Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:32, реферат
Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды.
1. Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік.
2. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.
3. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.
Жоспары:
1. Адам экологиясының
пайда болуы туралы түсінік.
2. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын
оқытудың актуалдылығы.
3. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы
және қолайсыз аудандар.
Адам экологиясының пайда
болуы туралы түсінік.
Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы,
сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы
мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам
өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта
шенінен бастап, географиялық ортаның
күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша
ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның
барлық салаларының жетістіктерінде –
экология кең етек жая бастады. Соңғы он
жылдың ішінде экология ғылымының жаңа
құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген
экологиялық мәселелерді шешуде адамның
өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін
ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының
болашағын сақтау, табиғатты қорғау және
тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам
мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс
ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу
кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі
қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының
денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды.
Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір
сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға,
оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге
келген «қоршаған орта түсінігі». Соның
нәтижесінде
адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі,
сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты.
Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса,
онда ертең құлауы мүмкін.
Соңғы кездерде орта жағдайына болжам
жасайтын ғылыми орталықтардың пайда
болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге
бақылау жасау, баға беру және толық кешенді
болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні
«нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны
грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой,
адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны
білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера,
атмосфера, биосфера деген бірін-бірі
толықтырушы, күрделі байланыстағы –
географиялық орта – табиғаттың бүкіл
қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған
табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы
басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера»
деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі
экология ғылымының қалыптасуына,дамуына
байланысты ноосфера – нооэкология деп
орынды аталып жүр.
Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни
табиғаттан пайда болып, соның ішінде
өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында
табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ
осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік
жағын өзгерте алады.
Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен
пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны
қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне
қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін
«Адам экологиясы» зерттейді.
Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік
– мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі,
адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы
болмайды. Осының нәтижесінде экология
және мәдениет проблемасы пайда болды.
Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман
деген идеяларымыз адамгершілік негізіне
жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің
өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен
негізделген. Бұның өзі экология және
құқық арасындағы байланысқа жатады.
Қазіргі кездегі экологиялық проблема
сыртқы саясаттың күрделі элементіне
айнала бастады. Сол себепті де экология
және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін
жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан
орманды қорғау проблемаларын өкімет
басшылары және министрлер талқылауда.
Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері
өзекті экологиялық жағдайларды қалай
шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи
ресурстарды тиімді паидаланудың келесі
жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен
рекрациялық экология айналысуда.
Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен
айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі
байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп
айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру
үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда
толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке
тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын
қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының»
өтініші бойынша Масачусет технология
институтының Д. Медоуз басқарған бір
топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін
зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді
ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың
атынан негізгі әсер етуші бағдарлама
болып есептеледі.
Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық
әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы
көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы
кездердегі қолданып жүрген әдістердің
бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық
классификация. Көпдеңгейлі шкаланың
негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі
– ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің
нәтижесіндегі мінез-құлық.
Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты,
тыңғылықты классификациялауда қиындық
туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын
әдіс – динамикалық классификация әдісі.
Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер
үшін арнайы оқытылатын курстың негізі
болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте
терең білім қажет – ол үшін математиканы,
физиканы, химияны, биологияны жақсы білу
керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің жоғары
мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл
бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.
Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.
Соңғы кезде әрбір ұшырылған
«протонның» қоршаған ортаға үлкен зиян
әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен
уланған аумақтың көлемін анықтап, кінәлі
жаққа толық мағлұмат беріп, олардың шығынын
өтеп алу қажет. Бқл келтірілген оқиғалар
дәлелдейтін екі факт ғана бар. Экология
мамандардың қажет екендігін, мемлекетті
экологиялық жағынан қоршаған ортаны
қорғау керектігін республика президенті
Н. А. Назарбаев Қазақстан инженерлері
съезінде атап өтті.
Енді толығырақ айтсақ, Қазақстан аумағындағы
ядролық жарыстан кейін жалпы күші Хиросима
қаласына тасталған атом бомбасының күшінен
45000 есе көп. 1946 жылдан бастап, Арал теңізіндегі
«»Возрождение» аралығында биологиялық
және химиялық бомбалар жасау үшін іскери
мекемелер ашылды. Дәл осы жерде Сібір
жарасы, тулериями, бруцелез, тырысқақ
және Кулихорадқа ауруларының қоздырғыштарын
сынап көрді. 1950-1990 жылға дейін әртүрлі
мақсаттағы сынақ полигоны жұмыс істеді.
