Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа
Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4
1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18
2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника
жағдайлары………………………………………………………………………18
2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18
2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19
2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19
2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20
2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21
2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22
2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22
2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22
2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22
2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23
2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23
2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25
2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25
2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26
2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28
2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29
2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34
4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37
Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42
2008 жылдың вегетациялық кезеңінің метеорологиялық жағдайы егістік дақылдыр өнімін қалыптастыру үшін қолайлы болды. Сәуір айына ауаның орташа температурасы 11,2°С деңгейінде болып, орташа көпжылдық көрсеткіштен 3,5°С – жоғары болды. Керісінше, мамыр айында – 0,2°С-ға төмен болды. Бұл кезеңде түскен жауын – шашын мөлшері көпжылдық нормадан – сәуірде – 10,4 мм-ге, мамырда 12,6 мм артық түсті.
Сурет 1 – Жаздық арпа вегетациясы бойына түскен жауын-шашын мөлшері, мм
Жаз ыстық болды. Маусымның орташа айлық температурасы 19,3 °С құрап, көпжылдық мәліметтен 0,8°С – қа төмен болса, шілде де 1,0°С - ге, тамызда – 2,3°С – ге жоғары болды.
Сурет 2 - Жаздық арпа вегетациясы бойына қалыптасқан ауа температурасы, °С
Маусым, шілде айларында түскен жауын-шашын көпжылдық көрсеткіш мөлшерінен сәл ауытқып, тиісінше, 38,8 және 37,5 мм-құрады. Ал тамыз айында жауын-шашын деңгейі көпжылдық мәліметпен салыстырғанда 3,9 мм-ге кем түсті. Ауаның орташа жылдық температурасы +6,3°С құрап, орташа көпжылдықтан 0,9°С-ге жоғары болды. Жыл бойына түскен жауын–шашын мөлшері 308,9 мм болды.
Осылай
метеорологиялық жағдайларды
2.3 Зерттеу нәтижелері
2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы
Жаздық арпа – масақты дәнді дақылдардың ішіндегі ең тез пісетін әрі құрғақшылыққа төзімді дақыл. Сыртқы орта жағдайларына өте бейімділігінің арқасында бұл дақылды құрғақ далалы аймақтан бастап биік таулы белдемдердің егіс алқаптарынан да кездестіруіңіз ғажап емес. Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында әдебиеттік шолу ретінде атап өтілгендей, көптеген ғылыми деректер бойынша арпаның өсу кезеңінің ұзақтығы егілетін сорттардың биологиялық ерекшеліктері мен өсірілген ауданына байланысты 60 – 120 күннің аралығында созылады.
Біздің зерттеулерде жаздық арпаның аудандастырылған Донецкий 8 сортының себу-пісу мерзімдерінің жалпы ұзақтығы 77 күн құрады.
Батыс
Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде
жаздық арпаның ойдағыдай өсіп-дамуы
топырақ ылғалдылығы мен
Бірқатар сыртқы морфологиялық белгілері бойынша басқа да масақты дәнді дақылдардағы тәрізді жаздық арпаның шартты түрде мынадай даму кезеңдері тіркеуге алынады: көктеу, түптену, түтіктену, масақтану, сүттеніп пісу, балауызданып пісу және толық пісу (кесте 1)
Кесте
1 – Жаздық арпа сорттарның фенологиялық
бақылау қорытындылары (Орал ауыл шаруашылық
тәжірибе станциясы, 2008 жыл)
Сорт | Даму кезеңдерінің ұзақтығы, күн | Вегетация- лық кезең ұзақтығы, күн | |||
Себу-көктеу | Көктеу-түптену | Түптену -масақтану | Масақтану- пісу | ||
Донецкий 8 st | 11 | 13 | 18 | 24 | 66 |
Илек 9 | 11 | 14 | 20 | 26 | 71 |
Жайык 1 | 11 | 13 | 19 | 24 | 67 |
Целинный голозерный | 11 | 14 | 20 | 26 | 71 |
Карагандинский 8 | 11 | 14 | 19 | 26 | 70 |
Илек 34 | 11 | 13 | 20 | 26 | 70 |
Зерттеудегі
бақылаулар мен тіркеулерге жүгінсек,
тұқым себуден арпа өскіндері
пайда болған кезеңнің ұзақтығы барлық
нұсқаларда 11 күнге тенеліп, кейінгі көктеу-түптену
аралығы 13-14 күн, түптену-масақтану
18-20 күн, масақтану – толық пісу 24-26 күн
құраған. Сыналған сорттардың жалпы вегетациялық
кезең ұзақтығы – 66-71 күн аралығын көрсетті.
