Жоспар
- Кіріспе.
Әлемнің экологиялық проблемалары
- Негізгі бөлім
а) Семей полигоны
б) Ғасырдың ғажап апаты
с) Каспий теңізінің экологиясы
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлемнің экологиялық проблемалары
Қазіргі әлемде экологиялық
проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне
айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де
оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның
шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы,
айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік
сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа
әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан
табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ,
топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт
төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда
орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық
дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп
отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара
жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген
аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен
табиғатты сақтау. Табиғи процестердің
негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу
табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға
әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ
экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген
нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу
жатқан әдістері жоқ екені айдан анық,
сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз
көзқарасы үшін адамға танылатын кінә
да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге
пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы
мен мылтығы автомашиналардан шығатын
түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты
белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға
табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер,
село, қала тұрғындарымен жер жүзінің
халықтарының қарым – қатынастарын, сандық
және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу,
көпшілікке үздіксіз экология саласынан
білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана
емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын
өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы
газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден
тұратын қоспаларды шығарып жатады. Кейде
оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған
километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан
да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп
шығатын заттардың ауаны қорғау адам
денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен
мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды
жібермеу адамзат баласының алдында тұрған
үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы
атмосферада бірте – бірте түпкілікті
мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып
отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500
м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден
тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады.
Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.Осындай
құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің
ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан
қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын
микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі
көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады.
Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады.
Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен
ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар
туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық
жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын
қалаларда жиі кездеседі оны смог деп
атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына
береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер
әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай
– ақ адамзат баласына өте үлкен зиян
келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет
елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда
атмосфералық ауаны қорғау мақсатында
автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру,
нейтрализаторлар орнату, газбен электр
қуатымен жүретін электромобильдерді
шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер
бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп
газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман
басады. Күн сәулесі жиналған газдарды
ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде
адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы
газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы
тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске
ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың
өмірін алып кетеді.
Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері
бірде – бір сауатты және саналы
адамды тыныш қалдырған емес. Семей атом
полигонінде болған оқиға былай сипатталады.
Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты
көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты
басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді
– кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы
жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен
қызылды – жасылды оттарды көріп тамашалаған.
Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай
барлығы өліп қалған.
Қазіргі кезеңде адамның экологиялық
ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан
өзгеше, көптеген параметрлері бойынша
экстремалды деуге болатын орта. Қалада
техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы
жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы
– оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді.
Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің,
күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп
пен транспорттық қалдықтарымен ластануы,
электромагниттік өріс, вибрация, шу,
тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия,
дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің
кеңінен таралуы. Осылардың барлығы қосылып
адамның денсаулығын нашарлатады. Қала
халқының басым бөлігі демалысын қаладан
тыс табиғат жағдайда өткізуге тырысады.
Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға
шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе
алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген
теріс жауабы ретінде қарастыру керек.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін
факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы
заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар
экологиялық апат аймағы деген мәртебеге
ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын
алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап,
балалар жарымжан болып туу да. Осының
бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі
таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып,
өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың
көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз
бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар
бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның
бәрі адам денсаулығына зиян. Қорғасынның
өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін
зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы
мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына
да кесірі бар. Радикация да солай. Өкпе,
жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы
жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге
өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе
жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры
өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам
экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын
үлкен мәселе деп ойлаймын.
Семей полигоны
Семей полигоны - КСРО ядролық
сынақ полигондарының бірі, аса маңызды
стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында
Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан
өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп,
Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды
адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей
зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.
Сосын оларды жер астына жасай бастады.
Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық
ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық
әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам
осы сынақтан азап шекті. Семей полигонының
инфрақұрылымы. Осынау полигонның
кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын
(Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан»,
«Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік
алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан
басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік
алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды.
Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш
қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес,
оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік
берді.
