Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 15:43, реферат
Казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
Негізгі бөлім
Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
Негізгі бөлім
Экология ғылымының қазіргі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымда
Экология ғылымы туралы кейбір
ұғымдар мен түсініктер өте ерте
кездерден басталды. Бастапқы экологиялық
көзқарастар, негізінен, ботаника және зооло
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.
Көптеген саяхатшылардың
жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың
өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми
еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони
ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскоптыжасап шығаруы арқылы бұрын
белгісіз болып келген ұсақ организмдер
жайлы жаңалықтар жарияланды.Ағылшын ғалымы Джон
Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы"
деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік
түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар
ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл
Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде
тірі организмдердің тіршілігінде климаттық
жағдайлардың басты рөл атқаратындығын
атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж
Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен
қоршаған орта жағдайларының арасында
өзара тығыз байланыс болатынын ерекше
атап жазды. Швейцариялық ғалым Абра
Экологиялық көзқарастардың дам
Көрнекті неміс ғалымы Александ
XVII—XVIII ғасырларда
жарық көрген биологиялық
Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.),Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.
Н.А.Северцов 1855жылы
"Воронеж губерниясындағы аңдар
Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі
экология ғылымының дамуына зор ықпал
етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен то
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және"табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.
Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.
XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымыВ.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.
Атақты орыс
ғалымы В.И.Вернадскийдің (
Үшінші
кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып
қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды.
бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына
көптеген жаңа салалар мен бағыттарға
бөлінді. Сонымен бірге экологияжаратылыстану және қоғ
Экологиялық оқиғалардың күнтізбесі
жылдар |
автор |
мемлекет |
Экологиялық ақпарат |
Б.з.д VI-IV ғасырлар |
Ежелгі Индия |
«Махабхарата» және «Рамаяна» эпикалық шығармаларында ша-мамен жануарлардың 50-түрінің тіршілік ету ерекшеліктері келті-рілген. | |
Б.з.б 490-430 жылдар |
Эмпедокл |
Ежелгі Греция |
Өсімдіктердің қор-шаған ортамен бай-ланысын қарастырды |
Б.з.д 384-322 жыллар |
Аристотель |
Ежелгі Греция |
«Жануарлар тарихы» - жануарлар клас-сификациясы. |
Б.з.д 371-280 жылдар |
Теофраст |
Ежелгі Греция |
«Өсімдіктер туралы зерттеулер» 500-дей өсімдікке сипаттама жасады. |
Б.з.д 79-23 жылдар |
Үлкен Плений |
Ертедегі Рим |
«Табиғи тарих» - ботаника, зоология, орман шаруашылығы бойынша мәліметтер жазды |
1749 ж |
К.Линней |
Швеция |
Систематиканың негізін қалады. |
1749 ж |
Ж.Бюффон |
Франция |
«Табиғи тарих» - түрлердің өзгеруіне қоршаған орта әсері туралы идеялар ай-тылды |
1798ж |
Т.Мальдус |
Англия |
Популяцияның өсуінің геометриялық (экспен-енциалдық) негізін ұсынды. Популяцияның өсуінің алғашқы математикалық моделі-нің негізін жасады |
1802 ж |
Ж.Ламарк |
Франция |
«Биология» терминін ұсынды. Биосфера туралы концепция-ның негізін қалады |
1836 ж |
Ч.Дарвин |
Англия |
«Түрлердің шығу тегі...» еңбегіне енген экологиялық байқаулар мен сипаттамалар |
1840 ж |
Ю.Либих |
Германия |
«Минимум заңын» тұжырымдады |
1845 ж |
А.Гомбольд |
Германия |
Бес томды «космос». Өсімдіктер мен жан-уарлардың таралуына Географиялық аймақ-тың әсері |
1866 ж |
Э.Геккель |
Германия |
«Экология» ұғымын ұсынды |
1870 ж |
Г.Спенсер |
Англия |
«Социологияны зерт-теу» - адам экологиясы-ның негізін салды |
1875 ж |
С.Зюсс |
Австрия |
«Биосфера» ұғымын ұсынды |
1877 ж |
К.Мебиус |
Германия |
Тірі организмдердің қауфмдастығы – биогеоценоз ұғымын ұсынды |
1895 ж |
Е.Варминг |
Дания |
Экологияны
өсімдік-терге қатысты қолда- |
1903 ж |
К.Рауниер |
Дания |
Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы классификация құрды |
1910 ж |
В.Шелфорд |
АҚШ |
Толеранттық заңын тұжырымдады |
1915 ж |
Г.Н.Высоцкий |
Ресей |
«Экотоп» тіршілік ету орны ұғымын ұсынды |
1915 ж |
И.К.Пачосский |
Ресей |
«Фитоценоз» - өсім-діктер қауымдастық-тығы ұғымын ұсынды |
1918 ж |
Х.Гамс |
Швейцария |
«Биоцеонология»
организмдер қауым-дастығы |
1926 ж |
В.И.Вернадский |
КСРО |
«Биосфера» - тірі зат-тың ауқымды қыз-метін атқарады |
1927 ж |
Э.Леруа |
Франция |
Ноосфера ұғымын ұсынды |
1933 ж |
Д.Н.Кашкаров |
КСРО |
Орта және қауымдас-тық
жануарлар эко-логиясы |
1935 ж |
А.Тенсли |
АҚШ |
Экожүйе ұғымын ұсынды |
1939 ж |
К.Тролль |
Германия |
Жаңа «Ланшафт экологиясы» ғылыми бағытының негізінің қалады |
1942 ж |
В.Н.Сукачев |
КСРО |
«Биогеоценоз» ұғы-мын ұсынды |
1942 ж |
Р.Линдеман |
АҚШ |
Трофикалы деңгей-лер және «эниргия пирамидасы» туралы түсініктерді дамытты |
1963 ж |
В.Б.Сочава |
КСРО |
Геожүйе ұғымын ұсынды |
1971 ж |
Ю.Одум |
АҚШ |
Экологиядан қазіргі таңдағы бірден бір күшті еңбек – «Экология негіз-дері». Орыс ті-ліне 1975-1986 жыл-дары аударылды |
1971 ж |
Б.Коммонер |
АҚШ |
Экологияның төрт заңын тұжырымдады |
1994 ж |
Н.Ф.Реймерс |
Ресей |
Экология заңдары, принциптерін және «Үлкен экология» шпотезалары |
Экология салалары
Қазіргі жалпы
экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес
жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше
мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды
Қазіргі
жалпы экология ғылымының зерттеу
бағыттары, негізінен, биоэкологияның ірге
1. Биоэкология
ғылымы тірі организмдердің
2. Биоэкология
жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер
мен орта жағдайларының өзара байланыстарын
зерттеуге байланысты арктика жәнетундра
3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т.б.
Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қуатбаев: Жалпы экология
Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева: Экология
А.К.Бродский: Жалпы экология
Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы
білім беретін мектептің