Қазақстанның топырағы және экологиялық мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 20:16, реферат

Описание работы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырағы және экологиялық мәселелері
Сабақтың мақсаттары:
Қазақстан топырағының бұзылу түрлері, эрозиясы,жер қоры және экологиялық жағдайы туралы білімдерін жетілдіру,Оқушылар талдап және әсер етуші факторларды анықтайтын оқу-ізденіс іс-әрекеті

Работа содержит 1 файл

РемедиацияКаз-Школа-Ксенобиотики.doc

— 118.00 Кб (Скачать)


                           Астана   қалалық Білім Басқармасы

Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстанның топырағы және экологиялық мәселелері

 

 

 

 

 

                                              Құрастырған:

Оразбаева Қаншайым        Қилышевна.                  

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

                                            Астана  2011

             

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстанның топырағы және экологиялық  мәселелері      

Сабақтың мақсаттары:

Қазақстан топырағының бұзылу      түрлері, эрозиясы,жер қоры және экологиялық жағдайы туралы білімдерін                             жетілдіру,Оқушылар талдап және әсер етуші факторларды анықтайтын оқу-ізденіс іс-әрекеті

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық интелектуалдық еңбекке дайындау  және өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, промлемалық ойлау, ,әсер етуші факторларды анықтауға, зерттеу жұмысын жүргізуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Материалды меңгерте отырып оқушыларды табиғатты сүюге, қоғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық мәселелердің туындау себебіне және оны шешу жолдарына көзқарастарын қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі :  топ  жұмыс        

Сабақтың әдісі: панорамалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі шағын ақпараттық мәтіндер, өткен сабақтар бойынша тест сұрақтары, экологиялық сөз жұмбақ және сызба-кестелер                                      

Сабақтың барысы:

              І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,   сынып оқушыларын түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

              ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.      Топырақтың маңызы

2.      Топырақтың бұзылуы және ластануы

3.      Топырақ эрозиясы және оның түрлері

4.      Қазақстанның жер қоры және экологиялық жағдайы

              Мұғалім жоспар бойынша топырақтың маңызына, топырақтың

бұзылуы мен ластануына, эрозиясына және Қазақстанның экологиялық

жағдайына қысқаша интерактивті тақтадағы слайдтарға сүйене отырып

түсіндіреді., сынып 4 топқа бөлінеді.

Қатысушылардың ережелері:

     -біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз

-         бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзімізді бөлмейміз

-         бір ғана адам сөйлейді

-         өз ойымызбен бөлісеміз

              ІІІ  Қатысушы топтар өздерінің тақырыптарын қорғайды.

              1-топ. Топырақтың бұзылуына әсер етуші факторларды анықтауы және бұзылуы мен бұзылу дәрежесін анықтап, зерттеген факторларын тұжырымдайды.

              2-топ. Топырақтың эрозиясыының пайда болуына әсер етуші факторларды, эрозияның түрлерін анықтайды.

              3-топ. Қазақстанның жер қоры және экологиялық проблемалары туралы зерттеулерін қорғайды.

              4-топ. Топырақты қорғау және қайта қалпына келтіру жолдарын     баяндайды.

              1-топ. Топырақтың бұзылу түрлері: батпақтану тұздану, сортаңдану, шөлдену және топырақтың ластаушылар: пестицдттер, ауыр металдар, мұнай және мұнай өнімдері, минералдық тыңайтқыштар. Топырақтың бұзылуы мен ластануы тақырыбында интерактивті тақтадағы слайдтарға сүйене отырып өздерінің баяндамаларын жасайды.

 

             

 

 

 

 

             

              2-топ. Топырақтың эрозиясы және оның түрлері тақырыбында өздерінің дайындаған материалдарын астындағы слайдтарға сүйене отырып таныстырады.

 

3-топ. Қазақстанның жер қоры және экологиялық жағдайы жайлы ақпараттарын слайдқа сүйене отырып баяндап, түсінік береді.

