Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 14:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда әлем халқы жылдан жылға өсіп келеді. Осынша халықтың материалдық жағдайын қолдауға мол мөлшерде энергия қажет. Осы тұрғыдан алғанда жанармай энергетикалық ресурстарының әлем экономикасында да Қазақстан үшінде маңызы зор. Жыл сайын елімізде жаңадан табылып жатқан кен орындары зерттеуді қажет етеді. Себебі, бұл ресурстар ел болашаы үшін өте қажет. Сондықтан жанармай энергетикалық ресурстары Қазақстан үшін маңызды экономикалық фактор болып табылады.
КІРІСПЕ____________________________________________________________3
1 тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАНАРМАЙ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының Қазақстанда тұтынылу аясы____5
1.1.1 Жетібай кен орыны______________________________________________6
1.2 Жанармай энергетикалық ресурстарының түрлері______________________8
1.2.1 Мұнай. Мұнайдан алынатын шикізат көздері________________________9
1.2.2 Қара мұнай өнімдері____________________________________________11
1.2.3 Ірі жанармай өндіруші компаниялар мен Қазақстанның басты кен орындары__________________________________________________________12
1.2.4 Теңіз және Корольдік кен орындары_______________________________13
2 тарау. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢАДАН ТАБЫЛҒАН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНУІ
2.1 Жанармай энергетикалық ресурстарынан алынатын сұйық отын түрлері және оларды өзге елдермен статистикалық салыстыру____________________16
2.1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының химиялық құрамы__________18
2.1.2 Табиғи газ_____________________________________________________22
2.1.3 Көмір_________________________________________________________25
2.1.4 Жанармай энергетикалық ресурстарының экономикалық тиімділігі____26
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________28
Дизель
отыны (соляриум) мұнайдың тікелей
айдауындағы керосинді-
Биодизель – өсімдік, жануар, микроптытан шыққан майлар және солардың этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі отын. Биодизельді отынды алу үшін оған өсімдік немесе жануар майын қолданады. Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да шикі-майлар, сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтар қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен өндіру технологиясы жобаланып жатыр.
Ірі жанармай энергетикалық ресурстарды өндіруші компанияялар мен кен орындары
Енді осы мұнай өндіру саласындағы ерекшк орын алатын компанияларға тоқталатын болсақ, әрине, алдымен ауызға оралатыны облысымыздағы «Теңізшевройл» компанисы.
«Теңізшевройл» 2500 шаршы километр және 1600 шаршы миль аумақты қамтитын лицензияланған территорияны алып жатыр. Мұнымен қоса аумаққа алпауыт Теңіз кен орыны мен одан көлемі кішілеу болғанымен аса ірі қор мөлшері жинақталған Корольдік кен орыны кіреді. Бақылауға алынған, әліде көп зерттеуді қажет ететін, бірақ келешекте ірі кен орынына айналуы мүмкін бірнеше аймақтар бар.
Теңіз және Корольдік кен орнының артық қор мөлшері 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға жетерлік мұнаймен бағамдалады. Бақылауға алынған мұнай қорының бұрғыланған және әлі ұңғы түспеген кен орындарының мөлшері болжам бойынша 3,1 миллиард тоннадан 26 миллиард баррельден асып жығылады. Ал Корольдік кен орнының артық мұнай қоры мөлшері 188 миллион тоннадан 1,5 миллиард баррелге дейін жетеді. Атап өтерлігі бұл кен орыны әлемдік класс санатына жатады. Себебі, аталған қор мөлшері Теңіздегі қордың алтыдан бір бөлігін құрайды.
Теңіз кен орыны – бұл әлемдегі ең терең кен орыны болып табылады. Жоғарғы мұнай коллектрінің тереңдігі 4000 метр мен 13000 фут аралығындағы тереңдікті қамтиды. Теңіз коллектрі 19 километрге немесе 12 мильге созылып жатыр, ал ұзындығы 21 километр болса ені 13 миль,ал мұнай пластының биіктігі 1 мильді құрайды. Ал коллектрдің аумағының үлкендігі соншалық оны айналып өту үшін екі марафондық дистанция қажет болар еді.
Атырау
өңірінде мұнай өндіру тарихы
1989 жылдан басталады. Қазірдің
өзінде жетпістен астам мұнай,
мұнай-газ және газ
Кен қабаттарының пайда болуы
тектоникалық, ликтологиялық және
стратиграфиялық экрандалған
Юралық мұнай әдетте ауыр,
бірақ күкірті аз келеді. Смола
мен асфальтиндер мардымсыз (Мартыши
және тағы басқа). Облыстың оңтүстік шығыс
бөлігіндегі юралық қабаттар кешенінен
газ канденсатының мол қоры ашылды (Қосымбай
кен орны). Бор жыныстары мұнайы ауыр және
өте ауыр, күкірті аз және күкіртті, әдетте
құрамында смола мен асфальтендер жоғары
келеді. Жоғарыда аталып, барланған және
тиімділігін тиісті ұйымдар бекіткен
жанармай энергетикалық ресурстарынан
басқа Атырау аймағында көптеген кен орындары
анықталып отыр. Қорлары жеткілікті зерттелмегендіктен
бұл жанармай ресурстарының өнеркәсіптік
маңызын дәл айту қиын, бірақ бұлардың
экономикалық және ғылыми маңызының зор
екендігінде ешбір дау жоқ.
