Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 12:08, реферат
Озон қабаты – бұл ғарышқа жақын құрамдас бөлік немесе оны мамандар жерге жақын космостық кеңістік (ЖЖКК) деп атайды. Жерге жақын космостық кеңістік жерді қоршаған сыртқы газдық қабатты көрсетеді.
Ғарышқа антропогендік ықпал ету.
Озон қабаты – бұл ғарышқа жақын құрамдас бөлік немесе оны мамандар жерге жақын космостық кеңістік (ЖЖКК) деп атайды. Жерге жақын космостық кеңістік жерді қоршаған сыртқы газдық қабатты көрсетеді.
ЖЖКК антропогенді ықпал ғарыштық дәуірдің басталуымен қатар жүреді. Мамаңдардың пікірінше, адамның осы салаға ықпал етуі өте қауіпті. ЖЖКК саласындағы зерттеулердің ерекшелігі олар қуатты және қымбат тұратын ракеталарды пайдалануды талап етеді. Бұл орта басқа ортаға қарағанда шығын, сондықтан ондағы зат саны төмен және жерүсті атмосферасына қарағанда, удерістер энергетикасы әлсіз келеді.
Қазіргі уақытта жерді қоршаған ғарыштық кеңістікті бақылаусыз пайдалану пайдаланылған ғарыштық құралдардан тұратын қалдықтырдың үлкен көлемімен ластанған (3000 жуық). Бұл қалдықтардың қауіптілігі ғарыштық аппарат саласындағы мамандарға белгілі бола бастады, яғни ғарышта онымен соқтығысу үлкен қауіпті төңдіреді. Ғарыштық қалдықтар 400 км биіктікте жинақталады, орал арнайы каталогқа енгізілген және үнемі бақыланып отырылады. Дегенмен, шағын сынықтардың көлемінің өзі үлкен (10 см), бұл табиғи метеорлық денелер ағымынан асып түседі. Болжам бойынша, қатты бөлшектермен ластану осы қарқындылықпен 1см жалғасса, онда 100 жылда 2 еседен артуы мүмкін.
ЖЖКК қасиеттерін білу ғарыштық жүйенің сенімді жұмысын және космонавттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. ЖЖКК адам баласына әсер ету түрлері:
ЖЖКК ең қауіпті әсер еті түрі бұл химиялық заттармен ластану. Олар – жоғары температураға ие газтектес өнімдер, ракета жылдамдығы, осының салдарынан қоршаған орта температурасын теңдестіруге дейіңгі салқындатуды тудыратын ластаушы газдардың массасының гидродинамикалық кеңеюі. Осы үдерістің салдарынан атмосфераның жоғарғы жағында ракета ұшатын траекторияда күрделі химиялық құрамынан тұратын бұлт қалыптасады, оның компоненттері жоғары атмосфера мен ионосфера компоненттерімен өзара әрекеттеседі.
Ракетаның ластаушы негізгі өнімдері су және көміртек диоксиді. «Протон» ракетасының ұшырылуының салдарынан ЖЖКК 100 тонна су мен 90 тонна көміртек диоксиді түседі. «Шаттл» ракетасында бұл көрсеткіш 470 пен 110 тоннаға сәйкес.
90-100 км биіктікте су молекуласы ультракүлгін сәулелермен әрекеттеседі. Тасталыңған газ кеңейеді, бірқатар өзгерістерге ұшырайды, сосын 10-нан 100 мың км-ге дейін таралады. Бұл кезде сутегінің диффуздық бұлттық көрінісі жүреді.
Есептеулер көрсеткендей, «Протон» ракетасы ұшқаннан сон 10 тәулік өткеннен кейін атмосфераның жоғарғы жағында антропогенді сутегінің артық шамасы сақталынады. Ал «Шаттл» ракетасы ұшқанда 10 тәулік аралығында сутегінің концентрациясы ғаламдық деңгейде артып, фондық денгейі 200 км биіктікке қарай 10 пайызға көтеріледі.
Атмосфераның жоғары бөлігіне ракеталық двигательдер арқылы су молекуласы мен көміртегі диоксиді тасталынған, олар ионосферадағы оттегі иондарымен белсенді әрекеттесіп, табиғи жағдайға қарғанда, жылдам қарқынмен қайта түзілуі жүреді. Осының салдарынан ионосфералық плазма жылдамдығы артып, оқталған бөлшектер түседі де ионосферналық тесіктер пайда болады. Мұндай ірі ауқымдағы өзгерістер «Сатурн-5» ракетасын ұшырғаннан кейін байқалған, тесіктің тігінен көлемі мыңдаған км-ге жеткен, ал электрондардың бірнеше есеге төмендеген. Алғашында ионосфералық тесіктер АҚШ аумағында пайда болған, кейіннен Батыс Еуропа мен бұрынғы КСРО аумағында байқалды. Осыған ұқсас жағдайда «Шаттл» және «Союз» ракеталары ұшқаннан кейін де байқалды.
Көміртегі диоксиді ракета траекториясынан жүздеген км-ге таралады және ол термосфераның жылу балансында маңызды рөл атқарады. Айта кету керек, бұл баланс ультракүлгін сәулесі қызуының және инфрақызыл сәулесінің салқындау нәтижесінде орнатылады. Дегенмен, антропогенді әсерлерден көміртегінің қос қышқылының концентрациясының өзгерісін болжамдау қиын, бірақ термосферадағы табиғи үдерістердің бұзылғандығын көрсетеді.
Ракеталардың озон қабатында әсерін зерттеу барысында «Шаттл» ракеталарын ай сайынғы ұшыру барысында 4 жылдың ішінде озонның жалпы құрамы 0,3 пайызға орта ендіктен, 0,4-0,6 пайызға жоғары ендікте төмендегенін байқаған болатын. «Шаттл» және «Энергия» ракеталарын ұшыру ұзақ жылғы өзгерістермен салыстырғанда, озонның ғаламдық төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Жердің қорғаушы қабаты ретінде ЖЖКК сақтау ракеталарды ұшыруды қысқарту және техникалық құралдарды өзгерту, орбитаға ғарыштық аппараттарды шығару әдістерін өзгерті жағдайында ғана орын алуы мүмкін.