Ал олардың таза 200 кг өнімі айналасындағы
жарты миллион адамды жойып жіберуі мүмкін.
Экологиялық индульгенция феноменін қалыптастыруда
жапондықтардың жүргізген тәжірибелері
экологиялық проблемаларға деген реакцияны
зерттеуге көбінесе экологиялық тұрғыдағы
мамандар емес, ғылыми зерттеу органдарының
өтініші бойынша жасалынып, өздеріне қажет
деген нәтижелерді ғана есепке алуда.
Бұл жағынан қарасаң, кез келген мекеме
экологиялық зерттеулер жүргізе беретін
болды.
«Тұрақты даму» концепциясы 1992 ж. «Біздің
жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды.
Бұл құжатта алғаш рет негізгі принциптер
жинақталды. Яғни кез келген мемлекет
стратегиялық жоспар жасауда осы принциптерді
ұстануы қажет.
Бұл жердегі Қазақстан Республикасы үшін
үлкен мәні бар принциптарды алайық:
- қазіргі және болашақтағы ұрпақтардың
өмір сүруіне қажетті өнімдермен қамтамасыз
ету және оның қорын сақтау;
- биотехнологиялық тұрғыдан ойластырылған,
қалдықтан – қалдықсыз өнім шығаруға
көшу;
- біртіндеп органикалық отынмен жұмыс
істейтін энергетика өнеркәсібінен қолайлы
немесе дәстүрлі емес энергния алу көздеріне
өту.
- табиғатты қорғаудағы әкімшілік, экономикалық
және құқықтық әдістерді жақсарту.
- биосфераның көптүрлілігін сақтау, қорғау
бағытында жұмыс істеу;
- экологиялық мәдениеттілік кодексін
тиянақты, бұзбай сақтау.
Егерде теориядан күнделікті
өмірге келсек бұл бағдарламаны орындау
және көп жыл бойы тиянақты жұмыс істеуді
қажет етеді. Ендігі жерге 2030 стратегиясының
адам экологиясымен тығыз байланысы бар
пунктерін қарастырайық.
Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы,
оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат
байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші
ойы тез арада сол жерден пайда табуы.
Табиги ресурстардың толық құндылығы
анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты
пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене
бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтардың,
ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле
бастады.
Жаңа оқыту жүйесінде адам экологиясына
маманданғандар Қазақстан Республикасына
өз білімдерін пайдалана ала ма деген
сұрақ туындайды. Себебі, сол салада көбінесе
басқа оқу орындарының бітірушілері жұмыс
істеуі құпия емес.
Экономистер, юристер, социологтар – соңғы
кездерде әлеуметтік сферадағы экологтардың
орнына жұмыс істеуде.
Бұндай мамандар экологиялық тұрғыдан
жан-жақты білімі жоқ. Сол себепті қажетті
шешімдерді қабылдай алмайды. Сол үшін
де ондай мамандарды сақтай отырып, негізгі
позицияны, әсіресе шешім қабылдауды эколог
мамндарға беру керек. Бұндай дайындық
жұмыстары ЮНЕСКО-ның бағдарламасына
сай алдағы уақытта іске асады. Біздің
студенттерімізді қажет ететін болашақтағы
сала – саяси экология және эколгиялық
дипломатия.
Себебі көптеген мемлекеттік деңгейдегі
конфликтер экологиялық проблеманың нәтижесінде
туындап отыр.
Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалануға
мүмкіншілігі бар ірі фирмалардың менеджері
эколог қызметін атқарады. Сонымен бірге
экологиялық жағдайы өршіп тұрған облыстарда,
аудандарда, әкімшілік қызметте және рекреациялық,
танымдық, жастарға тәлім-тәрбие, дипломатиялық
саладағы жұмыстарда қызмет ете алады.
Жоғарыдағы тарауларда жүйелі құрылымдық
әдіспен экологиялық жағдайларды болжау
және соның нәтижесінде тиімді шешім қабылдауды
атап өттік.
