Бүгін Қазақстан ғалымдары
тағы бір экологиялық апат қаупін
болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш
көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша
Орталық Азияда төртінші көл болып
табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті
халқының тұрмысы және аймақтағы
экономикасы үшін орасан зор мәні
бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг
Балқаш көлінің солтүстік жағалауына
барып, сондағы жағдайды зерттеп
көрген.
Көл жағасында тұратын
жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі
су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде
айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі
3 миллион халықтың тұрмысына қажетті
суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры
қызметін атқарып келетін Балқаш
көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді
орыс жігіті көлдің өзгергені туралы
былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ,
Балқаштың су деңгейі күрт
төмендеді. Қазір өзіміз тұрған
жерімізде бұрын су болатын.
Анау тұрған мұнарадан жұрт
парашютпен суға секіретін. Кафелер
тұрған жерде де су болатын
бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне
табиғи өзгерістер ықпал еткен де
шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін
басты күш - ол адамның іс-әрекеті.
Көлдің негізгі қайнар-көзі
Іле өзені болып табылады. Іле
суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын
толтыру үшін және ауыл шаруашылық
мақсаттарында қолданылатындықтан,
Балқашқа келетін су мөлшері табиғи
деңгейден едәуір кем боп шығады.
Соның үстіне Іле Қытайдан
келіп ағады. Қытай болса, Іле
суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту
үшін елеулі көлемде қолданайын деп
отыр.
Көлдің деңгейін жіті қадағалап
жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың
арнайы шаралары енгізілу керек дейді.
Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің
құрғап біту қаупі астында қалғанын
былайғы жұрт біле де бермейді екен.
Бұл туралы зейнетке шыққан
ғалым Михаил Сироткин айтады:
"Халықтың басым бөлігі
Балқашқа құрғап кету қаупі
төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың
бір бөлігі құрғап кетсе ғой,
сонда ғана ел-жұрттың көзі
ашылып, кейбірі не істеу керек
деп қимылдай бастайтын шығар.
Ол заңды да. Өйткені, проблеманың
бар екенін халық әзірше білмейді",
- деп шағымданады Михаил Сироткин.
Әйтсе де, қарапайым халық
қауіптің бар екенін білмегенімен,
ғалымдар бұл проблемамен талай
жыл айналысып келеді. Наталья
Воробьева - биология ғалымы. Балқаштың
шынымен-ақ аянашты халде қалғанын
ол мойындап отыр.
Балқаш – Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.
Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен
кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл,
Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл
ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте
жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км²,
ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс
бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде
74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен
100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың
км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең
жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне
Іле (жер бетімен келетін судың
78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал
(15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды.
Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын,
Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте
көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік
жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау
сілемдерімен ұштасып жатқандықтан,
биік жарқабақ болып келеді және көптеген
жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік
жағалауы – суы біртіндеп тартылған
кезде жиналған шөгінділерден пайда
болған құмды ойпат. Көлдің көптеген
шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз,
үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы
алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан
белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда
басталды. Орыс картографы және тарихшысы
Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір
жері мен қалаларының сызбалары»
(«Чертежи всех сибирских городов
и земель») атты атласында Балқашты
«Теңіз» деген атаумен көрсеткен.
18 ғасырдың басында көлде геодезиялық
өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш
19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед
картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның
картасын жасаған) карталарында бейнеленді.
Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр
Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш
туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге
Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов,
Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың
ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта
Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920
жылдан бастап Балқаш көлін кешенді
зерттеу басталды, көптеген экспедициялар
ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық
жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік,
жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық
сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары
ххҚазақстан Ғылым академиясының
институттары, Қазақ балық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты, Қазақ
ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу
институты, бірнеше жобалау институттары,
т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде
көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға
бағытталған нақты шаралар белгіленді,
олардың біразы жүзеге асырылып, көл
деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл
шөл және шөлейт климаттық белдеуде
орналасқан. Қаңтардағы орташа температура
–15 – 170С, шілденің орташа температурасы
240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа
мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы
4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде
көбінесе, солтүстіктен, шығысында
– солтүстік-шығыстан соғады. Осы
себепті көлде үнемі күшті
толқын болады. Жаздағы булану ауа
райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін
ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның
аяғында қатып, сәуірдің ортасында
мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей
жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар
еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі
біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі
тербелісінің мөлшері үш метрден асады.
20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және
1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені
байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында
Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты
көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп
өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай
тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының
гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі
Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық
және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен
өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені
3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың
минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте
екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін
Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің
суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары,
лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5
– 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш
фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер,
судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері,
шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс
бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың
20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден
көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш
көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары
басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран,
шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық
(жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке,
Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл
суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары
(Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.)
мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады.
Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды.
Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал,
Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы
қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы
станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның
оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі
Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының
оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан.
Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш
көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат
мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде
жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының
құрылысына байланысты салына бастады.
Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы,
жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б.
өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа
мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы
қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде
1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш
еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды
орталықтарының бірі. Мұнда құрамында
мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс
газдарынан күкіртті натрий мен күкірт
қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар
«Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс
істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады.
Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада
тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені,
жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық
ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия
техникумы, педагогикалық, медициналық
училищелері, Қарағанды политехникалық
университетінің жалпы техникалық факультеті,
музыка мектебі, жиырма шақты орта және
сегіз жылдық мектеп, екі халық театры,
бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық
сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол
торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы
Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент
қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия
республикаларымен байланыстырады