Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:05, реферат
«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.
Ағза, толық тірі жүйе ретінде.
Биологиялық ұйым деңгейі және экология.
Ағзаның толық тірі жүйе ретіндегі дамуы
№2-дәріс. Ағза, толық тірі жүйе
«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.
Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады, олардың құрғақ масса құрамының 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді және бұл ізденістері жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады. Нәруыз немесе күрделі нәруыздар қоспасы өзінен-өзі ешқандай тірілік (живое) қасиет көрсетпейді. Жасушалар нәруызы, сондай-ақ ағзалар тірі жүйеден тысқары кез келген өзге химиялық зат тәрізді тіршілік қалпында қалады. Ең алдымен тіршілік дегеніміз - бұл тіршілік иесінің өз құрылымдық жаратылымын белгілі жоғары деңгейде қолдай алуы. Бұл қасиет сыртқы ортадан алынған зат есебінде дамып, көбейеді. Мысалы, кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды тартып алып, өсе алады. Айырмашылығы - кристалдар бір типті заттардан тұрады және сол затты құрылыс материалы ретінде тұтынады, демек химиялық өзгерту жүзеге аспайды. Сондай-ақ энергия шығындалмайды.
Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді. Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы заттары: жасушалар, ұлпалар және мүшелер. Олар тек бірімен-бірі өзара әрекеттесіп, өздігінен ұрпақ беретін және дамитын тірілік Тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасушаның бактерия, біржасушалы балдыр, кірпікшелілер тәрізді дербес ағзалар болуы мүмкін. Бактерия жасушасы өте қарапайым, ал біржасушалы қарапайым жәндіктің құрылысы күрделі. Жасуша құрылысының қандай болғанына қарамастан тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму және т. б.) көрсетеді.
Көпжасушалы ағза құрамындағы жасушалар, ұлпалар немесе мүшелердің алғашқы заттары болғандықтан, арнаулы бағытқа катаң бағытталады. Олардың ерекшелігі — белгілі қызмет атқарады және ағзадан тыс өмір сүре алмайды (мысалы, жүйке ұлпасының, бұлшықеттердің және т. б. жасушалары).
Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады.
Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді. Нақты тіршілік деңгейі мен биологиялық ғылым арасында да айқын шектеу болмағанымен, тірі табиғаттағы тіршіліктің жаратылу деңгейін шартты түрде былай межелеп бөлуге болады:
Ағза
- француздың – organisme, латынша - organiso –
құрамын, сыртқы құрылым беремін деген
сөздеріндегі мағынаны береді. Кең көлемде
алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен
байланыста болатын және бір-
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер)
ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы
Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі
ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыс
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген
бөліктері мен құрылымы –
Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
№3-Дәріс. Ағза мен ортаның әрекеттесуі
1. Ағзалар жүйесі және Жер биотасы.
2. Экологиялық факторлар мен тіршілік ортасы туралы түсініктер.
3. Ағзалар өміріндегі физикалық және химиялық факторлар мағынасы.
4. Топырақ пен өсімдіктер өміріндегі эдафикалық факторлар рөлі
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі: бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Бергман ережесі (1847 ж): бір түрге жататын дене көлемі әртүрлі өкілдердің ішінде неғұрлым ірілері анағұрлым салқын аудандарда таралады.
Аллен ережесі (1877 ж): жылы қанды жануарлардың
салқын климаттық жерлерде денесінің
шығыңқы бөліктері кішірейеді
Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі (1840 ж): экологиялық факторлардың жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор организмнің күйіне көбірек ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңы (1913 ж): экологиялық фактордың минимумы ғана емес, максимумы да шектеуші фактор бола алады, олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық (лат. шыдау, төзу) шамасын, яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділік аумағын анықтайды.
Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей
емес. Оны әрбір ағзаның өзіне тән экологиялық валенттілігі
анықтайды. Экологиялық валенттілік
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары – тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет:
1. Ортаның қарастырып отырған
2. Экологиялық фактордың әсері
тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін,
яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-
Құс базарларында
құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді
биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы
суға түседі; судағы органиканы бактериялар
минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.
Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің,
негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына
Экологиялық факторлар табиғаты
жағынан қаншалықты әралуан болмасын, олардың әсерінің
нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға
келеді, өйткені әрқашанда
Экологиялық факторлардың негізгі заңдылықтары:
1. фактордың
белгілі бір мәндерінде
2. фактордың
мөлшері оптималдық жағдайдан
неғұрлым көбірек ауытқыса, дара
организмдердің тіршілік
3. фактор мөлшерінің дара
Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1) Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың әсері (климат, t0, ылғалдылық, жарық, т.б.)
2) Биотикалық
факторлар – тірі
3) Антропогенді факторлар –
1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы); топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар (судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, тұздылығы, қысымы, ластануы); жер бедерінің әсері.