Ағынды сулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:36, статья

Описание работы

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖАҚ-ның қызметі мұнай өңдеу процессін жүргізгенде қоршаған ортаға техногенді әсерін азайтуға, табиғатта ластандырғыш заттардың жайылу нормативтерін сақтау және оларды пайдалану әдістерін тауып, қолдануға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Ағынды.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

Ағынды


Ағынды (Сток) —

  1. атмосфералық жауын-шашын суларының қайсыбір беттен (беткі ағынды), қайсыбір көлемнен, жер қабығының бір қалындығынан (соның ішінде жер асты ағынды) немесе жиынтық түрде қайсыбір аумақтан (алаптан және т.б.) бастапқыда бұлақтар мен өзендерге, одан соң мұхитқа немесе тұйық континенттік суқоймаларына ағып баруы; ол жерден су өз айналымын басқа жолдармен жалғастырады (негізінен бу түрінде);
  2. құрлықтың белгілі бір өңірінен (су жиналымнан) белгілі бір уақыт (төулік, ай, жыл) ішінде ағып шыққан су мөлшері. Судың орташа шығынымен (м3/с), ағынды қабатымен (мм не см), ағынды көлемімен (м3), ағынды модулімен (л/с * км² не м3/с * км²), ағынды коэффициентімен (бірлік үлесі) өрнектеледі;
  3. жаңбыр мен еріген қар суының суқоймаларға және жер бедерінің ойыстарына ағып жиналуы. Жер үсті ағындысы және жер асты ағындысы болып бөлінеді. Ағынды процесі жер бетіндегі су айналымының құрамдық буыны болып табылады. Ағынды мөлшерінің (у, мм) алап бетіне түскен жауын-шашын (х, мм) мөлшеріне катынасы (у/х) Ағынды коэффициент (һ) деп аталады және % арқылы көрсетіледі, һ = у/х,
  4. өзен арнасымен белгілі бір уақыт аралығында ағып өткен су көлемі, текше метрмен, млн. м3, км3- мен өлшенеді.

Пайдаланған әдебиет


  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. I

Қоршаған  ортаны қорғау

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖАҚ-ның қызметі мұнай өңдеу процессін жүргізгенде қоршаған ортаға техногенді әсерін азайтуға, табиғатта ластандырғыш заттардың жайылу нормативтерін сақтау және оларды пайдалану әдістерін тауып, қолдануға бағытталған.

Кәсіпорынның құрылымына, ластандырғыш заттарды төгу, жер асты сулары мен жер қыртысының жай-күйіне өндірістік мониторингті жүргізетін Техника қауіпсіздігі, еңбек және табиғатты қорғау қызметі жатады.

Соңғы жылдары  кәсіпорын келесі экологиялық міндеттерді  орындады:

  • ғимараттарынан кейін актив тұнбаларды пайдалану.
  • жаңа суды пайдалануды 7 есе азайту.
  • этилді емес экологиялық қауіпсіз бензинді және төмен күкіртті дизелді отынды өндіру.

Мұнай қалдықтарын  өңдейтін, (шыққан мұнай қайта өндіріске  жіберіледі) басқа мұнай өңдеу зауыттарында өзін жақсы жағынан танытқан Flottweg (Германия) фирмасының қондырғысы сатып алынды.

Өндірістік мониторинг негізінде  зауыттың санитарлы зертханасында  зертханалық бақылау жүргізіледі. 2002 жылы біздің кәсіпорын, санитарлы-қорғалған  белдемдегі ауаның, өндірістік алаңшаның, жұмыс орындарының, сонымен қатар ағынды сулардың анализін оперативті түрде жүргізетін аспаптармен жарақтандырылған қазіргі кезеңге сай көшпелі зертхана сатып алынды.

Жыл сайын әзірленетін  табиғатты қорғауға арналған шаралар, қоршаған ортаға техногенді ықпалдың азайтылуына бағытталады және зауыттың әкімшілігі тарапынан бұл мұқтаждарға керекті қаражат бөлінеді.

Тазалау комплексі - ағынды суларды механикалық тазалау  мен биологиялық тазалау ғимараттарынан тұрады.

Ағынды суларды  механикалық тазалау екі кезеңнен тұрады:

  • механикалық тазалау;
  • физика-химиялық тазалау.

Механикалық тазалау  ғимараттарының комплексі мыналардан тұрады:

  • механикалық тазалау ғимараттары (құм, мұнай ұстағыштар, радиалды тұндыр-ғыштар, ағынды суларды қабылдап алатын жер асты резервуарлары);
  • физика-химиялық ғимараттары (реагентті шаруашылық, флотациялық қондырғы, ағынды суларды араластыратын камералар);
  • жылу алмастырғыштары бар өңдейтін резервуарлар паркі;
  • насос станциясы;
  • авариялық қойма мен қалдықтарды жинаушы;
  • Авариялық газ желісі, газды жинауға, қысқа мерзімдік сақтауға және оны зауыттың отындық желісіне қайтаруға, факелдерде жағу үшін немесе әрі қарай пайдалануға арналған. Қазіргі кезде зауытта Ф-1,2, биіктігі 37 м, диаметрі 0,4 м екі факелді бағана пайдаланады.

Биологиялық тазалау ғимараттары  мыналардан тұрады:

  • аэротен;
  • радиалды тұндырғыштар;
  • биотоғандар.

Ластандырғыш  заттардың ауаға таралуын азайту үшін, тауар паркінің резервуарлары  понтондар мен шағылдырғыш дисктермен жабдықталған, ал шикізат резервуарлары қалқымалы қақпақтар мен шағылдырғыш дисктермен жабдықталған. Лақтырындының көлемі 40%-ке азайтылды.

Құю эстакадаларында  артық құйылып кетпес үшін, құю  деңгейін шектегіштер жабдықталған.

Зауытта таза өзен суын үнемді пайдалануға көп көңіл  бөлінуде. Үш градиренде полимер саптамаларды құрастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде таза өзен суының үнемделуі жылына 156000 мқұрайды. Қайта пайдалану жүйелерін қоректендіру үшін 98% биологиялық тазалаудан өткен ағынды сулар мен 2% таза техникалық сулар пайдаланады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ағынды сулар