              Қазақстанның барлқ жер қорының ауданы 272 млн 490 мың гектар. Оның ішінде:

-         Ауыл шаруашылғы мақсатындағы жер-85,0 млн.га

-         Елді мекендердің жері-21,2 млн.га

-         Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері өзге де жерлер-2,5 млн.га

-         Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жері, сауықтыру мақсатындағы жер-3,3 млн.га

-         Орман қорының жері-23,4 млн.га

-         Су қорының жері-3,7 млн.га

-         Босалқы жер-122,0 млн.га

              4-топ. Топырақ қорғау және қайта қалпына келтіру аясында жүргізілетін шаралар және топырақты қорғаудың жолдарын баяндайды. Топырақты қорғаудың агротехникалық, ұйымдастырушылық щараларына тоқталады, сондайық жер кодексінің жер қорғауға байланысты кейбір баптарына тоқтала кетеді.

              ІV. Мини-лекция «Экологиялық дағдарыс»

              Мұғалімнің сөзі: Мұғалім экологиялық дағдарысқа түсініңтеме беріп, оның бұрынғы кезде де байқалғандығын бірақ, оның ғаламдық шеңберде болмағандығы жайында айтады. Қазіргі экологиялық дағдарыстың үлкен шеңберде екендігін және оның қазіргі таңда үлкен экологиялық мәселеге айналып отырғандығындығы жайында қысқаша айтып кетеді.

              V. Үлестірмелі ақпараттық мәтіндермен жұмыс.

              Қазіргі экологиялық мәселелер жазылған шағын ақпараттық мәтіндер топтарға таратылып беріледі. Топтар сол мәтінді оқып, өз ойларын жеткізеді.

              VІ.Толғау:  «Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары» жайында әр топ өз ойларын білдіреді.

              VІІ. Сергіту: Конференцияға қатысушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы: сөз жұмбақ, тесттік сұрақтар және сызба толтыру.

              VІІІ. Қорытынды:

              Ли Талботтың сөзін талқылау: «Бізге жерді ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған жоқ, біз оны өз ұрпағымыздан қарызға алдық»

1-топ.Үлестірмелі ақпараттық мәтін

              Егер қазірден бастап арнаулы шаралар қолданбаса, 2032 жылы жер шары тұрғындарының жартысынан көбі су тапшылығы мәселесіне тап болады,-деп британдық медициналық журнал мәлімдейді.

              БҰҰ есебі бойынша таза суды қолданатын адамдар саны 1990 жылы 4,1 млрд.болса, 2000 ж 4,9 млрд-қа дейін өскен. Ал дамып келе жатқан елдердің 1,1 млрд. адамдарында таза суды қолдану мүмкіндігі мүлдем жоқ. Жалпы, 2,4 млрд адам санитарлық деңгейі өте төмен жағдайда тұрады, осының салдарынан жылына 4 млрд. адам диареяға шалдығып, 2,2 млн адам қаза болады.

              Судың ластануы киттерді құқтқаруы мүмкін. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, Жапония жағалауында ұсталынған киттер, дельфиндер құрамында улы заттар табылған. Осындай улы еттің тек қана 50 гр жегеннің өзінде де, адам денсаулығынан айрылуы әбден мүмкін. Бұл жаңалық, болжаулар бойынша, кит етіне сұранысты төмендетеді.

              Тапсырма: Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары (өз ойларын білдіру)

 

 

              2-топ

              2000 ж планетаның озон қабатын бақылайтын спутниктері Антрактида үстінен ең  үлкен озон ойығын тіркеді. Бұл туралы Аргентина газеттерінде мақалалар жарық көрді.

              Ойықтың көлемі 28,3 млн. шаршы метр құрайды, бұл осының алдындағы ойықтың көлемінен 1 млн. шаршы метрге асып тұр. Ғалымдардың айтуы бойынша, қазір бұл озон ойығы ешкім тұрмайтын Антрактида болғанымен, біршама уақыттан кейін Аргентинаға да жетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, мақалаларда озон қабаты жерді күннің ультрафиолет сәулелерінен қорғайды деп айтылған.

              Тапсырма: Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары (өз ойларын білдіру)

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үластірмелі ақпараттық мәтін

 

3-топ             

              Мұржалардан және әр түрлі ошақтардан шығатын түтін 20 секунд сайын дамып келе жатқан елдердің бір азаматының өліміне әкеледі,-деп Индияда шығатын журналда хабарланған.

              Бұл сан маляриядан өлетіндердің санынан асып түсіп, лай судан, антисанитариядан өлетіндер санына жақындады. Ауасы тазаланбайтын ғимараттарда көмір мен тезек қолдану-тұрғындарды 100 есе нормадан асатындай уландырады екен. Бұл уландырғыштар астма, өкпе қабынуы ауруларына әкеледі. Бұл зардаптың әсерін азайту үшін пешті, оның мұржасын дұрыс салу қажет. Жыл сайын түтіннен уланып 1,6 млн.адам. оның ішінде 1 млн балалар, қайтыс болады.

