Ендірісте апатты жағдайлар орын алғандағы халықтың іс-әрекеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 16:17, реферат

Описание работы

Жарылыстар – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.

Работа содержит 1 файл

ОБЖ -жарылыс.docx

— 35.01 Кб (Скачать)

 
КІРІСПЕ

Жарылыстар – бұл қысқа  уақыт аралығында шектеулі көлемде  энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.  
Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай – химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі – дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.  
Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:  
Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау; 
Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру; 
Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған отаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;  
Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату; 
Жарылысты жаншу (жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра рнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады); 
Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай – ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамассыз етуге тиіс.  

 

 

1989 жылы 20 мамырда Алматы  – 2 темір жол станциясында  сұйық пропан құйылған цистернаның  жарылысы кезінде 34 адам қаза  болып, 100 адам жарақат алды. 
2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9 - ы қаза болды. 
Өрт – бұл адамдардың, хайуаннаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.  
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. 
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.  
Өрт 
• Отпен жұмыс істегенде абай болуға; 
• Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;  
• Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге; 
• Автокөліктен шыққан жалынға; 
• Күн күркірегендегі найзағайларға; 
• Майланған материалдың үйкелісіне; 
• Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі. 
 
Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады, милиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп – сәтте күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залал алып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568 – і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады. 2011жылы 11 шілдеде Павлодар қаласындағы химиялық зауыттан өрт шықты. КСМ: Өндіріс ошағының ауласында тұрған екі бірдей цистерна жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің барлығы дін аман. Қазір мамандар отын тасымалына арналған сауыттардың ішінде қандай сұйықтық болғанын анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылар сыйымдылығы 50 тонна цистернаналарды бөлшектемек болған. Соның салдары өрт оқиғасына әкеп соқты. 
Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманды ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің 90% - адамның күнәсінан, 7 - 8% - найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2 -3 % - басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.  
Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы (егістіктегі) өрт болып табылады.  
Ормандағы өтр жану жиілігі боынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.  
Орманда жүргенде есіңізде болсын: 
• Қоқыс пен оттықты тастамаңыз; 
• Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз; 
• Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз; 
• Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз; 
• Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз; 
• Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін; 
• Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз. 
 
Ескерту шаралары: 
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек. 
Орманның төменгі жағындағы өрт орман төсемінің, топырақ бетіндегі шөп – шаламның, ағаштың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады. Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3 -1 м/мин (әлсіз өрт) 16 мин. Дейін (1 км/с) (қатты өрт кезінде), жалынның биіктігі 1 -2 метр, өрт аймағындағы оттың температурасы 400 -900 º С.  
Орманның жоғарғы жағындағы өрт – қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8 – 25 км/с жететін үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскелер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл ағаштың бойын қамтиды. Жалын топырақ жамылғысынан бастап, ағаштың ұшын 5 -8 км/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 ºС көтеріледі.  
1997 жылғы жазда бейқамдық салдарынан бұрынғы Семей облысында өрт болып, ол 12000 га аумақты қамтиды. 
Өрттің тағы бір түрі – жер астындағы өрт, алайда ол Қазақстан жағдайына тін емес.  
Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20 -30км/с жетуі мүмкін.  
Өрттің жайылтпаудың негізгі әдістері:  
Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау – күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) – өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс – әрекет және өрт ошағын тікелей жою.  
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.  
Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін. 
Даладағы жойқын өрттің ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі. 
Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар.  
Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді. 
Күйдіру ірі өрт кезінде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке қараған жанына жанатын материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп, құрай, қорда). Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда, әуелде 20 -30 м учаскесіндегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 2 – 3 метрге жылжығаннан кейін көрші учаскелер жағылады. Өрттелген алқаптың ені кемінде 10 – 20 м, ал жердегі алапат өрт кезінде 100 м кем болмауға тиіс.  
Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оған кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедепгінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150 – 200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.  
Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені. 
Өрт ошағының шекарасын, бағытын және оның таралуының мөлшерлі жылдамдығын анықтау керек. Егер карта болса, одан өзіңіз тұрған жерді дәл анықтап, өрттен қауіпсіз төңіректегі жерді іздеуге болады. 
Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрылысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процессінің құрымдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады. 
Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі: 
ü Өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау; 
ü Жасалған объектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;  
ü Өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау; 
ü Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу; 
ü Халық арасында техникалық – өрт білімін насихаттау; 
Өрттен сақтандыру оьъект түрлері бойынша жүргізілген тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді өнеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында. Әрбір тосын жағдайда шақыратын – 101 өрт қызметі телефон номерін алу қажет. 
Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар 
Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.  
Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады. 
Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш. 
Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.  
Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.  
Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру.  
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін – өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.  
Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдарға мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, каска, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды. 
Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әр түрлі өнімдердеің қауіпті онцентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.  
Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек. 
Есіңізде болсын!!! 
Балалар қорқыныштан керуеттің астына, шкафқа, жуынатын бөлмеге, бұрышқа және басқа да көрінбейтін орындарға тығылады. 
Баланы немесе күйген адамды көтеріп шығарған кезде олардың бетіне көрпе, киім жапқан жөн (мүмкіндігінше ылғалды). Баспалдақпен төмен түскен кезде қолмен сүйенішті емес қабырғаны ұстау керек, өйткені сүйеніш сізді түтін басқан жертөлеге алыпбару мүмкін.  
Егер өрт төменгі қабаттарда болып, сізді баспалдақпен көшеге шығу мүмкіндігінен айырса онда қолыңызға балта, балға, білеу темір алып шатырға шығыңыз. Шатырда жабық ішкі ғимарат бөлмелерінен гөрі көмекті оңай күтуге болады.  
Жанған ғимараттан шыққан кезде лифтіні пайдалануға болмайды. Тіпті жай өрттің өзі электржелісін тұйықтайды, ал бұдан кейін лифт қабаттардың арасына тұрып қалады. Сорылмалы құбыр режимінде жұмыс істейтін лифт шахтасы түтінге тез толып, санаулы секундта уланып қалуға болатындығын есіңізде ұстаңыз. 
Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Егер былай етуге мүмкіндік болмаса, балконға шығып келген құтқарушыларға белгі беріңіз. 
Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс. 
 
Дене күйген кезде – зардап шегушіні жану аймағынан шығарыңыз. Адамның жанған киімін жалпақ матамен немесе басқа тығыз материалмен сөндіреді. Күйген жерді сумен салқындатады. Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде, оның денеге жабысқан жерін жұлмай, төңірегін кесіп орнында қалдырады.күйген жердің бетін әтірмен, спиртпен, маргансовканың күшті ерітіндісімен шайылған таза матамен жабады. Қатты күйген адамды жаймаға орап, жылы қынтайды, ыстық тамақ береді. 
Дененің күюі - бұл жоғарғы температураның (жалын, ыстық су, бу), күйдіргіш химиялық заттардың, электр тогының әсерінен және т.б. әсерлерден болған зақымдану. 
Күйік ауырлығы бойынша 4 ке бөлінеді: 
1. Дәрежелі – дененің қатты өызаруы, домбығуы; 
2. Дәрежелі – өте қатты қызарған теріге көлкілдек бүршік п.б.; 
3. Дәрежелі - ұлпалардың жансызданып қабыршақтардың п.б.; 
4. Дәрежелі – терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып кетуі; 
Жану өнімдерімен уланған кезде зардап шегушіні еркін тыныстау үшін таза ауаға шығарады. Жүректің тоқтап қалуына байланысты аса ауыр жағдайда жүрекке жабық массаж жасап, өкпені жасанды желдетеді.  
 
Өртті сөндіру құралдары мен жолдары 
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:

ТЖ жөнінде  алдын ала хабарлағандағы халықтың іс-әрекеті. Өндірісте өрт және жарылыс  кезіндегі халықтың іс-әрекеті

 

Орындаған: Кенжебекова П.Ш

Тексерген:  Абдибаттаева М.М

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

2013 жыл

 

ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ

1. ҚР-да болған  өндірістік төтенше жағдайлар  және оның зардаптары

 

2. Жалпы өндірісте  болуы мүмкін төтенше жағдайлар  және ескерту шаралары

 

3.Төтенше жағдай орын алған жағдайда халықтың істеуге тиіс іс-әрекеті


Информация о работе Ендірісте апатты жағдайлар орын алғандағы халықтың іс-әрекеті