Табиғи газ
Экологиялық
тұрғыдан алғанда табиғи газ
органикалық энергетикалық
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады:
Сондай-ақ басқа да көмірсутегі заттар да кездесіп жатады:
Биоэтанолдың әлемдік өндіру 2005 жылы 36,3 млрд литр, оның 45% Бразилия және 44,7% АҚШ елдерінде ғана өндірді. Биоэтанолды Бразилияда үлкен көлемде қант таяқшаларынан, ал АҚШ-та жүгеріден жасады. Этанол бензинге қарағанда аз энерго сақтау көзі болып табылады; Е85 (85% этанол мен 15% бензин қоспасы; «Е» әрпі ағылшынның Ethanol) жұмыс істеген машинаның жүрісі стандартты машина жүрісінің көлемдік отынның бірлігіне шамамен 75% құрайды. Қарапайым машиналар Е85-пен жұмыс істемейді, бірақ іштен жану қозғалтқыштары Е10-мен жақсы істейді (кейбір көздер тіпті Е15-пенде жұмыс істеуге болады деген). Ал тек таза этанолда тек «Flex-Fuel» машиналар («жұмсақотынды» машина) ғана жұмыс істей алады. Бұл машиналар қарапайым бензинде де жұмыс істей алады, бірақ кішкене эатнол қоспасы сонда да керек немесе сол және басқа да өздігінен құрылған қоспалармен де жұмыс істей алады.
Қазақстанмен салыстырғанда, Бразилия отын ретінде биоэтанол мен қант таяқшаларын өндіру мен қолдануда көш бастап тұр. Бразилия жанармай станцияларында Е20 (немесе Е25) қарапайым бензин түрінде, немесе «acool», этанол азеотропын (96% С2Н-5ОН және 4% су; қарапайым дистилдеу жолымен арқылы жоғары концентратты этанолды алу мүмкін емес) ұсынады. Этанол бензиннен арзан болғанын қолданып кейбір жанармай станциялары Е20-ны азеотроппен араластырады. Ол кезде оның концентрациясы 40% дейін жетеді. Қарапайым машинаны «Flex-Fuel» машинасына айналдыруға болады, бірақ экономикалық жағынан тиімсіздеу. Қозғалтқышта этанолды жаққанда одан альдегидтер (флрмальдегид және ацетальдегид) пайда болады. Ал бұлар өз кезегінде ароматты көмірсутекерге қарағанда тірі организмдерге екі есе көп зиянды заттар шығарады.
Биометанол – теңіз фитопланктондарын биотехнологиялық конверсиялау және культивациялау арқылы өңдегенде био отын саласында тағы бір келешегі бар отынды қарастырамыз. 80 жылдарың басында Еуропа қалаларында жағалаудағы шөлді аудандарды қолдана отырып өндірістік жүйеге бағытталған жобасын ұсынды. Бұл жобаның толық шықпауына мұнайдың бағасының төмендеуі болды. Биомассының алғашқы өнімін теңіз жағалуында жасалатын жасанды су сақтайтын көлемнің ішінде фитопланктондарды культивациялау арқылы жүргізеді. Екінші процес болып биомассадағы метанның ашуы және келесі метанол алуда метанды гидрооксидте арқылы алу. Микроскопты су өсімдіктерінің негізгі пайдасы келесідегідей: - Фитопланктонның жоғары өнімділігі (жылына 100 т/га); - Өнімді өндіргенде тұщы су және құнарлы топырақ керек етпейді; - Бұл процес ауыл шаруашылық өнімдермен бәсекелеспейді; - Энергоқайтару процесі метан алуда 14 саты кезінде және метанол алу кезінде 7 саты кезеңінде болады.; Бұл био жүйе энергия алу көзқарасы бойынша күн энергиясын түрлендіруге қарағанда экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
Бутанол – С4Н10О – бутилденген спирт. Өткір иісті түссіз сұйықтық. Өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. АҚШ-та жылына шамамен 1,4 млрд $ құрайтын 1,39 млрд литр бутанол өндіріледі. Бутанолды ХХ ғасырдың басында Clostridia acetobutylicum бактериясын қосу арқылы өндірілді. 50 жылдары мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнайөнімдерінен өндіріле бастады. Бутанолдың коррозиялық қасиеттері жоқ, және пайдаланылып жүрген инфрақұрылым бойынша жіберуі мүмкін. Ұлттық жанар-жағармайлармен араласытруға болады. Бутанол энергиясы бензин энергиясына жақын. Бутанол отын әрі элементтері ретінде, әрі сутегі өніміне шикізат ретінде де қолдануға болады. Биобутанол өндіруде шикізат ретінде қант таяқшалары, қызылша, жүгері, бидай, маниок қолданады, ал болашақта целлюлозаны қолдану мүмкін.
Информация о работе Қазақстандағы жанармай энергетикалық ресурстары