Дидактикалық жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2012 в 17:36, реферат

Описание работы

Бұл тарауда экология терминінің ғылымға енуі, оның анықтамасы, мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Экология ғылымының ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске ұшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.

Содержание

Дидактикалық жоспар



1 тарау. Экология ғылымына кіріспе. Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері



1.1 Экология ғылымының тарихы



1.2 Экологияның негізгі заңдары



1.3 Экология ғылымының зерттеу әдістері



2 тарау Экология –ғылыми сала



3 тарау Экологиялық білім беру , тәрбиелеу және экологиялық көзқарас



Әдебиеттер тізімі



Студенттердің өз бетімен жұмысына тапсырма



Глоссарий

Работа содержит 1 файл

Экология ғылымының философиясы.doc

— 98.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

Дидактикалық жоспар

 

 

 

1 тарау.  Экология ғылымына кіріспе.  Экология пәні, мазмұны, мақсаты  мен міндеттері

 

 

 

1.1 Экология ғылымының тарихы 

 

 

 

1.2  Экологияның негізгі заңдары

 

 

 

1.3 Экология ғылымының зерттеу  әдістері

 

 

 

2 тарау  Экология –ғылыми сала

 

 

 

3 тарау  Экологиялық білім  беру , тәрбиелеу және экологиялық  көзқарас

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

Студенттердің өз бетімен жұмысына тапсырма

 

 

 

Глоссарий

 

 

 

ЮНИТА 2

 

Дидактикалық  жоспар

 

1 тарау.  Экология ғылымына кіріспе.  Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері

 

 Бұл тарауда экология терминінің  ғылымға енуі, оның анықтамасы, мақсаты  мен міндеттері көрсетілген.  Экология ғылымының ең басты  мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық  проблемаларды бақылай отырып  ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.  Қазіргі  заманда   экология   табиғат   пен  қоғам   ара қатынастарын зерттейтін  ғылымға   айналған.   Онда  адам  мен  табиғаттың   өзара  тікелей    байланысты   екені  көрініс  табады. Адамзаттың   тіршілік    ортасының   айрықша    күйзеліске   ұшырауына   байланысты  табиғи  ортаны  қорғау  ісіне кеңінен мән беріліп   отыр. 

 

1.1 Экология ғылымының тарихы 

 

Ең ежелгі ғалымдардың бірі –экология  өркениетінің  алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәніне ие болған.  Себебі  отбасының, рудың тайпаның игілігі ғана емес, оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған. Экология ғылымының қалыптасуын  негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.  Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі,  экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және  даму кезеңі,  экология ғылымының өрлеу кезеңідері сиппаталады.

 

1.2 Экологияның негізгі заңдары

 

Бұл бөлімде экологияның негізгі  заңдары биосферанаң ауысымсыздық заңы, атомдардың биогенді миграцияся заңы, Реди ұстанымы, Ағза -орта бірлігінің заңы, энергия ағымының бір бағыттылығы заңы, Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы, Р.Линдеманның 10 пайыз заңы,  төзімділік заңы, оптимум заңы, шектеуші фактор заңы, Гаузенің ерекше ұстанымы, Коммонер заңдары баяндалады.

 

1.3 Экология ғылымының зерттеу әдістері

 

Экологиның негізгі зерттеу  әдістері  далалық , лабараториялық және эксперименталдық  әдістеріне сипаттама берілген.

 

2 тарау  Экология –ғылыми  сала 

 

Экология ғылымының негізгі  салалары ,биозкология  зерттеу бағыттары : аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология,  сонымен қатар адам экологиясына, геоэкологияға, нооэкологияға , ғаламдық экологияға сипаттам берілген.

