Атмосфера

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 11:43, реферат

Описание работы

Атмосфера - жерді қоршап тұрған газ тәрізді қабық. Жер атмосферасы азоттың 79 көлемінен, оттегінің 21 көлемінен және аз мөлшерде су буынан, аммиактан, аргоннан, озоннан т.с.с газ тәрізді денелерлен құралған. Бұл таза механикалық қоспа, оның тығыздығы жоғарыдан төменге қарай азаяды. Өзінің ауырлығымен атмосфера жердің бетіне түсіретін қысымы 1кг/1см 2 .

Содержание

Кіріспе
Озон саңылаулары
Химиялық ластану
Атмосфераның аэрозольды ластануы
Фотохимиялық тұман (смог)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Атмосфера РЕФЕРАТ.doc

— 77.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфераның аэрозольды ластануы

 

Аэрозольдер - бұл ауаның өлшелген салмағындағы қатты немесе сұйық бөлшектер. Азрозольдердің қатты компоненттері аса қауіпті болып келеді, олар адамдарда спецификалық аурулар тудырады. Атмосферада аэрозольды ластанулар түтін, тұман немесе мұнар түрінде болады. Аэрозольдердің атмосферадағы айтарлықтай бөлігі қатты және сұйық бөлшектердің өзара және су буымен әрекеттесуінің салдарынан түзіледі. Орта есеппен аэрозольді бөлшектердің шамасы 1-5 мкм. Жердің атмосферасына жыл сайын 1 шаршы.км. жасанды шаңтәрізді бөлшектер тасталынады. Шаң бөлшектерінің басым бөлігі адамдардың өндірістік әрекеттерінің салдарынан пайда болады. Техногенді шаң туралы кейбір мәліметтер төменде келтірілген:

 

Өндірістік процесс. Шаң-тозаңның әр жылы тасталынуы млн.т./жылына

 

1. Тас көмірді өртеу 93,60

2. Шойын балқыту 20,21

3. Жез балқыту (тазалаусыз) 6,23

4. Мырыш балқыту 0,18

5. Қалайы балқыту (тазалаусыз) 0,004

6. Қорғасын балқыту 0,13 7

7. Цемент өндіру 53,37

 

Аэрозольді ластанулардың негізгі көздері  -  күлі көп көмірді пайдаланатын ЖЭС-лар, байыту фабрикалары, металлургия, цемент, магнезитті заводтар болып отыр. Аэрозольді бөлшектер бұл қайнар көздерден айырмашылығы - химиялық құрамының алуандылығы.  Олардың құрамында жиі кремний, кальций мен көміртегінің қосылыстары, кейде – металдар оксидтері: темір, магний, марганец, мырыш, жез, никель, қалайы, сүрме, висмут, селен, мышьяк, бериллий, кадмий, хром, кобальт, молибден және асбест. Ал органикалық шаңның ерекшеліктері – оның құрамында алифаттық және ароматтық  көмірсутектердің, сол сияқты қышқылдардың тұздарының болуында. Органикалық шаң мұнай өнімдерінің қалдықтарын өртегенде, мұнай өңдеуші заводтардағы пиролиз процесінің нәтижесінде, мұнай химиялық кәсіпорындардың арқасында пайда болады. Аэрозольді ластанулардың тұрақты қамтамассыз етушілері өнеркәсіптік отвалдар –  пайдалы қазбалар өндіру кезінде қазылған жер, өнеркәсіптік қалдықтар, ЖЭС.  Шаң мен улы газдардың пайда болуына жару жұмыстары бастама болады. Мысалы, массасы орташа жарылыс (250-300 тонна жарылғыш заттар) нәтижесінде атмосфераға 2 мың.м.куб. шартты көмірқышқыл газ оксиді және 150 т.шаң ұшады. Цемент және басқа құрылыс материалдарын өндіру атмосфераны шаңмен ластаудың жолы болып келеді. Бұл өндірістердің негізгі технологиялық процесстері – шихрларды ұсақтау мен химиялық өңдеу, жартылайфабрикаттарды жасау әрқашан шаң мен зиянды заттардың атмосфераға тасталуымен қатар жүреді. Атмосфералық ластаушылар қатарына – көмірсутектер жатады – құрамында 1-ден 13-ке дейін атомы бар қаныққан және қанықпаған көмірсутектер. Олар түрлі процестерге ұшырайды: тотығу, полимеризация, сол сияқты күн радиациясының әсерінен басқа атмосфералық ластаушылармен реакцияға түседі. Осы реакциялар нәтижесінде асқынтотықты қосылыстар, бос радикалдар, азот, күкірт оксидтерінің көмірсутектермен қосылыстары аэрозольді бөлшектер күйінде болады. Ауа райының қолайлы сәттерінде зиян газтәрәзді және аэрозольді қосылыстар атмосфераның төменгі бөлігінде жинақталады.

