Экология және тұрақты даму пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:05, лекция

Описание работы

І. «Экология» терминін алғаш ғылымда 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» атты енбегінде көрсеткен. «Экология» термині грек тілінен аударғанда oikos – үй, тұрақ; logos – ғылым мағынасында.
Экология, бұл – жалпы барлық тірі ағзалардың өзара қарым – қатынасы және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым болып табылады.
ІІ. Экология саласының мақсаты – адам денсаулығына және өміріне қолайлы болып келетін қоршаған ортаны қалыптастыру.

Содержание

Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы.
Экологияның мақсаты , есептері және әдістері.
Экологияның даму тарихы.
Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы.
Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология

Работа содержит 1 файл

1 дәріс през.ppt

— 57.00 Кб (Скачать)

Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы

 

Экология және тұрақты даму пәні

Дайындаған: оқытушы Темиржанова А.Е.

  • № 1-ші дәріс

Тақырыбы:

 

  • Кіріспе: Экология және тұрақты даму пәні.
  • Жоспар:
  • Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы.
  • Экологияның мақсаты , есептері және әдістері.
  • Экологияның даму тарихы.
  • Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы.
  • Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология.

 

  • І. «Экология» терминін алғаш ғылымда 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» атты енбегінде  көрсеткен. «Экология» термині грек тілінен аударғанда oikos – үй, тұрақ; logos – ғылым мағынасында.
  • Экология, бұл – жалпы барлық тірі ағзалардың өзара қарым – қатынасы  және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым болып табылады.
  • ІІ.  Экология саласының мақсаты – адам денсаулығына және өміріне қолайлы болып келетін қоршаған ортаны қалыптастыру.

 