 

3 тарау  Экологиялық білім  беру , тәрбиелеу және экологиялық  көзқарас

 

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің  жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.  Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

 

  1 тарау.  Экология ғылымына  кіріспе

 

 

 

Экология пәні, мазмұны, мақсаты  мен міндеттері

 

«Экология»терминін 1866 жылы Э.Геккель ғылымға алғаш енгізген .Экология термині гректің ойкос-үй, тұрақ, мекен логос-ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен тұралы ғылым деген мағына береді. Тірі оргонизімдердің бір-бірімен қарым-қатынасының байланысын айнала қоршаған ортасымен,тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

 

Э.Геккельдің экология  ғылымына берген  анықтамасына  кейіннен көптеген  толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерітеу аясын,мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті.Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым- қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зеріттеулер биология  ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына топырақ құмды абиотикалық факторларға баиланысты организімдердің беймділігі географиялық зеріттеулерге ұласады.

 

Экология-организімдердіің арасында болатын қарым-қатынастарды  айнала қоршаған табиғи  ортамен  зеріттеумен  қатар табиғатты өзгерістерді,құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс- әрекестімен үйлестіре отырып зеріттейтін ғылымдар жыйынтығы.

 

Экология ғылымының ең басты  мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам ,қоғам,  табиғат арасындағы  қарым- қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адам - нооэкологиялық тұрғыдан енгізу.

 

 Экология ғылымының  зеріттеу  нысаны- биологиялық және географиялық  микро  және микро –экожүиелердің уақыт пен кеңсістікке тіршілік ырғысы.

 

Экология ғылымының негізгі  зеріттеитін мәселелері

 

-организімдердің бір-бірімен   қарым- қатынастары мен қоршаған  табиғи ортасы,

 

-биоценоз,экожүиелерді уақыт пен  кеңістікке байланысты туындайтын  өзгерістер

 

-табиғат ресурстары, оны тиімді  паидалану  және қорғаудың  ғылыми-теориялық негіздері,

 

-адам, қоғам, табиғат арасындағы  гармониялық байланыстарды реттеу,

 

- биосфера шегіндегі географиялық  заңдылықтардың тұрақтығын сақтау  қамсыздандыру,

 

- биосферадағы тіршілікті  қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейде көтеру,

 

- көпшілікке үздіксіз экологиялық  білім  мне тәрбие беру және  экологиялық мәдениетін, әдет- ғұрпын  қалыптастыру, -экологиялық қауіпсіздікті  сақтау болып табылады.

 

  Қазіргі  заманда   экология   табиғат   пен  қоғам   ара қатынастарын зерттейтін  ғылымға   айналған.   Онда  адам  мен  табиғаттың   өзара  тікелей    байланысты   екені  көрініс  табады.

 

  Адамзаттың   тіршілік    ортасының   айрықша    күйзеліске   ұшырауына   байланысты  табиғи  ортаны  қорғау  ісіне  кеңінен  мән  беріліп   отыр. 

 

  Табиғи   ортаның   қолайлы   болуы - қоғамның  экономикалық   және  әлеуметтік  дамуына   әсер  ететін  қажетті  шарт. Экологиялық    ахуалдың  төмендеуі   адамдардың  тұрмыс  деңгейін  нашарлатады.   Мұндай  жағдайға  сай,  табиғи   ортаны  қорғаумен   қатар,   экологиялық   зардап  шеккен   халықты   әлеуметтік  жағынан қорғау   және  экономикалық  жәрдем  көрсету    шаралары туындайды.   Мұны  біздің  республикамыздағы Семей ядролық  сынау полигоны   мен Арал  апаты тікелей   көрсетіп  отыр.

 

       

 

СӨЖ,     мазмұны 

 

1.1   Экология ғылымының тарихы 

 

 

 

Барлық энциклопедеиялар мен анықтама- сөздіктерден біз экология терминін 1866ж. ірі неміс зоологы Эренст Геккельдің  ұсынғандығын оқимыз  .Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы –романист және кең профилді натуралист Генри Дэвид Торо қолданған,  оның басты кітабы ормандағы шаруашылық.

 

Ең ежелгі ғалымдардың бірі –экология  өркениетінің  алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәніне ие болған.  Себебі  отбасының, рудың тайпаның игілігі ғана емес, оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған.

 

Орта ғасырларда схолостика мен  дінінің үстемдігі табиғатты  зеріттеуге  деген құштарлықты  әлсіретті. Алайда қайта өрлеу дәуірінде болған ұлы географиялық жаңалықтар натуралистердің биологиялық зеріттеулерін қаита жаңартты 17-18ғ экологиялық мәліметер зоологтардың, саяхатшы натуралистердің еңбектерінде кездеседі.