Стандарт сорт Донецкий 8 вегетациялық
кезең ұзақтығы 66 күн болды.
2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі
Мәдени
дақылдар тұқымының өнгішігін көтеру
ертеден-ақ көптеген зерттеушілердің
басты назарына іліккен, бірақ бұл
әсіресе кейінгі жылдары
Егістегі дән өнімін құрауға қатысатын алаң бірлігіндегі өсімдіктер саны әрдайым тұқымның егістік өнгіштігіне бағынышты келеді.
Егін жинау алдындағы өсімдік саны сыртқы орта мен агротехниканың көптеген факторларының әсерімен қалыптасады. Бұл факторларды екі топқа бөлуге болады. Факторлардың бірінші тобы толық көктеу кезеңіндегі өсімдіктер санын анықтайды. Бұл негізінен, белгіленген себу мөлшерін сақтау және жеткілікті жоғары егістік өнгіштігін қамтамасыз ету болып табылады. Факторлардың екінші тобы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіндегі сақталуын анықтайды.
Егістік өнгіштік – толық көктеу кезеңіндегі өсімдік саны, себілген өнгіш тұқымның пайызбен көрсетілген бөлігі.
Өсімдік сақталуы – егін жинау қарсаңындағы өсімдік саны, бір өлшем жердегі егін көгінің пайызбен көрсетілген бөлігі.
Біздің
жүргізген тәжірибе бойынша жаздық арпа
сорттарының себілген тұқымдарының егістік
өнгіштігі және оруға дейін сақталу деңгейі
туралы мағлұмат 2-ші кестеде келтірілген.
Кесте
2 - Жаздық арпа сорттарының өсімдік жиілігі
(Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы,
2008 жыл)
Сорттар | Көктеп шыққан өсімдік саны, дана/м2 | Егістік өнгіштік,% | Егіс жинар алдындағы өсімдік жиілігі, дана/м2 | Сақталуы,% |
Донецкий 8 st | 259 | 86 | 225 | 87 |
Илек 9 | 255 | 85 | 204 | 80 |
Жайык 1 | 248 | 83 | 203 | 82 |
Целинный голозерный | 251 | 84 | 206 | 82 |
Карагандинский 8 | 258 | 86 | 222 | 86 |
Илек 34 | 262 | 87 | 212 | 81 |
Тәжірибе
мөлдектерінде өндірісте
Зерттелген
сорттардың егін орағы алдына дейін
сақталу деңгейіне келер
2.3.3
Жаздық арпа сорттарының
аурулармен және зиянкестермен
зақымдануы
Тозаңды қара күйе өте зиянды ауру. Оның келтіретін тікелей зиянынан басқа, ол зақымдаған өсімдіктер жақсы жетіле алмайды, нашар түптенеді. Бидайдың зақымданған дәндері өну кеінде сау дәндерге қарағанда, қарқынды тыныстанады. Ауру өсімдіктерге қарағанда сау өсімдіктерде крахмал көп болады. Вегетацияның алғашқы 20-25 күні ішінде сау өсімдіктермен салыстырғанда ауру өсімдіктер едәуір жедел өседі.
Тозаңды
қара күйені L. ustillago tritici саңырау құлағы
қоздырады. Ол бидай өсірілетін барлық
аймақта кездеседі. Бұл ауру Повольжеде,
Уралда, Сібірде және Қазақстанда өте
көп зиян келтіреді. Тұқым шаруашылығының
деңгейіне, дақылдың агротехника дәрежесіне,
ауа-райы жағдайларына байланысты өсімдіктердің
зақымдануы түрліше болады. Тозаңды қара
күйемен барлық дәнді дақылдар ауырады.