  • Экологияның есептері:
  • Экологиялық жүйелердің барлық деңгейлерінің тұрақтылығын бағалаудағы теориялар мен әдістерді жасау;
  • Даралар экологиясының, популяциялар экологиясының, бірлестіктер экологиясының, ғаламдық экологияның мәселелерін зерттеу. Қоршаған ортаға тірі  биотаның әсерін реттейтін биоалуандылық мәселелерін қарастыру;
  • Табиғи және антропогенді сипаттағы факторлар әсерінен туындаған биосферадағы өзгерістерге зерттеу жүргізіп, баға беру. Мүмкін болатын өзгерістерге болжау жасау. Сол өзгерістер нәтижесінде туындайтын экологиялық салдарға баға беру;
  • Табиғат ресурстарының жағдайы мен динамикасына сапалы баға беру, оларды пайдаланудың экологиялық салдарын ашу;
  • Қоршаған орта сапасын басқаратын әдістерді жаңартып шығару;
  • Адамзат қауымында экологиялық ойлау саласын жақсарту, экологиялық этика мен мораль нормаларын қалыптастыру.
  • Қоғам мен мемлекеттің экологиялық қауіпсіз тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік және т.б мәселелерді жақсарту.
  • Экологиялық зерттеулерде пайдаланылатын барлық экологиялық әдістерді үлкен 3 топқа бөледі:
  • Дала әдістері. Табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан популяцияның дамуы мен өміріне нақты әсер ететін барлық экологиялық факторлар кешенін зертеуге ыңғайлы әдіс болып табылады. Оған келесілер жатады:
  • А) қоршаған орта жағдайын бағалау және тіркеу әдістері. Мысалы, метеоролгиялық бақылаулар, мониторинг және т.б.
  • Ә) Ағзаларды санау әдістері. Бұл әдісті көбіне өсімдіктер және жануарлар экологиясында пайдаланады. Популяциядағы даралар динамикасын зерттеу үшін ең тиімді әдістердің бірі.
  • Б) биомасса және өсімдіктер мен жануарлар өнімділігін бағалау әдістері. Биомасса – тұратын жерінің ауданына немесе көлеміне сай келетін бір түрге жататын даралардың немесе барлық биоценоздың жалпы массасы. Биологиялық өнімділік – аудан бірлігіне шаққандағы уақыт бірлігінде түзілетін ағзалар биомассасының өсімі.
  • 2. Тәжірибелік әдістер. Зертханалық жағдайда тірі ағзаға қоршаған ортаның жеке факторларының әсерін зерттеуге мүмкіндік туғызады.
  • 3.  Математикалық модельдеу және экологиялық болжау әдістері. Антропогендік факторлар әсеріне және климаттық өзгерістер әсеріне тәуелді экожүйелердің дамуын болжауға мүмкіндік жасайды.
  • ІІІ. Экологиялық білімнің қалыптасу тарихында негізгі үш кезеңді бөліп қарауға болады:
  • Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Экологияның ғылым ретіндегі пайда болуы және қалыптасуы: тірі ағзалардың қоршаған отамен қарым-қатынасы туралы мәліметтерді жинап, оларды алғаш рет ғылыми тұрғыда топтастыру.
  • А.Реомюр, А.Трамбле, Ж.Бюффон, К.Линней, С.П.Крашенников, К.Ф.Рулье және т.б.
  • Екінші кезең – ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ХХ ғасырдың 50- ші жылдарына дейінгі аралық.  Экологияның жеке білім саласы ретінде қалыптасуы
  • Бұл ретте экология негізінің дамуына Ч.Дарвиннің еңбекетрі маңызды роль атқарды. «Табиғи сұрыпталу жолмен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте мықты түрлердің сақталуы» атты еңбегі ерекше орынға ие. Осы ретте 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель Дарвин еңбегін жалғастырып экологияны биологиядан бөлек салаға алып шығады.
  • В.И.Вернадский, В.Шелфорд, Ч.Эльтон, К.Раункиер, А.Тенсли, В.Н.Сукачев, Г.Г.Гаузе және т.б.
  • Үшінші кезең – ХХ ғысырдың 50-ші жылдарынан бастап қазіргі күнге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналуы: оның құрамына биоэкология, география, геология, химия, физика әлеуметтану, мәдениет теориялары, саясаттану, медицина, қоршаған орта туралы ғылымдардың бөлімдері кіреді.
  • Ю.Одум, Ю.А. Израэль, Н.Н. Моисеев, В.И.Данилов-Данильян, Дж.М. Андерсен, А. Швейцер және т.б.
  • ІV. Экологиялық мәселелер шешімі ғылым мен техниканың барлық салаларын қамтиды. Сондықтан да экологиялық ойлар барлық ғылыми пәндерге оңай еніп, қоғам санасында елеулі орынға ие. Экологияның басқа ғылымдармен селбесіп, қоғамдық қызметке етене араласы процесін экологияландыру деп атайды.
  • V. Экология бөлімдері:
  • Аутэкология – даралар экологиясы. Экологияның зерттеу аймағына жеке даралар мен олардың популяцияларының өлі табиғат ортасымен қарым қатынсаы түседі.
  • 2. Демэкология – популяциялар экологиясы. Популяция дегеніміз – бір түрге жататын және өзара еркін шағылысып дүниеге ұрпақ әкелу қабілеті бар бір территорияда тіршілік етеін даралар жиынтығы. Экологияның бұл саласы популяцияның өзаара қарым – қатынасы мен қоршаған орта арасындағы байланысын зерттейді.
  • 3. Синэкология – бірлестіктер экологиясы. Бірнеше популяциялар арасындағы қарым – қатынас пен олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
  • 4. Ғаламдық экология. Қазіргі таңда қалыптасқан ғаламдық экологиялық мәселелерді қарастыратын экологияның саласы.

Сұрақтар:

 

  • Экология терминін алғаш ұсынған ғалым?
  • Экология термині қай жылы қалыптасты?
  • Экология бөлімдерін атаңыз.

№2 дәріс тақырыбы:

 

  • Даралар экологиясы – аутэкология.

Информация о работе Экология және тұрақты даму пәні