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі.Семей
ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы
саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты
құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни
жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде
жасалды. Семей полигонында әуеде және
жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық
зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға
тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5
мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура
таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен
ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен
жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп,
аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл
қуат пен көз қаратпас сәуле бас айналдырып
жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық
күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының
өртенген иісі қолқа атар түтіннің ащы
иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан
жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек
ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен
жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға
таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз
түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен
даланың тұл жамылғысы, жан-тәсілім алдында
жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың
кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан
келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ
полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында
РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний
зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы
деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының
жарылуы еді. Полигонда жаңа жұлдыздың
тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов,
әскери бастықтар мен атақты ғалымдар,
Кеңестік атом бомбасының толып жатқан
идеологиялық, идеялық және техникалық
аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың
адамдарға, қоршаған ортаға әсері.Тұңғыш
атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері
аймақтың барлық елді мекендерін жауып
қалды. Көрші қонған әскери объектіде
не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі
жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары
радиациялық сәуленің сұмдық дозасын
алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген
де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа
1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады.
Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың
таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды
қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға
немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда
жарылыстан кейін адамдар радиациядан
былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып
отырды.Жарылыс толқыны көптеген үйлер
терезесінің шынысын ұшырып жіберген,
кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек
сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар
полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып
орала бастағанда, олардың көбісі үйінің
орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды
көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың
әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер
Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген
кең ауқымды медициналық-экологиялық
зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді,
ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров
басқарды. Радиацияның адамға ықпалының
механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы
парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі
– иондалатын радиацияның ықпалы гендік
кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға
мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер
бетіндегі жарылыстан бастап Семей және
Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің
ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың
тұрғындарының арасында сырқат санының
ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар
өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз
және басқа да қатерлі ісікті патологиялары.
Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы
бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын
нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі
ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер
әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.
Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа
мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен
болатын генетикалық мутациямен байланысты.
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді.
Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі
жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан
зор микроэлементтер: темір, мыс, магний
және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар
адам организміне сіңеді. Невада – Семей.
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей
жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын
іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының
адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге
негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты
қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы
себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін
адам саны қандай болуы керек деген сұрақ
туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін
үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның
өмірі арзан бағаланғаны ма? 1989 жылдың
ақпанында Семейдегі атом полигонын табу
үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада
- Семей» қозғалысының алғашқы митингісі
өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам
қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол
жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл
ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий
жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және
АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.
Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз
ядролық жарылыстардан қалтырап бітті,
сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу
мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған
Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен
күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ
ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес
болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды
тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік
пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз
үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей»
қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін
үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан
«ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын»
деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері
жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары
құралдарында, телевидение мен газеттерде
әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері
өз сессияларында қозғалыс ұрандарын
талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің
зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың
ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті.
Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы
сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың
бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі
ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий
жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан
Республикасының егемендігі туралы Декларацияда
ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей
полигонын жабу туралы Жарлық шығарған
күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық
пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы
өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып,
атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала
бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін
Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында
ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны
жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында
Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық
орталық құрылды.
Ғасырдың «ғажап»
апаты
Исландиядағы Эйяфьядлайокудль
жанартауының атқылауы жаңа ғасырдың
онжылдығындағы ең үрейлі де қорқынышты
табиғат апаты ретінде тіркелді.
Бүкіл Еуропаны қамтып, тіпті шалғайдағы
мемлекеттердің де маңдайына тас
боп тиген жанартау кешелі бері қайта
күшіне мінді. Британдық метеорологтардың
деректеріне қарағанда, Ирландияны
түгел қамтып, Ұлыбританияның солтүстігіне
ентелей енген ыс пен күлдің жүрек
айнытар иісі қайта қылаң берді.
