Қарағанды облысының экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:25, реферат

Описание работы

Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.

Содержание

І. Кіріспе.
Қарағанды облысы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы;
2.Алапаттың зардабын аластатайық;
3.Қалдықтан алынатын өнім мол;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1.Өлкеміздің экологиялық орталықтары;
2.Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Караганды.docx

— 34.82 Кб (Скачать)

Қарағанды металлургия комбинатының қалдық суды тазалағыш жабдықтары арқылы жыл сайын өнеркəсіп өндірісінің сұйық заттарды сақтайтын ыдыстарынан 100 мың тоннадан аса лай тұнбаларын шығарады. Ал бұл экологиялық қалдықтардың құрамында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бар екені ғылыми зерттеулерде дəлелденген. Қалдық су тұнбасы дəнді дақылдың шығымын арттыруға пайдалануға, яғни дақыл өнімін мол өндіруге септігі болатыны байқалды.

 

Қазіргі кезде Қарағанды  қаласында шығарылатын тұрмыстық  қалдық заттар сұрыпталмай, өңделмей қалалық  көң-қоқыс төгілетін жерге апарып көміліп тасталады. Қалалық коммуналдық көлік басқармасының дерегіне қарағанда ай сайын мұнда табиғатты ластандыратын 180 тонна полимерлік, пластмассалық қалдық заттар тасылады екен. Ал мұндай қалдықтардың шіруі үшін кем дегенде 200 жыл керек. Қалдықтардың морфологиялық құрамына талдау жасаған кезде 1 текше метр қалдықта 22 процент қағаз, 38 процент тамақ қалдықтары, 6 процент тоқыма бұйымдары, 4 процент металл, 3,8 процент шыны, 18 процент пластмасса жəне полимерлік қалдықтар бар екендігі анықталған. Шикі зат алу үшін кеніштерді қопарғанша қалдықтардан алынған заттарды қайта өңдеген əлдеқайда тиімді болмақ. Егер осы қалдықтарды өңдесе, қағаз қалдықтарынан- картон, престелген қағаз-картон табақшаларын, сүйектерден – сүйек ұнын, тамақ қалдықтарынан- компост (органикалық тыңайтқыш), полимерлер мен пластиктерден- құрылыстық жəне тұрмыстық бұйымдарға, металл құбырлардың сыртын жабуға арналған шикізат алуға болады. Қарағанды қаласына көң-қоқысты, өндірістік қалдықты жəне тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт қажет. Бұндай зауыттан өндірілген өнімдерден алдымен өндіріс үшін шикізат қажет етпейді, ол қалдықтарды өңдеу кезінде алынады, өндіріс үшін қымбат бағалы химикаттар қажет емес, қатты қысымға жəне жоғары ыстыққа шыдамды жабдықтарды керек етпейді, қалдықтар залалсыздандырлатындықтан атмосфераға жəне су көздеріне зиянды қоспалар таралмайды, кез-келген жуандықтағы жəне ұзындықтағы құбырлар полимер қалдықтарымен қапталатындықтан коррозияға ұшырамайды.т.б.

     Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына. Ғылымның шамадан тыс дамып, оның жойқын күшке айналуына байланысты адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік табиғаттың сорына қарай күрт өзгерді. Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы 20 жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас бірсыпыра жанданды. Қазір қоғам алдында тұтастай экологиялық білім жүйесін құру міндет тұр. Облыста қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірнеше ұйымдар құрылған. Экологиялық «Сарыарқа» клубы, «Экомузей», «Экоцентр», «Экообраз», «Табиғат қорғау сақшысы» ұйымы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экология бөлімшесі, облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жəне басқа ұйымдар мен қоғамдар бір-бірімен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жүргізуде. Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сонымен бірге облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе ағаш, бұта, гүл отырғызу яғни көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданады.

«Таза өзен» деп аталатын акцияны облыстық ЭкоМұражай қызметкерлері 1998 жылдан бері өткізіп келеді. Содан  бері 23 рет акция өткізілген. Мұндай акция өткізудің мақсаты үкіметтік  емес экологиялық ұйым жергілікті су ресурстарының жағдайы нашар  екендігіне жұртшылықтың назарын аударып, жақын маңайдың тұрғындарының өзенге деген көзқарасын өзгерту, балалар  мен біздің болашағымызға немқұрайды қарамайтындардың басын біріктіру  болып табылады. Коғамдық ұйымдардың, еріктілердің жəне мектеп оқушыларының күшімен қала ішіндегі шағын өзендердің арналары мен жағаларынан 40 текше  метрден астам тұрмыстық қалдық жиналып келеді.

Қарағанды қаласында еліміздің  ғалым – зоологтары қатысқан қоршаған ортаны қорғауға байланысты өткен семинар-кеңесте  облыста сиреп бара жатқан құстарды сақтап қалумен шұғылданатын ғылыми орталық ашу жөнінде айтылды. Бұндай ғылыми орталық 2004 жылы ашылды. Қаладағы зоопарк базасында құрылатын ғылыми орталыққа суда жүзетін құстарды сақтау шаралары жүзеге асырылады. Қызыл кітапқа енгізілген суда жүзетін құстардың 21 түрінің 5- еуі осы зоопаркте қамқорлыққа алынған.

 

Əдебиеттер:

Əбенов Ө.А. Қоршаған ортаға қамқорлық қажет: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме / Əңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.- 2002.

Əбенов Ө.А. Табиғат тепе-теңдiгi - ұрпақ мүддесi: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме / Əңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.- 2002.

Жұмышев Қ. Құтты мекен-Қарағаш // Табиғатым-тағдырым / Құраст. С.Байханов.- Алматы, 1991.- 268-285 б.

Көшiмбаев С. Абыз дала, аңыз дала (Жезқазған, Ұлытау өңiрi туралы) // Сарыарқа / С.Көшiмбаев.- Алматы, 1989. –98- 151 б.

Темiреева Ф. Жезқазған облысының географиясы / Ф.Темiреева, С.Нұрсейiтов.- Алматы: Рауан, 1994.-128 б

Нүркенова С. Туған табиғат - тiршiлiк көзi сондықтан оны аялай бiлу парыз: Жезқазған аймағының ауданаралық экология жəне биоресурстар басқармасының баст. Ө.А.Əбеновпен сұхбат//Сарыарқа.-1998.


Информация о работе Қарағанды облысының экологиясы