Төмендегі 3 кестеде жаздық арпаның аурулармен
және зиянкестермен зақымдануы көрсетілген.
Кесте
3 - Жаздық арпа сорттарының аурулармен
және зиянкестермен зақымдануы (Орал ауыл
шаруашылық тәжірибе станциясы, 2008
жыл)
Сорттар | Тозаңды қара күйе, % | Швед шыбыны, % | Бидай трипсі, дана |
Донецкий 8 st | 0,1 | 0,4 | 4 |
Илек 9 | 1,0 | 0,5 | 4 |
Жайык 1 | 0,5 | 1,0 | 6 |
Целинный голозерный | 0,5 | 0,5 | 3 |
Карагандинский 8 | 0,5 | 0,5 | 2 |
Илек 34 | 0,5 | 1,3 | 4 |
Зерттеудегі сорттардың ішінде тек Илек 9 сорты тозаңды қаракүйе ауруымен 1% деңгейінде зақымданған. Зерттелген сорттардың бұл аурумен зақымдану деңгейі 0,1-1,0 % көрсетті. Стандарт Донецкий 8 сортында зақымдану деңгейі 0,1% шамасында болды.
Бурыл тат ауруымен сорттардың зерттеу барысында зақымданбады..
Жаздық арпа сорттарына швед шыбынынан келген залал 0,4 – 1,0 % аралығында болып, Жайық 1 сортты ең жоғары 1 % деңгейінде зақымданды.
Бидай
трипсі зерттелген сорттар егісінде саны
2-6 дана аралығында болды. Бұл зиянкестердің
ең максималды мөлшері Жайық 1 сортында
болды.
2.3.4 Арпа сорттарынң өнімділігі және оның құрылымы
Астық түсімін молайту бағытындағы қолданылатын агротехникалық әдістердің негізгі міндеті-егістік танаптарындағы өсімдіктердің өсу жағдайын оңтайландыруды қамтамасыз ету. Ол ең әдепкіде жоғары өнімді сорттардың көлемі жағынан ірі әрі біркелкі, сондай-ақ өнгіштігі, өсу күші мен энергиясы және тағы да басқа егістік қасиеттері жөнінде стандартқа сай келетін сапалы тұқымын себуден басталады. Дәнді дақылдар өсіру технологиясында мұндай алғы шарттарды қатаң сақтау және іске асыру тұқымның жер бетіне бірдей, толық көктеп шығуна мүмкіндік жасаса, екінші жағынан себер алдында нақты белгіленген межелі егістік жиілігін астық алқаптарында қателіксіз сенімді құрауға алдын-ала негіз қаланары даусыз.
Арпаның
қоректену аумағына сәйкес өсімдіктердің
тіршілік барысында өсу даму жағдайларының
белгілі бір бағытта
Дәнді дақылдарда өнім құрлымының негізгі элементтері мыналар; өсімдік биіктігі, өнімді түптену, масақтағы дән саны, стандартты ылғалдылықтағы 1000 дәннің салмағы, биологиялық өнімділігі.
Кесте
4 - Жаздық арпа сорттарынының өнімділігі
мен оның құрылымы (Орал ауыл шаруашылық
тәжірибе станциясы, 2008 жыл)
Сорттар |
Өнімді түптену коэффи-циенті | 1м2 өнімді сабақтар саны, дана | Дән саны, дана | 1000
тұқымның салмағы, г |
Биология-лық өнімділік г/м2 |
Донецкий 8 st | 1,1 | 247 | 10,4 | 39,6 | 102,0 |
Илек 9 | 1,0 | 204 | 10,5 | 35,5 | 76,0 |
Жайык 1 | 1,0 | 203 | 11,5 | 38,6 | 90,0 |
Целинный голозерный | 1,0 | 206 | 11,1 | 32,4 | 74,0 |
Карагандинский 8 | 1,0 | 222 | 10,6 | 39,4 | 93,0 |
Илек 34 | 1,0 | 219 | 7,6 | 41,2 | 69,0 |