Ирландия үкіметі Исландиядан желмен
ілескен алапат ыстың кесірінен
болар, қатердің алдын алу үшін ұшақ
қатынасын қайта тоқтатты. Тіпті
жолаушылардың жолға шығуға болмайтын
уақыты бір аптаға созылатын сыңайлы.
Ryanaіr және Aer Lіngus секілді ірі авиакомпаниялар
қызмет көрсету мерзімдерін белгілі
бір уақыттарға шегергендігі туралы
мәлімдеме жасап та үлгерді. Ал ұшақтардың
кезекті сапарларын уақытша кейінге
шегеруге Ұлыбритания да кірісті. Шотландияның
бірқатар аумақтарында да әуе кемелері
тоқтап тұр. Исландиялық геофизиктердің
сөзіне қарағанда, жанартау ошағынан көкке
көтерілген ыс пен түтін аралас тозаңның
биіктігі бес жарым шақырымға
жеткен. Топырақ бетін жапқан күл-қоқыс
жанартаудың оңтүстік шығысына қарай
60-70 шақырымға дейін тараған. Жанартауға
жақындау маңда жұмыс істеп жатқан
ғалымдардың мәліметтері бойынша,
от шашқан шұңқырдан жарылыс үні
бәсеңсімей жатыр. Тіпті өткен тәулікте
18 шақырым тереңдікте зілзала да
жиі қайталанған. Қорыта айтқанда, жер
астынан қайнап шыққан қасірет отының
ауаға тарап жатқан күлімен қоқысы
адамзат үшін үлкен апаттың бірі
де бірегейі болды. Әрі оның әлі де
саябырсымауы ғалымдарды қайран қалдырып,
мұның соңы немен бітері белгісіз
болып барады.
Эйяфьядлайокудль жанартауы Исландия
астанасы Рейкьявиктен 200 шақырым жерде
орналасқан. 14 сәуірде отқа оранған
жанартау бұрынғыға қарағанда күштілігімен
және қою түтін мен ыс және қою
тозаңымен ерекшеленді. Әлемнің
әр шалғайындағы жанартаулардың ешқайсысы
қазір мұнымен теңесе алар түрі көрінбейді.
Екіншіден, қоршаған ортаға келтірген
залалы шексіз. Еуропаның бірқатар
елдерімен бірге осы елдерге
қатынайтын әуе бағыттарының жабылуына
байланысты көптеген мемлекеттер миллиардтаған
доллар шығынға батты. Күні кеше америкалық
Boeіng-767 ұшағы Португалияға апатты жағдайда
қонды. Вашингтоннан Мәскеуге бет алған
Unіted Aіrlіnes компаниясының әуе кемесі әскери
базаның әуежайына амалсыздан қонған.
Нақты дерек көздеріне қарағанда, двигательдегі
ақау Исландия жанартауынан атқылаған
күлден келген деген жорамал бар. Эйяфьядлайокудль
ең соңғы рет 1821 жылы атқылапты. Ол жарты
жыл бойы жұрттың үрейін алған көрінеді.
Жанартаутанушы Ворнер Мардзоккидің сөзіне
қарағанда, Исландия жанартау көздерінің
отаны болуына қарамастан, жергілікті
халық өздерін еркін сезінеді. Мұны мамандар
олардың қатерге бой үйреткендігімен
түсіндіреді. Бірақ ертеде дәл қазіргідей
әуе қатынасы, елдермен тығыз байланыстардың
дамымағаны анық. Сондықтан қатерлі еш
нәрсе жоқ секілді көрінетін. Алайда уақыт
өте келе, от ұшқындары ең алдымен ұшақтарға
қауіп төндіретіндігі сезілді. Мәселен,
1989 жылы Klm авиакомпаниясының ұшағы Аляскадағы
Редабт жанартауынан пайда болған бұлтқа
тап келіп, төрт двигателі де істен шыққан.