              Қалалардың көбеюі, өсіп-көркеюуі де ауа температурасының көтерілуіне әкеп соғады. Қалада өзіндік микроклимат құрылады,-деп лондындық «Таймс» газеті хабарлайды. Қалалар күндіз жылы ауаны жұтып, түнде оны кері шығарады. Мысалы, Пекин, Атланта қалаларында температура 5,5 градусқа дейін көтеріледі. Соңғы 19 жыл ішінде Атлантада 150 мың гектар жасыл жер құрып кетті. Қалалардың өсуі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің азаюына әкеліп, ауаның ластануына шалдықтырады, жыл мезгілдеріне қарамастан, найзағайлардың жарқырауы көбейеді.

              Тапсырма: Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары (өз ойларын білідіру)

 

4-топ

              Лондондық «Гардиан» газетінің хабарлауынша, 1986 ж. Чернобльдегі ядролық апат салдарынан тағы да 50000 жас адам ракқа шалдығуы мүмкін.

              Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, жалпы алғанда осы апаттан зардап шеккендер саны 7 млн-нан асып кетті. Қазір 3 млн. бала емдеуді қажет етеді, сонымен қатар олардың біршамасы ерте өлетіні де белгілі.

              Статистикаға сүйенсек, Украинада 73000 адам мүгедек болып қалған, ал осы апатты жоюға қатысқандардың 23 пайызы жұмысқа мүлдем жарамсыз болып отыр. Осы апаттан Белоруссия ормандарының 1/5 бөлігі уланды.

              Тапсырма: Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары (өз ойларын білдіру)

             

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Тест-1

1.      Экология дегеніміз не?

              А) Табиғатты қорғайтын ғылым

              В) тіршілік ортасын қорғайтын ғылым

              С) қоршаған ортаны қорғайтын ғылым

              Д) барлық тірі ағзалардың бір-біріне өзара қарым-қатынасы және олардың тіршілік ету ортасына әсерін зерттейтін ғылым

              Е) тірі организмдердің даму ортасын зерттейтін ғылым

2. Ғылымға алғаш рет «экология» терминін енгізген ғалым:

              А) Н.Н. Моисеев

              В) В.И. Вернадский

              С) Э. Геккель

              Д) Э. Леруа

              Е) Э. Зюсь

3.Биосфера-бұл...

              А) жердің ауалық қабаты

              В) жердің су қабаты

              С) жердің саналы қабаты

              Д) жердің қатты қабаты

              Е) жердің тірі қабаты

4. Биосфераның құрамына енетіндер:

              А) гидросфера бөлігі мен атмосфера

              В) озон қабатына дейінгі атмосфера бөлігі, гидросфера және литосфераның жо,арғы бөлігі

              С) литосфера және гидросфера

              Д) гидросфера, стратосфера және литосфера бөлігі

5. Азот айналымында ең үлкен қызмет атқаратындар:

              А) микроағзалар

              В) балықтар

              С) өлі табиғат

              Д) құстар

              Е) жануарлар

6. Атмосфера қандай қабаттардан құралады

              А) тропосфера, стратосфера, тропопауза, экзосфера

              В) тропопауза, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера

              С) тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера және экзосфера

              Д) тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера

              Е) тропосфера, стратосфера, мезосфера

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Тест-2

1.Экология терминін неміс ғалымы Э.Геккель қай жылы енгізді?

              А) 1866

              В) 1890

              С) 1955

              Д) 1958

              Е) 19724.

2. Биосфера-бұл...

              А) жер шарындағы белсенді өмір аумағы

              В) құрамы, құрылымы, және энергетикасы тірі ағзалардың әрекетімен анықталатын жер қабаты

              С) жер ғаламшарының тіршіліксіз қабаты

              Д) озон қабатына дейінгі атмосфераның бөлігі, бар гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі

              Е) бар атмосфера

3. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы:

              А) А.Г. Банников

              В) А.К. Рустамов

              С) В. И. Вернадский

              Д) Э. Геккель

              Е) Э. Зюсь

Информация о работе Қазақстанның топырағы және экологиялық мәселелері