 

Экология дербес  биологиялық  ғылым ретінде  19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология- биология ғалымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгеиіне  көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы  экологиялық зеріттеулердің элементерін біз көне дәуір  оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель,Теофраст еңбектерінен көреміз Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер  мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық,  физиалогиалық бейімделушілерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберіне экологиялық тұрғыдан қарастырады.20 ғасырдың  екінші  жартысында   экология ғылымы ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерісінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі тіккелей немесе  жанама түрде солардың құрбандығына аиналды.

 

Экология ғылымының қалыптасуын  негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға  болады.

 

Ікезең. Биоэкологиялық зерттеулсрдің  жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мосслен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль( 1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), (1740 1802), Л. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858),  Л. Северцов Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарнип (1809 1882), К. МеГшус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841 1924), Н. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уалиханов (1835 1865), т.б. габнгаг зсрттсуші биологтар,  систсматиктср, гсоірафгар оздерініц еңбектеріпде эжологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымьшың дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

 

// кезең. Экология ғылымының  жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.

 

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер  экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және

бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ.

 

Экология ғылымының салалары бойынша  көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981),

 

Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады.

 

/// кезең. Экология ғылымының  өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы  экология — бүкіл ғаламдық  ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық  жағдайлар және проблемаларды  қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дими түсуде. Экологияпың жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулср жүргілуде.

 

соңғы жылдарьі экология ғылымының  салаларының бірі — экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология"этноэкология" бағыттары дами түсуде.

 

  1.2 Экологияның негізгі заңдары

 

 

 

Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін  процесстердің жүру заңдылықтарын айқьндап, оларды шағын логикалық (қисынды) және практикамен тексерілген ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.

 

Экологияның бірқатар негізгі заңдарын қарастырайык, олардың барлығы - заңдар, зандылықтар, ережелер, принциптер, шамамен 250-дей (Реймерс, 1994).

 

Биосфераның ауысымсыздық заңы: биосфера - бүл тіршілік ету ортасының түрақтылыгын кез  келген ауытқуларға қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның  түрақтылыган табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасауға болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.

 

Атомдардың           биогенді            миграциясы           заңы (В.И.Вернадскийдің): жер бетінде  және жалпы  биосферада химиялық элементтердщ миграциясы тірі заттьң тікелей қатысуымен жүзеге асырылады - бүл биогенді миграция.

 

Тірі   заттардың   физикалық-химиялык   бірлігінің   заңы: жалпы биосфералық  заң - тірі зат физикалық-химиялык түрғыдан біртұтас; тірі ағзалардың әр түрлілігіне  қарамастан олардың физикалық-химиялық ұқсастығы соншалық, біріне зиян заттыың  екіншісіне да қатысы бар (мысалы, ластағъшітар).

 

Реди үстанымы: тірі зат тек тірі заттан ғана пайда  болады, тірі және өлі затгың арасында түрақты өзара әрекетгестік болса  да, оларды бөліп түрған берік шекара бар.

 

"Ағза-орта" бірлігінің заңы: тіршілік өмір  орта мен оны мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығындағы энергия ағынының негізінде тұрақты зат және ақпарат алмасудың нитижесінде дамиды.

 

Энергия ағымының бір бағыттылығы  заңы: қауымдастық болатын және продуцентгер сіңіретін энергия ыдырайды немесе олардың биомассасымен бірге  консументтерге, сосын әрбір нәрлену  деңгейінде ағымдардың түсуімен редуцентгерге  беріледі; керісінше тасқынға (редуцентгерден продуценттерге) нәтижесінде  алынған энергияның аз ғана бөлігі (көп дегенде 0,35%) түсетіндіктен "энергия айналымы" туралы айтудың қажеті шамалы; энергия тасқынымен сүйемелденетін заттар айналымы ғана бар.

Информация о работе Дидактикалық жоспар