Биоценоздың трофикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 09:37, доклад

Описание работы

Экология (грекше oikos-үй, баспана, logos-ілім, ғылым)-тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып-білуге деген қүштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 83.50 Кб (Скачать)

           Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары

    Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьты (популяцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың жиынтығы. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп түратын қоршаған ортаның әсерін сезініп, бейімделе отырып, өздері де осы жағдайларды өзгертіп түрады.

    Организмге  әсер ететін кез-келген орта жағдайларын  немесе орта компоненттерін экологиялық  факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.

    Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша  әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе антропикалық).

    Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей  немесе жанама әсер ететін өлі табиғат  факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық  т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқа факторлар жатады.

    Биотикалық  факторлар - тірі организмдердің бір-бірінің  тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші және түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына - демографиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бүл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер эпифиттер үшін) рөлін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі есімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) белуі арқылы әсер етуі. Мүны аллелопатия деп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шептердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы). 

Қазақстан Республикасындағы  қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

    Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі  экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы Одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда.

    Сонымен қатар жер мен ландшафтардың  деградацияға ұшырауы (республиканың 60%-нан астам жері шөлейттенуге ұшыраған), су ресурстарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында), елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері, елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.

    Жер бетінде жекелей немесе қауымдастық  түрінде тіршілік ететін организмдер  қоршаған ортаға әсер ететіні белгілі. Осы арқылы табиғат өзін-өзі тазалап, қолдап тұрады. Алайда адам өзінің «нағыз жыртқыш - консумент» ісімен флора мен  фаунаның көптеген түрлері, популяциялары тіршілік ететін экологиялық қуысына әсер етуде. Табиғатта зиянды түрлер болмайды, барлық түрлердің айналасы үшін бірдей пайдасы бар.

    Биоталардың түзілуі, пайда болуы миллиондаған жылдар бойы жүріп келді. Барлық тіршілік формалары бір-бірімен тығыз байланысты. Технологиялық дамудың арқасында адам осы байланыстарды бұзуда. Палеонтологтардың айтуы бойынша, біздің геологиялық дәуірімізде Қазақстан мен Сібір территорияларында тіршілік еткен мамонттардың, жүндес мүйізтұмсықтардың, үлкен мүйізді бұғылардың, алып түйелердің және бегемоттардың популяцияларын адамдар аң аулау нәтижесінде жойып жіберген. Сондай-ақ Қазақстан жерінде бір кездері бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіпті, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып алған. Адамның тікелей немесе және жанама әсер етуі арқылы жабайы аңдар мен өсімдіктерді жоюды жалғастыруда. Қазіргі замаңды «қырып-жою эрасы» деп атайтыны да осыған байланысты.

    Ғаламдық  проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы  құбылыстардың даму процесі жаһандану  деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық  деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар  бар:

    - ресурстар проблемасы;

    - азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

    - энергетикалық проблема;

    - демографиялық проблема;

    - климаттың өзгеруі;

    - экологиялық проблемалар;

    - «үшінші әлем» елдерінің артта  қалуын жою;

    - қауіпті ауруларды жою;

    - Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

    - қылмыспен және терроризммен  күрес;

    - наркобизнеспен күрес.

    Ғаламдық  проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі  экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

    Ғаламдық  экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған  экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық  қауіптілігінің мынадай көріністері  бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының  жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. 
 
 
 

Информация о работе Биоценоздың трофикалық құрылымы