Атмосфералық ауаны қорғаудың қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-гигиеналық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:27, реферат

Описание работы

Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-ауа. Өйткені, барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады.

Содержание

I. Кіріспе
А) Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-ауа.
II. Негізгі бөлім
А) Атмосфералық ауаның табиғи және антропогенді ластанулары
Б) Ауаны таза ұстаудың шаралары
В) Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары
және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

КГ №1 СРС РЕФЕРАТ Жолдасбекова М. 415ҚДС.docx

— 170.87 Кб (Скачать)

      ҚР қалаларындағы шаң фракцияларының орта жылдық концентрациялары 2008-2010 жж аралығында бағаланды. Зерттелініп отырған кезеңде барлық бақылауға алынған тұрғылықты мекендердің ауа бассейінінде шаң фракцияларының орта жылдық концентрациялары РФ гигиеналық нормативтерінен жоғары болды (кесте 1). Бір көзбен қарағанда, осы шаң бөлшектерінің фракцияларының гигиеналық нормативтері РФ өте төмен сияқты көрінеді. Бірақ, Европа Одағының PM10 шаң фракциялары үшін орнатылған нормативі 40 мкг/м3 немесе 0,04 мг/м3 құрайды, бұл РФ регламентіне сәйкес келеді. ( РМ10 ШРЕК-ы=0,04мг/м3). Мысалы АҚШ –да РМ10 шаң бөлшектері үшін регламент – 83 мкг/м3 немесе 0,08 мг/м3 болып табылады. Сонда РФ шаң фракцияларының гигиеналық нормативтері    Европа Одағының нормативті шамаларымен бірдей болып табылады, бірақ АҚШ регламентімен салыстырып қарағанда 2 есе төмен болып отыр.

     РМ10 и РМ 2,5 респирабельді фракциялардың ШРЕК-нан жоғарылау еселігінің маңызын талдау кезінде Республиканың зерттелініп отырған барлық қалаларында, 2008 ж Тараз бен Павлодар қаласы және 2010 ж Қызылорда қалаларынан басқа, олардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден 2 есе ШРЕК шамасында жоғары болып отыр (3-нші сурет). Ал, Астана, Жезказған және Атырау қалаларында жүргізілген зерттеулердің барлық кезеңдерінде жоғары деңгейлері (5 ШРЕК және одан жоғары) байқалады (3 және 4 суреттер).

3 -нші сурет. 2008-2010жж аралығында ҚР қалаларының атмосфералық ауасында қалқыған бөлшектердің PM10 ШРЕК шектен асу еселігі

4 -нші сурет. 2008-2010жж аралығында ҚР қалаларының атмосфералық ауасында қалқыған бөлшектердің PM2,5 ШРЕК шектен асу еселігі

    Қауіп-қатерді талдау әдістемелерінің ең маңызды атқаратын рөлі адам денсаулығы мен экожүйелердің жағдайы үшін қауіп-қатерді бағалаудағы заманауи амалдарды тепе-тең ұстау болып табылады. ХХ ғасырдың соңында АҚШ қоршаған ортаны қорғау бойынша агенттігі қазіргі біздің заманымызда кең етек жайған қоршаған ортаның зиянды факторларының [5] әсері кезінде адам денсаулығына қауіп-қатерін бағалау әдістемесін қолдануды ұсынды. Осыған сәйкес, ШРЕК орнына референтті доза және барлық заманауи ғылыми мәліметтерді есепке алғанда және тұрғындардың ең сезімтал топтарының денсаулығы үшін қауіп туғызбайтын, бүкіл ғұмыры бойындағы химиялық заттың тәуліктік әсер ететін концентрациясы қолданылады. РФ аймақтарында 2004 жылдан бастап қалқыған шаң бөлшектері фракцияларының референтті концентрацияларының мәліметтері келтірілген «Қауіп-қатерді бағалау бойынша нұсқау…» Р 2.1.10.1920-04 [6] қолданылуда.

Осылайша, жүргізілген жұмыстардың негізінде мынадай қорытындыға келуге болады:

  1.    ҚР зерттелінген қалаларының басым бөлігінде қалқыған бөлшектердің жиынтық мөлшерлерінің деңгейі бойынша жалпы жағдай атмосфераның ластану индексіне байланысты қолайсыз деп есептеледі.
  2.     Алматы, Астана, Жезқазған және Атырау қалаларының ауа бассейіндерінің ұсақ дисперсті шаң фракцияларымен ластану деңгейі жоғары екендігі анықталды.
  3.    Осы нұсқалған қалалардағы анықталған аэрогенді жүктемелер шаң фракцияларының қауіптілік коэфициенттерінің есептелген көрсеткіштерімен дәлелденген, тұрғындар денсаулығы үшін канцерогенді емес әсерлердің қаупі жоғары екендігін көрсетеді.
  4.    Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, тұрғындардың денсаулығындағы қолайсыз өзгерістерді болжамдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және қауіп-қатерді басқару бойынша шаралар мен ұсыныстарды дайындау үшін сілтеме бола алады.

Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары  
және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

    1. Өздерi үшiн белгiленген шектi жол берiлетiн нормативтен асып кететiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс.

     2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

     3. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады. 
     4. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.С. Шабдарбаева, С.Қ. Омаров, Коммуналдық гигиена ІІтом,Алматы 2011ж
  2. http://www.aikyn.kz
  3. http://kk.wikipedia.org/wikі
  4. http://kutkarushy.kz/
  5. http://www.azh.kz/kz/news
  6. http://www.sarap.kz/kaz

Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғаудың қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-гигиеналық аспектілері