Алайда екі двигателінің жұмыс істеу арқасында
ғана ұшақ аппатты жағдайда қонған. 1783
жылы исландиядағы Лаки жанартауы оянуы
кезінде ауаға 120 миллион тонна улы қоспалар
тараған. Англия мен жақын маңдағы елді
мекендерден 21 мың адам өлген. Ал көкке
көтерілген күл-қоқыс Солтүстік Америкаға
дейін жетіпті. Табиғаттағы бұл құбылыс
жазда аптап ыстыққа ұласса, қыс өте аязды
болған. Аймақ тұрғындары жерден өнім
ала алмай, аштыққа ұшыраған. Эйяфьядлайокудль
апаты біраз елдерді биыл азық-түліксіз
қалдырса, оған еш таңғалуға болмайды.
Себебі атмосфераның жоғары қабатын торлап
алған күл күн өткен сайын жайылып, желмен
бірге жүйткіп, жер қабаттарын бүлдіре
бастады. Қысқасы, ауа астан-кестен. Күні
кеше ұшақтардың ұшпауы салдарынан Польша
президентін жерлеу рәсіміне де өзгеріс
енгізіле жаздады. Өйткені осы елдегі
қаралы рәсімге қатысуға бірқатар мемлекеттердің
басшылары баруы керек еді. Ал Вашингтоннан
Берлинге бет алған ГФР канцлері Ангела
Меркель де табиғаттың тосын әрекетінен
Португалияда тоқтай тұруына тура келді.
Еуропа бойынша ұшақтардың 6 мың сапары
кейінге шегерілді, 200 мыңға жуық жолаушы
қонақ үйлерді тұрақтап қалды. Халықаралық
әуе көлігі қауымдастығының мәліметтеріне
қарағанда, жанартаудан күніне 200 миллион
доллар шығын келген. Ұлыбритания шаң-тозаңнан
сақтану үшін тұрғындарды далада жүрмеуге
шақырса, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау
ұйымы мұның адам өміріне қаншалықты зияны
тиеріне нақты баға бере алмай отыр. Бірақ
осы ұйымның өкілі Дэвид Эпштейн жанартау
ұшқындарының зиянсыз болуы мүмкін еместігін
айтып қалды. Ол адам ағзасында белгілі
бір дерттерді қоздырады. Қалай айтсақ
та, «қызықтың көкесі» Исландияның өзінде
болып жатыр. Ошақ ордасын таяу маңда тұратын
жүздеген отбасы баспаналарын тастап
шықты. От ошағындағы балқыған шоқ мұздықтарды
ерітіп, елді мекендерді су басып қалу
қаупі төнді. Солтүстік Атлантика арқылы
ұшу енді алдағы бірнеше жылда тоқтайтын
сыңайлы. Euronews басылымының жазуына қарағанда,
соңғы 10 жылда жанартау белгі берген. Эйяфьядлайокудльде
зілзала былтыр мамыр айының соңында болып,
күші 6,2 балға жеткен. Ең қатерлісі - әлем
назарын аударған жанартау бәсеңдемейтін
түрі бар. Екіншіден, алдағы уақытта осының
салдарынан жер сілкінісі қайталануы
мүмкін. Жанартаутанушы Тордарсонның
сөзіне қарағанда, 1783 жылы дәл осындай
Лаки жанартауының атқылауынан жалпы
алаңы 565 шаршы шақырым жер күлге көмілген.
Елдегі малдың 50 пайызы қырылып қалған.
Ол кезде Атлантикада жерастының қыртысында
өзгерістер болған. Егер осындай құбылыс
бұл жолы да қайталанса, ол адамзат үшін
өте қатерлі болмақ. Жанартаудың бұл белсенділігі
2030, тіпті 2040 жылға дейін жалғасуы да мүмкін
көрінеді. Эйяфьядлайокудльді бақылаушы
ғалымдар мұздақтардың еруі салдарынан
жаңбырлы бұлттар қоюлана түсетіндігін
айтады. Оның өзі жауын-шашынды көбейтіп,
су тасқыны жиілеп, диқандардың маңдай
терін рәсуа ететін сыңайлы. Бұл аз десеңіз,
қышқыл жаңбыр жердің құнарлы бетін өзгертеді.
