Арал теңізінің қазіргі уақыттағы жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:00, реферат

Описание работы

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді. Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды.

Содержание

Кіріспе:
Арал теңізінің тарихы
Арал теңізінің экологиясы
Негізгі бөлім
Арал теңізінің проблемасы
Арал апатына себеп болған факторлар
Арал теңізінің сақтау үшін жүргізіліп жаткан шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдибеттер

Работа содержит 1 файл

арал реферат 2.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым министрлігі

 Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

 

кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Арал теңізі

 

 

 

                                                                 Тексерген: Камзе А. Н 

                                                                    Орындаған: Әзибек Н. Б

    МЕТ-11-02 тобының студенті

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011

Жоспар

Кіріспе:

  1. Арал теңізінің тарихы
  2. Арал теңізінің экологиясы

Негізгі бөлім

  1. Арал теңізінің проблемасы
  2. Арал апатына себеп болған факторлар
  3. Арал теңізінің сақтау үшін жүргізіліп жаткан шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдибеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арал  теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді.

           Арал теңізінің тарихы

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары\» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа айнала бастады. Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әр қыйлы көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

            Арал теңізінің экологиясы

Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл  белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал  өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз  пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың  м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 300-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

 Сонымен, Арал  апатына себеп болған факторларға:

-   жергілікті  жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін  ескермеу;

-   ауыл шаруашылығын  дұрыс жоспарламау, судың қорын  есепке алмау;

-  суды өте көп қажет  ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-  жерді игерудің агротехникалық  шараларын сақтамау және суды  үнемді пайдаланбау;

Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык  апаттар нышаны жыл өтксн сайын  теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарыш бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің  болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптегн ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал  теңізінің проблемасы

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда  аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре  алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің  бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне  жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет  дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына  келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Каспий теңізінен деңгейі  бір кезде көтеріліп, бір кезде  төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Қәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.

Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын  Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине, аталған  жоба бойынша бірінші кезектегі  каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл жұмысты  ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды.

Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен  қатар жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.

Канал Үстірт шоқысынан  өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 4/3 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны насос станциясы сияқты косымша қондырғыларға жұмсалады.

Судың булану нәтижесінде  Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы кейін ол өзінің пайдалы маңызын жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін енді Аралдан Каспийге қарай ағатын екінші канал салу керек. Сонда Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал—Каспий каналын салу көп қаржыны талап етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос станиясының қажеті жоқ, канал қазылып суға жол берілсе болды, ылдиға қарай судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал—Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе қысқа болмақ.

Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы  бекіп, аяғынан тік тұрып, Аралымыздың  арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады. Иншалла!

Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң  Арал Каспийден жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.

300 млн доллар! Кәзіргі жағдайда бұл тиімді  баға ма, әлде көп пе? Адамзаттың уайым-қайғысыз, шаттанып өмір сүруі үшін үлкен екі аймақта тұратын миллиондаған халықты апаттан құтқаруға жұмсалатын 300 млн доллар ешкандай қымбатшылық емес! Бәрі де салыстырмалы түрде айқын болады. Мысалы, "Стеллс" атты американдық бомбалаушы ұшағының құны 840 млн доллар. Ла-Манш арқылы өтетін туннельдің кұрлысы 80 млрд доллардан асып түсті.

Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау  салуға 300 млн доллар соншалықты қол  жетпейтін сома емес. Каспий жағасында  орналасқан қазақ жеріне судың көтерілуіне байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар) зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе төмендегі мәселелерді ескерсек, канал құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.

1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.

2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда келтірмейтін өлі капиталмен тең.

Жоғарыда айтылғандардың тоқ етер түйіні, ортақ іске қатысы бар мемлекеттер бірігіп, керекті 300 млн доллар қаржы жинап, орасан күрделі екі экологиялық ахуалдың шиеленісуін шешпесе болмайды.

Информация о работе Арал теңізінің қазіргі уақыттағы жағдайы