 

 

 

 

Фотохимиялық тұман (смог)

 

Фотохимиялық тұман көпкомпонентті алғашқылық және екіншілік газдар мен аэрозольді қосылыстар. Фотохимиялық тұман құрамына озон,  азот пен күкірт оксидтері, фотооксиданттардың көптеген органикалық қосылыстары. Фотохимиялық тұман белгілі бір  жағдайдағы фотохимиялық реакциялар нәтижесінде қалыптасады: атмосферада азот оксидінің жоғары концентрациясы, көмірсутектердің болуы, күн радиациясы, желдің болмауы, жер бетіне жақын қабатта өте әлсіз ауа алмасу және инверсияның тәулік бойындағы қуатты ағымы.Тұрақты желсіз ауа райы инверсиямен жалғасады, яғни жауап қайтарушы заттардың концентрациясын тудыру үшін. Мұндай жағдайлар көбінесе шілде-қыркүйек айларында туады. Ашық әрі ұзаққа созылған жақсы ауа райында күн радиациясы азот диоксидінің молекулаларын азот оксиді мен атомдық оттегіге ыдыратады. Атомдық оттегі мен молекулалық оттегі озон түзеді. Азот оксиді көлік шығаратын олефиндермен реакцияласып, молекулалар бөлшектері мен озонның артық мөлшеррін түзеді. Диссоция нәтижесінде  диоксидтің жаңа массалары ыдырап, озонның қосымша мөлшерін береді. Циклдық реакция пайда болады және оның нәтижесі артық озон жинақталады. Бұл процесс түнде тоқтайды. Өз кезегінде озон  олефиндермен реакцияға түсіп, атмосферада түрлі асқынтотықтар концентрацияланады, олар фотохимиялық тұманның құрамындағы оксиданттарды түзеді. Оксиданттар бос радикалдардың пайда болуын қамтамассыз етеді, ал бос радикалдар болса өте жоғары реакциялық қасиетімен қауіпті. Мұндай тұмандар Лондон, Париж, Лос-Анджелес, Нью-Йорком тағы басқа Европы мен Америка қалаларының ауасында көп кездеседі. Өзінің физиологиялық әсерінен бұл заттар тыныс алу мүшелері мен қан айналу системасына әсер етіп, көп жағдайда денсаулығы нашарлаған қала тұрғандарының өліміне де алып келеді.

 

 

Қорытынды

 

Табиғатты қорғау – осы ғасырдың проблемасы және ол әлеуметтік мәселеге айналды. Күннен күнге айналадаға ортаға төніп жатқан қауіп-қатерлер туралы естігінде оларды жағымсыз деп санап, мұның бәрі цивилизацияның шарттары, біз қалыптасқан ситуацияны шеше аламыз деп ойлайтындар арамызда аз емес.  Дегенімен, адамның айналадағы табиғатқа әсері қауіп төндіретін масштабтарға жетті. Жағдайды түбегейлі жақсарту үшін ойластырылған мақсат қою тиіс. Егер біз ортаның қазіргі жағдайы жөнінде сапалы мағлұмат жинап, маңызды экологиялық факторларының өзара әрекетін білсек, жаңа табиғатқа зияны аз немесе мүлдем жоқ методтар іздеп тапсақ мүмкін біз табиғатты сақтап қаламыз. Бұл тек табиғат-ананы сақтап қалу емес, ол бізді, келешек ұрпақтарды, оларға қалдыратын мұраларды сақтап қалу. Біз – табиғат бөлігі емеспіз бе? Біз жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иесіміз ғой, неге біз мұндай ақылсыз аяғы жердің шөл далаға айналдыратын жолды таңдадық деген сұрақ ойымнан кетпейді, толғандырады, біз өзіміздің мұқтаждықтарымызды қамтамассыз ету үшін табиғатты аяусыз қанаудамыз, антропогендік табиғат коплекстерінің аумағы ұлғаюда, шөл мен шөлейттер кеңеюде, Арктика мен Антарктиданың мың жылдық мұздықтары озон қабытының әлсіреуінің кесірінен еруі, күннің шамадан тыс жылуы, атмосферада ауыр металдардың, зиянды заттардың көбеюі, теңіз экосистемасының зардап шегуі. Бұл проблемалардың тек аз ғана тізімі. Негізінде олардың саны бірнеше есе басым. Қашан адамзат осыларды шешпесе де тоқтату үшін ауыз бірлікте бас қосады, ертең кеш болуы мүмкін!   

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1.   Горшков С.П. Экзодинамические процессы освоенных территорий. – М.: Недра, 1982.

2.   Григорьев А.А. Города и окружающая Среда. Космические исследования. – М.: Мысль, 2000.

3.   Никитин Д.П., Новиков Ю.В. Окружающая Среда и человек. – М.: Одум Ю. Основы экологии. – М.: Мир, 1995.

4.   Радзевич Н.Н., Пашканг К.В. Охрана и преобразование природы. – М.: Просвещение, 2003.

2

 



Информация о работе Атмосфера