Осыған байланысты Еуропа, Ресей қатты
алаңдаушылық білдіріп отыр. Исландиядағы
оқиға шалғайдағы қазаққа да кесірін тигізе
жаздады. Әлемде табиғат «тұтқыны» болған
10 миллионға жуық тұрғынның қатарына қазақстандықтар
да және еліміз арқылы алыс сапарға шығатын
жүздеген жолаушылар да аз күн болса да
қосылды. «Эйр Астана» авиакомпания Франкфурт,
Амстердам және Лондон әуежайлары арқылы
сапарлайтын рейстерді уақытша тоқтатты.
Бірақ кедергі көпке созылмады. Әуе қатынасы
қайта қалпына келтірілді. Мұндай жағдай
Еуропа мен Ресейде ұзаққа созылып, осы
сала 10 миллиард доллардан астам шығынға
батты. Мамандар жанартаудың экономикаға
келтірген зардабын осылайша есептеп
жатқанда, ғалымдар экологияға баса назар
аударуда. Бұлайша мазасызданудың да жөні
бар. Мысалы, соңғы онжылдықта табиғаттан
келетін қатердің саны және оның қауіптілігі
де артқан. Ол қоршаған ортаның қалыптасқан
заңдылықтарына өзгерістер енгізуде.
Ауада зиянды қоспалар артып, жұрттың
тыныс алуына кедергі көбейген. Адамдар
арасында ауру-сырқау көп. Қазір осыған
тоқтау саларлық көліктер мен кәсіпорындардан,
өндіріс орындарынан шығатын түтін мен
түрлі қоспаны азайта алмай жатқанда,
оған табиғат тарапынан кездейсоқ қосылатын
залал да ойға қалдырып отыр. Мәселен,
Исландиядағы жанартаудың күл-қоқысынан
арылу өз алдына әңгіме болғалы тұр. Жарты
әлемді ыстап тастаған ыстық ауаның лебі
енді сірескен мұздарды ерітетіндігіне
назар аударған ғалымдар «бұл жер бетіндегі
ең ірі өзгерістердің басы болуы мүмкін»
деген жорамал жасауда. Енді не істеу керек?Бұл
сауалға да жауап іздеген қарапайым халық
емес, ғалымдар болып отыр. Олар жер бетіндегі
адамзатты ақылға шақыратын уақыт келгендігін
айтады. Келешекте сан соғып қалмау үшін
қазірден бастап қауіпсіздік шараларын
ойластырған жөн. Ол үшін әр мемлекет адамның
жауапсыздығынан болатын қатердің алдын
алу керек көрінеді. Соған жол бермеудің
өзі бізді көп қиындықтардан құтқарады.
Каспий теңізінің экологиясы
Каспий теңізінде мұнай-газ
өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің
дамуына байланысты Казақстанның батыс
өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік,
экономикалық жөне экологиялық жағдай.
Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық
маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы.
Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі
желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде
0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады.
1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының
нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі
мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930
және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні
анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе,
1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі
абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж.
су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп,
1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. Қазіргі
заманның балық шаруашылығы — балық аулауды
реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре,
қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және
жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген.
Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның,
Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық
шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы
2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының
шабағын дайындайды. [Балық уылдырығы|Балықтар
уылдырығын] тұщы суға шашады, қор жинау
үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан,
оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің
атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз,
табан, көк-серке тұзды суда (тұздылығы
10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте
тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген.
Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан.
Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың
278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның
және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген
өте сирек кездесетін калбағай, карабай,
сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал
Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде
тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан
астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса,
1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған
итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996
ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз
айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий итбалығының жаппай қырылуы —
Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология
және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан
теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін
көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің
88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі.
Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге
(25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның
"Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің
өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның
5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз
өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен
көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен,
гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64
түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен
қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот,
мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың
уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет,
сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық
түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий
жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық
жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының,
судың ластануы үлкен қауіп төндіруде.
Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін
және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар
әсер етуде.Мысалы; 1998 ж. Атырау обл. бойынша
атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын
ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3
мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы
заттарды атмосфераға, негізінен, ескі
технологиялық жабдықтармен жабдықталған
3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай
кәсіпшілігінің ең басты экологиялық
проблемасы — ілеспе газды іске жарату.
Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады
(2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін
өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың
топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды.
Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері
қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың
га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың
мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің
көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне
байланысты теңіз суының құрамында мұнай
өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы
органикалық пестицидтер, аммо нийлы азот,
ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген
шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған.
Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде
айларында байқалады. Теңіз жағалауының
мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен
ластануы планктондар мен теңіз суында
тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің
жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі
шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы
бентостық тіршілік ететін организмдер
мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары
мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс.,
1900 жылмен салыстырганда Каспий т-нде
балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан
180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең
қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын
ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы
мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат
етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі
— 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы
аймағының ластануы онда тіршілік ететін
организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың
денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде.
Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы
5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан
жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен,
БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі
бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий
экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап,
оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі
мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту
және Каспий аймағының табиғи ресурстарын
тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің
негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі
жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы
мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын
қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның
биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған
орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін
сауықгырып, қалпына келтіру және оның
биологиялық алуан түрлілігін сақтау;
аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне
қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның
қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты
тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.Каспий
теңізінің экологиялық жағдайы соңғы
жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты.
Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде
тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына
байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930
жылдар аралығында Каспий теңізінің су
денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа
райының құбылысымен және антропогендік
факторлармен түсіндіруге болады. Еділ
өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын
құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы
Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.
Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл
шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам
баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы
еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің
байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін
бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде
қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы
табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы
кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы
теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік
факторларға жаткызады. Оның да себебі
бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын
су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға,
ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды
ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын
тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді
теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи
бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың
суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп,
айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар
тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз
өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы
төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл
елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі
Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге
әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі
өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың
аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді.
Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай
бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ
кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық
желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында
қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай
теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың
гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз
суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі
дәлелденді.Каспий тсңізінің көтерілуі
оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы
- экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі
теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың
көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың
мекенін басып қалды. Суға тоскауыл
үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы
мен флорасына зор шығын келтірді.
Балықтардың уылдырық шашу аясы мен
құстардың үя салу тығыздығы кеміп,
биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын
туғызып отыр.Екіншіден, теңіз деңгейінің
көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына,
одан әрі экологиялық апатка апарады.
Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан
бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид
және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты
бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың
жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу
фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер
бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға
азайды.Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі
теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын,
мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп
орындарын, балық комбинаттарын, елді
мекендерді су басып, орасан зор шығын
келтіре бастады.Төртіншіден, мұнай игеруге
шетелдік инвесторларды тарту Каспий
теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре
түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын
ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың
ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп
отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік
процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге
айналуына себепші болып отыр.
Қорытынды
Қорытындылай келе,осы
жоғарғы аталған экологиялық
апаттардың алдын алу үшін қазіргі
таңда бірнеше көптеген дүниежүзілік
экологиялық ұйымдар құрылған. Олар: ВВФ - ғаламшар
тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды
жастар қоры;
Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы»
- Некст стол . Гринпис («Жасыл әлем»)
- Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы.
1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары
бар, 2,5 млн адам мүше. «Робин Вуд» -
германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға»
қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы. ФАО - Біріккен
Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және
азық-түлік проблемаларымен айналысатын
органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа
жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау
ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау
ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің
білімі мәселесімен айналысады. ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы
адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған
ортаны қорғау мәселесімен және медициналық
қызметкерлердің білімімен айналысады. МСОП - Халықаралық
табиғатты қорғау және табиғат ресурстары
ұйымы. ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік
табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна
мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады;
халықаралық жастар курсын, лагерьлер
мен табиғат қорғау клубтарын және т. б.
шараларды ұйымдастырады