құрылымын өзгерістерге
ұшырату;
- экономиканы
милитаризациялау;
- техникалық
жүйенің осалдығы және
- өндіріс орындарында
технологиялық процестерде қолданылатын
табиғат қорғау жабдықтарының ескіруі
және тиімсіздігі;
- қала халқының
өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану
есебінен экономиканың
- стихиялық және
антропогендік апаттар, апатты
жағдайлар және түрлі
Адамның бірінші
байлығы – денсаулық. Демек, қоршаған
ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауы
адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні
анық. Қазақстан аумағында жүргізілген
зерттеулер көрсеткеніндей, біздің азаматтардың
денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды
факторлардың арасынан ерекше алаңдататыны
экологиялық фактор (42,1 пайыз) болып отыр.
Адамзаттың, әсіресе,
планетаның биосфера региондарындағы
экологиялық жағдайы қиын мемлекет
халықтарының (оның ішінде Қазақстан
да бар) экологиялық қауіпсіздігіне
төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру,
сондай-ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін
бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың
экономикалық мүдде пирамидасын және
иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын
пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды,
табиғи-тарихи және экологиялық негіздерді
сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап
жасау керек. Еліміздің мемлекеттік институттары
мен субъектілері және объектілерінің
қандай экологиялық жағдайда екендігін
есепке алу қажет.
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
Экологиялық қауіпсіздіктің
критерийлерін әзірлеу және экологиялық
қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен
қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен
отырыстарында жақын арада және
ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың
кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап
отыр.
Бейімделудің әмбебаптығы
Қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі Вена конгресінің
қорытынды құжатында
Қазіргі кезең
адамының ерекше биосфералық қызметі
- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен
анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан
шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты
даму концепциясына алып келді. Тұрақты
дамудың анықтамасы бойынша экология
мен экономика әріптес болуы тиіс.
Тұрақты даму - бірқалыпты
жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз
даму.
Биологиялық алуантүрлілікті
- қаржы ресурстары
және оларды пайдалану
- экологиялық
қауіпсіз технологияларды қолдану;
- тұрақты дамуды
ғылыми және ақпараттық қамтамасыз
ету.
Бұл мәселелердің
біздің Республикамыздың тұрақты дамуын
қамтамасыз етуде маңызы ерекше.
Адамзат дамуының
жаңа формуласы: жақсы экология — бұл
жақсы экономика, ал жақсы экономика —
бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі
болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты
дамытудың лайықтысы адам болып қала береді.
Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас
үш моделі: экологиялық дамудың баланс
жасалған жетістіктері, экономикалық
өсу және демографияны қоса алғандағы
әлеуметтік даму болып есептеледі.
Экологиялық білім берудің
Экологиялық жауапкершілік
Қызметі табиғи ортаға және адамның
денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты
адамдардың барлығының қажетті деңгейде
экологиялық дайындығы міндетті түрде
болуы керек.
Экологиялық білім беру - әртүрлі
деңгейдегі экологиялық
Білім беру жүйесін
Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық
реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды
қабылдаудан басталады.
Құқықтық мемлекеттегі
Судың сарқылуы мәселесін шешу
үшін төмендегі іс-шараларды
1) суды тиімді
пайдалану технологияларын
2) өндірісте суды
бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық
цикл)
3) ауыз су
мақсатында берілген суды
4) ауыз суды
тамаққа, тұрмыстық мақсатта
5) суға экономикалық
тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты
бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын
біршама төмендетуге болады.
Күн - энергияның іс жүзінде
сарқылмайтын көзі. Оны тікелей
немесе жанама, яғни фотосинтездің
өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының
қозғалысы және т.б. арқылы
пайдалануға болады.
Көбінесе Күн энергиясын жинау
әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі.
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру
фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады.
Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың
жекеленген салаларын толық күн энергиясымен
электрификациялау жобалары жасалған.
Күн энергиясын фотосинтез немесе
биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез
энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық
затты жағу.
Ертеден келе жатқан энергия
көзі ретінде желдің ролі
Теңіз, мұхит, термалдық
Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі