Каспий
теңізі кәсіптік балықтарға да бай.
Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий
теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені.
Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан
қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға
жетеді.
Қазіргі кезде бізді қоршаған
ортаның ластаушы көздерін төмендегідей
топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті
заттар, электрмагнитті толқындар,
жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі
өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестицидтер, гербицидтер,
фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру
қоздырғыш бактериялар мен вирустар,
құрттар, қарапайымдылар, шектен
тыс көбейіп зиян келтіретін
жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың
қайталанбас сұлу ландшафтарының
бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы,
т.б.
Осындай апаттарды болдырмас
үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның
Рио-де Жанейродағы болған айналаны
қоршаған орта жөніндегі конференциясы
климаттың өзгеруі туралы рамкалық
Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам
ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында
БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның
өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова
да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті
Клинтон атақты ғалымдарды жинап
(оның ішінде 3 Нобель сыйлығының
лауреаты бар) «парниктік эффекті»
тудыратын газдарды азайтуға бағытталған
заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы
күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл
мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды.
1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы»
қабылданды.
«Қызу әсерінің» салдарынан болатын
климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі
проблема болып табылады және қоршаған
ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер
төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі
жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын
бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда
Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және
ол күшіне енген жағдайда Қазақстан
қызған газдардың шығарындыларын
қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді
өзіне жүктей отырып, І қосымшаның
Тараны болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын
бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау
үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың
шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық
міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына
әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз
экологиялық тиімділігінен басқа,
Киото хаттамасын бекіту біздің
ел үшін халықаралық инвестицияларды
тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді
орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі
бірлескен жүзеге асыру жобаларына және
«таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік
энерготиімділігін арттыру үшін жаңа
технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық
рынокта елдің экономикалық мүдделерін
қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру,
қызған газдардың шығарындыларына квоталар
жөніндегі перспективалары ашады.
Киото хаттамасын біткеннен кейін
нақты жобалар мен іс-шараларды іске
асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында
қызған газдардың шығарындыларын азайту
жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама
әзірленетін болады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден,
өндірісті экологиязациялау мақсатына
сай келетін бірқатар шараларды іске
асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық
елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана
экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере
алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын
жақсарту бағытталған тағы бір
шара – табиғат байлықтарын
тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне
– өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын
қалыптастыру міндетті экологиялық білім
мен тәрбие берудің бірқатар комплексті
мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық
ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық
этиканы, экологиялық психологияны және
экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру
қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз
үшін табиғат бізден кек алады.
Сондықтан біз табиғатты аялай
білейік!