Қазақстандағы Экологиялық білім беру бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 21:38, реферат

Описание работы

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша көңіл аударғаны баршамызға белгілі. Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Содержание

Қазақстандағы Экологиялық білім беру бағдарламасы
Экологиялық білім беру кезеңдері
Экологиялық тәрбие және ағарту
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Экологиялық білім берудің келесі деңгейлерін бөліп қарастыруға болады.docx

— 41.76 Кб (Скачать)

 

         Жоспар

  1. Қазақстандағы Экологиялық білім беру бағдарламасы
  2. Экологиялық білім беру кезеңдері
  3. Экологиялық тәрбие және ағарту
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық білім беру деп  әрбір адамның жалпы экологиялық  мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған  үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша көңіл аударғаны баршамызға белгілі. Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді.  Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Қазақстанда Экологиялық  білім беру бағдарламасы 1998 жылы қабылданып, білім, денсаулық сақтау және спорт  Министрлігінің 1999 жылдың 4 қаңтарында №1 хаттамасы және табиғи ресурстар  және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің 1998 ж. 30 желтоқсан № 207 бұйрығымен бекітілді. Қабылданған Бағдарлама «Қазақстан-2030»  стратегиясына сәйкес Қазақстан  Республикасының экологиялық  қауіпсіздік  Концепциясын тарату бойынша (3. 03. 1998 ж. №137 8 п. ҚР Үкіметінің Жарғысы) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің жоспарлаған  іс-шараларын жүзеге асыру үшін экологиялық  білім беру бөліміндегі негізге  алатын басты іс-құжат болып табылады.

Бағдарлама тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік ортасын экологияландыруды  қарастырады.

Осыған орай, 1999-2000-шы оқу  жылдарында жалпыға бірдей білім  беретін орта мектептерге экология пәні енгізілген болатын. Ол пәнге, мектеп директорларының қалауы бойынша, оқу  жоспарының жылжымалы бөлігінен  факультативтік сабақ ретінде сағат  бөлініп отырды. Бастапқы 2-3 жыл бойына экологиялық білім беру, қала мектептерінде  жаппай қолға алынғанымен, соңғы  жылдары оған көп көңіл бөлінбей отыр, тіпті кейбір мектептерде, мүлдем алынып тасталған. Оның өзі мектеп басшыларының экологиялық білім беруге салғырт  қарайтындықтарын, яғни жоғарыда айтып  өткендей, экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды  екенін қабылдау деңгейі төмендігін көрсетеді.

 

Экологиялық  білім берудің  келесі деңгейлерін бөліп қарастыруға  болады:

1) Жанұялық ж\е мектепке дейінгі кезең

2) Мектеп кезеңі

3) Жоғарғы оқу орны кезеңі

4) Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кезең;( кәсіби біліктілікті арттыру, мамандандарды дайындау, мамандарды қайта дайындау).

Экологиялық білім беру мектепке дейінгі мекемелерден бастау алуы қажет. Бұл – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негіздегі амалдар мен  ойындар, табиғатқа қамқорлық сипаттағы  әдістер. Мұнан соң, бастапқы экологиялық  білім, орта мектептерді қамтып, стандартты мәселелер мен табиғатқа әсер ету модельдерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орындарындағы  экологиялық білім, іргелі ғылыми білімдерге сүйене отырып жүргізілуі қажет және пәнаралық байланыстар орын алуы тиіс. Сонымен қатар, жекелеп оқыту, икемді оқу жоспарлары мен арнайы бағдарламалар да қолданылады.

Мектепке дейінгі кезең,үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінің  алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде бала табиғат жайындағы алғашқы білімдерді балаларға арналған табиғат жайындағы кітаптарын,мультфильмдерін, киноларын меңгереді.

Баланы мектеп жасына дейінгі  кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің  маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс.

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

 

Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады.К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ой-ындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді. Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.

Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.

