Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 16:01, доклад

Описание работы

Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды.

Работа содержит 1 файл

Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді.docx

— 21.13 Кб (Скачать)

      Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды.      Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды. 
   Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды. 
   Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты. 
   Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады. 
   Бір сөзбен айтқанда, ол табиғатты түбегейлі қайта құруға қабілетті. 
Алайда қазіргі кезде адамзат өзінің табиғатқа үстемдігін ойсыз пайдаланудың табиғатқа шексіз араласа беруден бас тартуы қажеттігі, өзінің шаруашылық әрекетінен тууы мүмкін зиянды зардаптарды есепке алмай, оны қайта түрлендіруге болмайтындығы айқын көрініп отыр.  
   Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.  
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады. 
   Табиғи ортаның ластануы мен өзгеруінің аса күрделі проблемаларын ғылым мен техниканың әр алуан салаларының білікті мамандары шешеді. Алайда біздің әрқайсысымыз қазірдің өзінде-ақ табиғаттың күрделі құрылысы мен тіршілігі және оның жай-күйіне жауапкершілігіміз туралы міндеттіміз. 
   Экология - тірі организмдердің айналадағы ортамен қарым-қатынасы. Әрбір адам машинаны өзенде жуу, орман-тоғайда қоқыс, егістікке тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына сіңіруі тиіс. 
Айналадағы ортаны сақтауға әрбір адам белсене қатысуға міндетті. 
Табиғат әкімшілік, мемлекеттік шекара дегенді мойындамайды. Климаттың, өзен көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік проблемалар тудырады. 
Табиғат – оны құрайтын бөліктердің (су, ауа, топырақ, өсімдік, жануарлар және т.б.) жай қосындысы емес, ол барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан біртұтас жалпыпланеталық биосфера жүйесі. 
   Адамның табиғат тіршілігіне стихиялы, ойсыз араласуына жол беруге болмайды. Биологиялық тепе-теңдік бұзылуы жер бетіндегі тіршілік үшін аса қатерлі зардаптарға әкелуі мүмкін. 
Көп уақыт бойы адам табиғатты өзі үшін қажетті материалдық игіліктердің таусылмас көзі деп қарады. 
   Зерттеудегі Ә.С.Бейсенованың «Қазақстан табиғатын зерттеу мен ондағы физикалық-географиялық идеялардың дамуы» республиканың педагогика университеттерінің география мамандығын алушы студенттеріне арнайы курс есебінде енгізілгендіктен автор бұл еңбекті студенттер үшін оқу құралы бола алады деп санайды.  
   Қазақстан табиғатының зерттелуі мен географиялық идеялардың даму тарихын география пәнінің мұғалімдерінің жете білуі мектепте географияны оқытудың жағдайын жақсартуға көмек болары белгілі. 
   Қазіргі кезде экология ғылымымен географ, химик, биолог ғалымдар айналысуда.  
Көптеген оқулықтардың жарық көруі қазіргі уақытта сұранысқа ие болып отыр. Экология ғылымының ролі қоғамда алатын орны ерекше.  
   Экология бойынша жазылған оқу-құралдар жоғару оқу орындарында, мектептерде пайдаланылып жүр. 
Жас ұрпаққа экологиялық сана қалыптастыруда экологиялық оқулықтардың орны ерекше.

   Алғашқы экологиялық зерттеулерінің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құрылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.

   «ЭКОЛОГИЯ»  терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Геккель ұлы ғылымды былай тұжырымдайды: «Экология» деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық бөлімдерді — жануарлардың, оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қатыстық жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығының зерттеулерін түсінеміз.

   Қазіргі  кезде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы комплексіне айналып отыр. Осы жайлы ғалымдардың ойлары:

Н.Ф.Реймерс (1992 ж) «Үлкен экология» еңбегінде «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологиялық шеңберінен шықты. Ол қоғамдығы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды» деп жазған.

Ю.Одум: «Экология — табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы» деп айтқан.

    Н.А.Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе олардың толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулер мен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология — адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым».

   Ф.Дре: «Экология — болашақтың ғылымы, себебі, адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі прогресімен анықталуы мүмкін».

   А.К.Бродский: «Тек биологиялық жүйелер экологияда ғана классикалық экологияның міндеттері мен функциясы сақталды».

    Р.Риклефс: «Егер біз табиғатпен қандай да бір келісімге келгіміз келсе, онда көптеген жағдайда біз оның талаптарын орындауға тиіспіз».

 

 

Қолданылған әдебиеттер

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу жайында // Қазақстан мектебі 1967. №4. 
2. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие міндеттері // Қазақстан мектебі 1990. №6. 
3. Қазақстан табиғатты зерттеу және физикалық гоеграфия идеяларының дамуы. Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ – ғасыр басына дейін. А.Рауин. 
4. Мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру жолдары. Ізденіс жаратылыстану ғылымының сериясы. 1995 №4. 
5. Эколог мамандар даярлаймыз. Биология және химия 1996. 
6. Табиғатты қорғау негіздері. СБ. Геоэкология №38. АГУ им.Абая А, 1997. 
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993, №1.


Информация о работе Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері