Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 22:53, реферат
Тәуелсіздік күні қарсаңында 2010 жылдың 15 желтоқсан күні сағ. 11:00-де, «Алматы» қонақ үйінің Мәжіліс залында жастар бизнесіндегі негізгі үрдістерді талқылау, мәселелерді анықтау және де жастардың өз ісін жүргізудегі бастамасын қолдау және дамыту мақсатымен Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Бейбітшілік-А» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, «Тәуелсіздік және жастар бизнесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.Іс-шараға осы саладағы сарапшылар – өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдарының өкілдері, жоғары табысқа жеткен кәсіпкерлер және түрлі саладағы кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлер, студенттер және үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар, БАҚ өкілдері шақырылды.
«Тәуелсіздік және жастар бизнесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
15-Желтоқсан, 2010 | 207 рет қаралған
Тәуелсіздік
күні қарсаңында 2010 жылдың 15 желтоқсан
күні сағ. 11:00-де, «Алматы» қонақ үйінің
Мәжіліс залында жастар бизнесіндегі
негізгі үрдістерді талқылау, мәселелерді
анықтау және де жастардың өз ісін жүргізудегі
бастамасын қолдау және дамыту мақсатымен
Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі
басқармасының қолдауымен Алматы қаласы
Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры
«Бейбітшілік-А» қоғамдық ұйымымен бірлесе
отырып, «Тәуелсіздік және жастар бизнесі»
тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып,
өткізді.Іс-шараға осы саладағы сарапшылар
– өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың,
бизнес құрылымдарының өкілдері, жоғары
табысқа жеткен кәсіпкерлер және түрлі
саладағы кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлер,
студенттер және үкіметтік емес жастар
ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар,
БАҚ өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімін Алматы
қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік
қорының директоры Дәурен Мақсұтханұлы
Мұхамеджановтың алғашқы сөзінен басталды.
Содан кейін, «Тарбағатай» компаниясының
директоры Берік Жақашбаев, «Қазақ қызы»
жастар журналының директоры Еңлік Ерболқызы,
Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының
докторанты Сабыр Байзақов, «Шабыт» демалыс
орталығының жетекшісі Ринат Рахимов
ҚР Үкіметінің «Бизнестің жол картасы
– 2020» бағдарламасына сәйкес өңірлерде
кәсіпкерліктің, шағын және орта бизестің
жаңа тобын қалыптастыру, жастарды кәсіпкерлік
қызметке тарту, сонымен қатар олардың
материалдық жағдайын жақсарту, кәсіби
өсуіне және әлеуметтік бейімделуіне
жағдай тудыру жайлы сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелдің барысында Алматы қаласы
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағалары
жастар бизнесінде қандай күрделі мәселелердің
бар екендігін және жастар бизнесін қалай
құру, дамыту жайлы өз ойларын ортаға салып,
пікірлермен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында ЖОО-ң
жатақханалардың жанынан шаштараз, ұлттық
киім тігуге арналған шағын цехтар ашу,
жастарды бизесті құруда толық мағлұматтар
алу үшін семинар, тренинг жүргізу орталықтарын
ашу жайлы үсыныстар айтылды.
Іс-шараның соңында Дәурен Мақсұтханұлы
Мұхамеджанов дөңгелек үстелдің барлық
қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік
күнімен құттықтады және осындай дөңгелек
үстелдердің жиі өткізілуі керек екендігін
айтты.
Аталған іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарынан,
яғни «СТВ» телеарнасынан, «Стан ТВ» интернет
порталынан көрсетілді.
zhastar.com
13.04.2006 / 17:08
Бүгінгі жастардың өздерінің идеялары мен бизнес-жобаларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері бар ? дөңгелек үстел қатысушылары
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Данияр Сейсенбаев/ - Бүгінгі жастардың өздерінің идеялары мен бизнес-жобаларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері бар. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында Алматы қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының төрағасы Арман Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жастар бизнес-құрылымдар, сарапшылар және жас кәсіпкерлер арасындағы дәнекер қызметін атқара алады деген А.Қырықбаев жастардың нарыққа шығуына көмек көрсету керек екендігін айтты. Оның айтуынша, тек талантты жастарды іздестірген аз, оларды тәжірибемен айналыстырып, дұрыс бағыт-бағдар сілтеуіміз керек. «Инновациялық жобалар және бизнес-идеялар-2005» 3-байқаудың қорытындысы ретінде өткен дөңгелек үстелде қатысушы жастар сарапшы мамандардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өздерінің жобаларын одан әрі дамыта түсті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Батыс Қазақстан облысы жастарының әлеуметтік жағдайына қоғам назарын аударып, олардың шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау жасау болатын. Дөңгелек үстелдің өту барысында көптеген мәселелер талқыланды. Айта кетсек олар: шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысам деуші жастарға арналған бизнес-орталықтардың аздығы, несие алу және салық органдарымен байланыста туындайтын қиындықтар, т.б. Осыған орай, жиынға осы саланың мамандары шақырылған болатын. «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО аймақтық филиалының менеджері - Нұраддинов Ренат Қожамұратұлы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан бағдарламаларды егжей-тегжейлі баяндады. Арнаулы салық режимдері басқармасының Бас маманы - Бисенбаева Айсауле Парадинқызы, арнайы жеңілдетілген салық режимі туралы сөз қозғаса, «Орал» шағын несиелеу ұйымының қызметкері А.Ким – шағын несие алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндірді.
Дөңгелек үстелдің қорытындылануы барысында «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар және бизнес» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар төмендегідей ұсыныстарды қабылдады:
- Шағын және
орта кәсіпкерлікпен
- «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі атынан БҚО Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына жастарға кеңес беретін бизнес-орталық ашуға ұсыныс тастау.
«Жас экономист» ЖҚБ төрағасы
Н.А.Тажкенов
Қайта жаңартумен бірдей компанияда тәлімгерлік жўмыс түрлері өткізіледі, олар жас қызметкерлердің оқу мекемелерінде қайта даярлауымен байланысты. Саланың жедел дамуы,
бизнес шараларының автоматтандырылуы, инновациялық технологяларының енгізіліуі көлік саласының мамандарына жаңа талаптар қояды. Ресей, Украина арнайы оқыту орталықтарында көлік жоғары орындары негізінде бірнеше жылдары бойы кадрларды оқыту және қайта даярлау бойынша көптеген шаралар өткізілуде. Мысалы, 2008 жылы 35 жасқа дейін жастарды оқыту үшін «Қазтеміртранс» АҚ 14 млн . теңге бағытталды, ең өзекті тақырыптар бойынша 30 шебер - сыныптар ұйымдастырылды, олардың негізгі тыңдаушылары «ҚТТ» АҚ жас мамандары.
Жастар
бірлестігі жанында 43 шығармашылық ұжым
жұмыс жүргізеді. Олардың ішінде кеңінен
танылғандары – грек орталығының «Агапи»,
еврей орталығының «Мишпаха», неміс орталығының
«Paradies», славян орталығының «Раздолье»
би ұжымдары, татар-башқұрт орталығының
«Мирас» вокалды-аспаптық ұжымы, украин
ұлттық-мәдени орталығының «Без баяна»
вокалдық ұжымы және тағы басқалары. Кейбір
ұжымдар қалалық, облыстық, қала берді,
республикалық сахналарға шығуда үлкен
тәжірибе жинақтаса, кейбіреулері өздерінің
бұл жолдағы алғашқы қадамдарын жасауда.Жастар
ұйымдарының жыл бойғы атқарған жұмыстарын
қорытындылаудың негізгі тұсы – ұлттық-мәдени
орталықтар жанындағы жастар бірлестіктерінің
қалалық фестивалі болып табылады. Аталмыш
шара қалалық «Жастар» бағдарламасы аясында
Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының
Павлодар қалалық мәдениет басқармасымен
бірлескен әрекеті негізінде ұйымдастырлады. 2001 жылы Қазақстан
халқы Кіші ассамблеясы жанынан жастар
бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі құрылған
кезде бір ғана немістердің облыстық «Возрождение»
қоғамының «Ленц» жастар клубы қызмет
еткен болса, қазір ұлттық-мәдени орталықтарда
13 жастар құрылымдары жұмыс жүрізуде.
Солардың арасында ең белсенді ретінде
көзе түсіп жүргені – жоғарыда аталған
«Ленц» жастар клубы, славян, грек, болгар,
еврей, украин, поляк, жастар бірлестіктері.
Ал, қалалар мен аудандар өкілдерінің
лагерлік жиындарға, Қазақстан халықтары
Кіші ассамблеясы ұйымдастыратын жастар
фестивалдеріне белсенді қатысуы осы
біртұтас қозғалысқа облыс жастарының
көптеп тартылуына мүмкіндік беріп келеді.
Қазақстан халқы Кіші ассамблеясы мен
ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жастар
бірлестіктері, клубтар дәл қазір қала
мен облыс көлемінде үлкен абырой-беделге
ие болып отыр. Оның бір дәлелі – облыс
әкімінің орынбасары басшылық жасайтын
жастармен жұмыс жөніндегі облыстық комиссияның
құрамында жастардың үйлестіру кеңесінің
төрайымы Наталья Нефедова бар. Соныен
бірге жастар бірлестіктерінің жетекшілері
ұлттық-мәдени орталықтар басқармасы
мен кеңесінің құрамына енеді. Жастар бірлестіктері
өткізетін әрбір шара барлық жастар арасында
үлкен сұранысқа ие. Жастар құрылымдарының
қатары қаладағы мектептер мен колледждер
оқушыларымен мезіл сайын толығып отыруы
осындай ұйымдардың өміршең екенін және
бүгінгі қоғам үшін аса қажеттілігін айқын
көрсетіп отыр. Жастар тек қана өз халқының
мәдениеті мен салт-дәстүрлерін танып
қоймай, сонымен қатар, өздерінің таланттарын
көрсетуге үйренеді, жарқын өмір сүрудің,
өзара құрметтің биік белестерін бағындырады. «Ватан» әзірбайжан
ұлттық-мәдени орталығының жастар бірлестігі
(жетекшісі – Исмаил Ибрагимов) өз ұлт
өкілдеріне әзірбайжан халқының тарихын,
мәдениетін, өнерін танысырып, барлық
бұқаралық шараларға белсенді қатысады.
Ұлттық ән-билерін жан-тәнімен орындайды.
Барлығы біріге отырып, Навруз, Гурбан-мейрам,
Аналар күні секілді ұлттық мерекелерін
жақсы атап өтеді. Жастар бірлестігі жанында
би және вокалдық ұжымдар жұмыс істейді. «Белорусь» ұлттық-мәдени
орталығының жастар бірлестігі 2001 жылдың
наурызында құрылды. Көшбасшысы Надежда
Михеева. Бүгінгі күні оның құрамында
40-қа жуық адам бар. Осы бірлестікті құрудың
басы-қасынды тамаша педагог, Қазақстан
халқы Ассамблеясының мүшесі Олеся Казанская
жүрді. Бірлестік жанынан поэзия клубы
мен этномәдениет үйірмесі, Волод Солоневичтің
жетекшілігімен «Ручаек» вокалдық тобы
құрылған. Жастар беларусь тілінің орфоэпиясы
мен орфографиясын, үйрену мен сақтаудың
аса маңызды екенін жіті түсіне отырып,
ата-баба дәстүрлерімен мәдениетін меңгереді.
Бірлестік артистерінің ерекше дайындық
пен өткізген Колас пен Я.Купалаға арналған
«Мае слова табе», «Вялікі народны песняр»
атты мерейтойлық бағдарламаларын көрермендер
ыстық ықыласпен тамашалады.Жастар ұлттық
мерекелері мен салт-дәстүрлеріне үлкен
маңыз беріп қарайды. Әсіресе, «Рождественские
колядки», «Масленица», «Купале», «Яблычны
спас», «Матчын рушник» мерекелік шараларын
өткізу игі дәстүрге айналған. Осынау
мерекелердің бәрі де белорусь ұлтының
ең үздік салт-дәстүрлерімен аталып өтеді. «Славяне»
болгар ұлттық-мәдени орталығының жастар
бірлестігі 2002 жылы 27 сәуірде ашылды. Оның
жетекшісі – Максим Грибчик. Жұмысты белсенді
мүшелерден таңдалған басқарма жүрізеді.
Бүгінгі күні аталмыш жастар бірлестігінде
30 белсенді жастар бар. Ұйым жұмысының
басты міндеттері мен мақсаттары – болггар
халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту,
тарихты, мәдениетті, әдебиетті, өнерді,
фольклорды игеру, болгар тілін оқу, тарихи
Отанмен және басқа елдердеі болгар жастар
бірлестіктерімен байланыс жасау.Болгар
жастар бірлестігінің «Росна китка» би
ансанблі, «Тангра» вокалдық тобы, «Извор»
театр студиясы, «Прозорица» пікірталас
клубы және баспасөз орталығы бар. Жастар
көптеген болгар әндерін, театрлық композицияларды,
дәстүрлерді, билерді біледі, болгар тілінде
жазып сөйлейді. Кіші ассамблея ішіндегі
мерекелер мен түрлі шараларға белсене
қатысады. Сол үшін көптеген мақтау және
алғыс қағаздарына ие болды. Сондай-ақ,
спорт шараларына да үнеміқаысып, жүлделі
орындарға қол жеткізіп жүр. «Эльпида» грек
ұлттық-мәдени орталығының «Спарта» жастар
бірлестігі 2000 жылы құрылды. Бірлестікті
құрудың басы-қасында бүгінге күнге дейін
жетекшісі болып отырған Людмила Оксюзова
жүрді. Бірлестікте жастар көптеп саналады.
Қазір оның жігерлі жастардан тұратын
бастапқы тобы да жасақталған. Осы уақытқа
дейін бірлестік көптеген іс-шаралардың
басын қайырды. Атап айтсақ, радиохабарларға
шығу, «Бодрое утро» теле бағдарламасына
қатысу және тағы басқалары. Жастар бірлестігі
жанынан облыстық фестивальдің лауреаты
болып табылатын «Агапи» би ұжымы құрылған.
Диаспораның мерекелерінде көне Грецияның
аңыздары, тарихи Отанның байырғы ерліктерін
паш ететін эпизодтарды суреттейтін шағын
театралдық қойылымдар көрсетіледі. Жастар
қалада өтетін көптеген мәдени шараларға
жұмылдырылған. 2001 жылдан бастап жастар
үшін Грецияға сапар шегудің арнайы бағдарламасы
жұмыс істейді. 2003 жылы «Агапи» жастар
ұжымы Томск қаласында болып, жергілікті
грек диаспорасының мерекесіне қатысты.
Концерттік бағдарламаларда өнер көрсетіп,
өздерінің ерекше киім үлгілерімен және
орындаушылық шеберліктерімен және орындаушылық
шеберліктерімен көрермендерге таңдай
қақтырды. «Мерказ» еврей
ұлттық-мәдени орталығы жанындағы «Гилель»
жастар бірлестігінің (жетекшісі Наталья
Нефедова) мүшелері ұлттық дәстүрлерді,
құндылықтарды, мәдениетті жаңғырту –
ең басты әрі маңызды міндет екенін жақсы
түсінеді. Клубтың мақсаты – еврей ұлтының
құндылықтарымен теориялық тұрғыда ғана
емес, сонымен қатар, түрлі ойындарға,
театралдық көріністерге, пікірталастарға,
кештерге, әдеби отырыстарға қатысу арқылы
танысу болып табылады. Бірлестік өздерінің
ұлттық мерекелеріне (Рош-а-шана, Ханука,
Пурим) және қалалық (Наурыз, 1 мамыр, қала
Күніне) шараларға үнемі белсенділікпен
қатысады. Бірлестікте баспасөздің қырына
бет бұрған талантты жастар көптеп саналады.
Олар үшін жеке газет те шығарылады. Сонымен
қатар, бірлестік жанынан «Шабат» театр
студиясы, «Мишпаха», би ұжымы, «Алеф бейт»
еврей асханасы үйірмесі және ивритті
оқытатын клуб құрылған. Қазақстан корейлерінің
жастар қозғалысы бес жылдан аса уақыт
жұмыс істеп келеді. Оның құрамына Қазақстанның
14 аймағындағы жастар ұйымдары кіреді.
Соның ішінде Павлодардағы бірлестік
те бар. Әрбір қалада қозғалыстың өз белсенділері
жұмыс жүргізеді. Олар диаспора жұмыстары
мен шараларына дайындық барысында өзге
де жастарды тартады. Жастар бірнеше бағыттар
бойынша жұмыс жасап, жыл сайын 30-ға жуық
шаралар өткізіледі. Олар – дебат турнирлері,
степендия алу үшін конкурстар, шығармашылық
шеберханалар.павлодарлық корейлер дәстүрлі
ұлт аспаптар ансамблі (жетекшісі –Раиса
Юн) «Самульнуримен», би ұжымы және вокалдық
тобымен мақтанады. Дина Цой мен Светлана
Пак дуеті Алматы қаласында өткен аймақаралық
фестивальдің лауреаты атанды, ал Дина
«Кәріс арулары» конкурсының жеңімпазы
болды. Облыстық «Возрождение»
қоғамы жанындағы неміс жастарының
«Ленц » клубы алты жылдан бері
жұмыс істеп келеді. Оның жетекшісі
– Оксана Рейдель. Клубтың қызметі
неміс халқының салт- дәстүрлері , мәдениетін
жаңғырту мен сақтауға, дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар , тілді үйрену мәселесіне
үлкен мән берілді. Клуб жанында
«Paradies» би тобы және вокалдық топ
жұмыс жүргізеді.Жастардың Поляктардың облыстық
қоғамы жанындағы «Полония» жастар
бірлестігі 1999 жылы құрылған. Бірлестіктің
жетекшісі –Алла Панасенко. Орталықтың
қызметі поляк тілін меңгеруге, Ұлттық
салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, басқа да
жастар бірлестіктерімен әріптес болуға
бағытталған.Қоғамда поляктардың ұлттық
мерекелеріне байланысты әр түрлі іс-шаралар
ұйымдастырады. Поляк жастары Павлодар
қаласында және Қазақстан Республикасының
атаулы мерекелеріне байланысты өтетін
барлық шараларға аса балсенділікпен
қатысады. Бірлестікте вокалдық топ , жалпыға
белгілі «Новокаин» рок-тобы жұмыс істейді.Жастар
ұйымы ұлтаралық қатынастар мен өзара
теңдікті,түсініктікті дамыту, жетілдіру
жолында сындарлы жұмыстар жүргізіп отыр. Славян ұлттық
орталығының жастар бірлестігі 1998 жылы
құрылған болатын.Бірінші жетекшісі
Елена Петрова.Қазір оның құрамына
150-ден аса адам топтасып,әр түрлі
бағыты жұмыс атқаратын жастардың
12 ұжымы еніп отыр, Славян ұлттық орталығы
жанындағы жастар бірлестігінің
үлестіруші органы – құрамына жоғарыда
аталған ұжымдарды жетекшілері
кіретін жастар кеңесі. Славян ұлттық
орталығы жастар қозғалысын өз жарғысы
және қалыптасқан дәстүрлері бар. Славян
орталығы жасар қозғалысының жетекшісі
– Павлодар медициналық колледжінің
студенті Диана Грайворонцева.Славян
орталығы жастар бірлестігінің ұйымдарының
Павлодар қаласындағы ғана емес, сонымен
қатар, одан тыс жерлерге де мәлім. «Свои»
тобы мен «Раздолье» хореографиялық
ансамблі – қалада өтетін барлық шаралардың
тұрақты қатысушылары және көптеген
облыстық конкурстардың лауреаттары.
«Свои» тобының орындауында лазерлі
диск жарыққа шықты. Жастарды «Зодиак»
кездесулер тобы павлодарлық жастар
мен қала қонақтары үшін мезгіл сайын
демалыс кештерін өткізіп отырады.
Орталықтың театр ұжымдары қайырымдылық
спектакльдер мен концерттік қойылымдар
ұйымдастырады. «Павлодарский городок»
шағын театры қала мектептерін аралап,
бірнеше мәрте концерттер қойды,
Славян орталығы сахынасында да өнер
көрсетті. «Тэт-а-тэт» театр-студиясы да
қаладағы мерекелік шараларда белсене
қатысады. Кір тасын көтеру спортының
«Витязи» клубы үнемі облыстық және
республикалық жарыстарға қатысады.
Дала өлкесі казактары Одағының филиалы-жастар
бірлестігі Славян ұлттық орталығы базасында
казачество музейін құру үшін архивтік
материалдар мен ақпараттарды жинауға
белсене қатысуда.«Святослав» Татар-башқұрттар
көне замандардан бері біте қайнасқан
халық. Үнемі бірге, үнемі жұрттың
назарында. Міне, осы дәстүрді бүгінгі
ұрпақтары да бұлжытпауға тырысады.
Жастар бірлестігінің өз талантары
көптеп саналады. Олар – Асхат Тухфатуллин,
Шолпан Сәрсенбаева және т.б. Орталықтың
нағыз мақтанышы – Дамир Т. Шевченко атындағы
ұлттық мәдени орталығының жастар бірлестігі
өзге де ұлттық мәдени орталықтар жанындағы
жастар бірлестіктері секілді 2004 жылы
үш жылдығын атап өтті. Оның жетекшілері
– Инна және Ольга Парипсалар. Жастар
орталығының жанында Верка Шешен - ингуш
ұлттық-мәдени орталығы жанындағы жастар
бірлестігінің негізгі Жастар бірлестіктері
жыл санап қанатын кең жайып,
жұмыстарын щиратып, өз қатарларын нығайту
үстінде. Бірлестіктерге топтасқан
жастардың бәрі де барлық қазақстандықтар
мен өз ұлттарына қымбатты мекен
болып отырған еліміздің |
|
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет |
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. |