 

Мектеп кезеңі

Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті. 
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. 
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет. 
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. 
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері: 
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану. 
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу. 
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау; 
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;  
- фенологиялық бақылау жүргізу. 
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі. 
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді. 
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б. 
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады. 
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру. 
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. 
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Мектеп кезеңін  2-ге бөлуге болады

  1. Бастауыш мектепте оқушыға адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы негізгі ұстанымдарды  қалыптастыру ж/е табиғатқа деген  этикалық қатынасты анықтау тәсілдері үйретіледі.Оған қоса оқушы қоршаған ортаны қорғау туралы тәжірибелік жұмыстардың бастапқы тәжірибелерін игере бастайды.
  2. Орта мектепте экологиялық білім берудің міндеті ғаламдық,аймақтық деңгейде экожүйенің өзара байланысы туралы жүйелі білімдерді  қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерді тұрақты дамутұжырымдамасы бойынша оқушыға кең мағлұматтар беру.

                                         

 

Жоғарғы оқу орны кезеңі

Жоғарғы оқу орнында білім  жүйесін экологияландыру маңызды  рөл атқару керек.Болашақ мамандардың  санасына табиғат    қоғам   адам жүйесінің үйлесімді  әрекеттесуінің негізін қалыптастыру қажет.  Себебі қоғамдағы барлық іс-әрекеттер қоршаған ортанмен тығыз байланысқан жағдайда ғана жүзеге асырылады.Мұндағы басты  талап мамандарды тұлға ретінде  экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жоғарғы оқу орнынан  кейінгі білім беру кезеңі

Біліктілікті арттыру,  мамандарды дайындау ж/е қайта дайындау орталықтары әртүрлі семинар, тренинг, конференция өткізу арқылы тұрақты  түрде экологиялық білім, әдептерді  үнемі жанартып, байытып отыру  керек.

Экологиялық білім беру жүйесіне қойылатын ортақ талап – оқушыларға, студенттерге берілетін қоршаған орта туралы білім, олардың экологиялық  сауаттылығын арттыруы, табиғатты тиімді пайдалануға дұрыс пікір қалыптастыруы, экологиялық немқұрайдылығын болдырмауға  бағытталуы тиіс.

Қоршаған орта проблемаларына білім беру 2 бағытты қамтиды:

  1. іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін мамандар, басшы кадрлар даярлау, әр түрлі пәндердің мазмұнын экологияландыру;
  2. жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау мақсатында көпшілік пікірлерін қалыптастыру.

Оқу процесінің логикасы, қарапайым  экожүйеден күрделіге өту арқылы сабақтастырылып, тіршілікке экологиялық  пікір қалыптастыра жасалуы қажет. Қоршаған ортаның проблемаларына сын  көзбен қарап, оны сақтай білуде жауапкершілік  сезім тәрбиелеу – ең маңызды  міндеттердің бірі. Қазіргі техникалық құралдарды қолдану мен оқытуды  компьютерлендіру, оқытудың жаңартылған  әдістерін, пәнаралық тәсілдерді, ұжымдық  оқытуды ендіру, ақпарат жинақтау орнын құру – бағдарламада негізгі орын алатын тұстары болып саналады.     

Экологиялық білім берудің  мақсаты мен маңызы экологиялық  сана мен мәдениетті қалыптастыруда жатыр. Қазіргі жағдайда, экологиялық  білім беруді басқаратын ұйымдастырушының қажеттілігі анық сезіліп отыр. Осындай  ұйымдастырушылық бағытты үздіксіз білім беру бағдарламасы атқара алады. Бағдарлама білім беру процесіне  қатысатын барлық субъектілердің үйлесімді  жұмыс істеуін қамтамасыз етеді  және олардың әрқайсысы, кезеңіне сай  қандай қызмет атқаратынын анықтап  жәрдемдеседі. 

Информация о работе Қазақстандағы Экологиялық білім беру бағдарламасы