Екологиялық проблема

Автор: m*************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 18:28, реферат

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

Работа содержит 1 файл

Атмосфералық ауаның ластану проблемалары.docx

— 14.88 Кб (Скачать)

Атмосфералық ауаның ластану проблемалары 

    Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

 Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

 Южно-Казахстанская область

Жылдар 2003*  2004*  2005*  2006*  2007*  2008*
Ластауыш зат шығарындылары, барлығы  53278  67957  81171  98024  112204  121480

* - ластауыш заттардың шығарындыларының мәні есептік жолмен алынған.    

2007-2008 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі

                                                                                                                                             Кесте

№ р/с  Атауы  Зиянды зат шығарындылары, мың тонна  Төмендеуі, көбеюі %, есе
    2008г.  2007г.  
1  «Петро Қазахстан  Ойл Продактс» ЖШС  16,816  16,779  + 0,22 %
2   «Южполиметалл» ӨК» АҚ  1,098  8,51  - 87%
3  «Шымкентцемент» АҚ  1,463    2,261  - 35%
4  «3-Энергоорталық» АҚ  1,586  0,741  + 2 есе

*№2ТП-ауа стат.есебінің мәндерінен алынған. 

Кестені анализ жасап отырып келесілерді байқауға болады: 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы  «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да (87%), «Шымкентцемент» АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де (0,22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген.  «3-Энергоорталық» АҚ кәсіпорнында 2008 жылы ластауыш заттардың 2007 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе) қазандықтардың жұмыс істеуіне отын шығынының артуына және Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету зонасы бұрын 1,2-ЖЭС қызмет көрсететін аймақтардың қосылуымен кеңеюіне байланысты болды.

Тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындылары, тоннамен

Жылдар  2004  2005  2006  2007  2008
  Барлығы  31075,9  36763,1  38921,4  39899,179 
 

Ластауыш заттардың шығарындыларының өсуі ЖЭО-да сұйық отын шығынының артуымен және қатты отын қазандықтарын пайдаланумен байланысты.

Информация о работе Екологиялық проблема