Алғашқы бағдарламаны шығарған Қазақстан
Республикасының Ұлттық Академиясы. Кейбір
шешімдеріне тоқталып қтейік. 1997 ж. 22-26
көкек айында Алматыдағы Алатау санаторийінде
«Жер планетасының және адамзаттың дамуының
экологиялық әдістемесі» атты бірінші
халықаралық конгресс өтті.
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.
Кез келген экологиялық мәселелерді
шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып
жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын
болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына,
болашағына тұжырымдама беретін-адамэкологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді
шешуде адамның өзі туындатып отырған
күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі
жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын
сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді
пайдалану керек.
Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін
ортасы, сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын
қанағаттандыратын шикізат көзі болып
саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары
адамның шаруашылық әрекетінің түрін
анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті,
далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен
айналысады.
Сонымен қатар, қоршаған орта адам денсаулығына
да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған
ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің
сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ
өмір сүруіне жағдай жасайды. Қазіргі
кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің
нәтижесінде адамның қоршаған ортаға
ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды
жақтарының бірі – адам денсаулығына
әсері.
Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары
жүйесі нің болмауына байланысты тұрғындар
асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын
халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз
етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс
қалдықтаымен, пистициттермен ластанған
өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде
әртүрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп,
сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.
Адам денсаулығына ядролық жарыстардың
да тигізетін әсері көп. Мысалы, космодромға
көршілес аудандарда, ядролық полигон
тұратын халық қатерлі ісік, қынның азаюы,
ақ қан ауруларын көп тудырады. Қазіргі
кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған
зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан
жеріне құлаған «Протон» қондырғылары
халық денсаулығына зиян келтіруде.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
шаралар медицинамен тығыз байланысты.
Сондықтан, елімізде аурулардың аумаққа
таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық
география ғылымын дамытудың маңызы зор.
Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған
ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін
зерттейді. Адам табиғат қарым-қатынасы
өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат
қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан,
өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы
кері өзгерістердің зардабын тартушы
ретінде саналады.
Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар.
Қоршаған ортаның
Бұлай деуіміздің себебі – атомдық және
химиялық өндірістердің, ядролық сынақтар
мен басқа қарулардың ісерінен елімізде
көптеген аймақтар күрделі экологиялық
дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың
Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны
және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған,
Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы
ашық айқын аймақ апаттар болып табылады.
Елімізде осылай экологиялық жағдайдың
пайда болуы біріншіден, халық шаруашылығықұрылымының
дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі,
яғни, көне технологияларды пайдалану,
саясат пен экономикада «біжден кейін
кұл болмасаң, бұл бол» тоқмойын милитаристік
көзқарастың үстем болуы, республиканың
тек қана шикізат өндіруге бағытталуы
себепші. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің
деформацияға ұшырауына және еңбекте
экологиялық мәденеттің, экологиялық
көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде
өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкелді.
Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды
жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға
мүмкіндік болмады.
1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында
470 ядролық жарылыс болды, оның 26 – жер
үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында жасалды.
Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы,
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи
тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа
шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай
қалдықтарының табиғи ортаға, адамға,
жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген.
Ал іс жүзінде қоршаған ортаның радиоактивтік,
химиялық заттармен ластануының әсерінен
адам тәнінде тектік және хромосомдық
өзгерістердің пайда болуы, сонымен бірге
өсімдіктер мен жануарлардың құри бастауы
адамзатқа төнген қауіптің қаншалықты
зор екендігінің айқын айғағы. Осындай
генетикалық өзгергіштіктердің салдарынан
мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының
50%-і өледі, немесе олардан пайда болған
организмдер артына ұрпақ қалдыра алмайды.
Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі
іртүрлі өзгерістер және психологиялық
кеселдер түрінде пайда болады. Осындай
зардапқа душар болған балалардың балалардың
– 10 пайызы, яғни әрбір 1 млн баланың –
100 мыңы кеміс болып туылады екен.
Қазақстанның зардапты экологиялық проблемалары
көрші мемлекеттерің де наразылығын тудыруы
әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі
стратегиялық маңызды шарттардың бірі
– халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін
нақты жүзеге асыру – бүгінгі күннің ең
басты да ең негізігі талабы...
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Экология және табиғатты
тиімді пайдалану.
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж.
Шілдебаев.
2.Экология негіздері.
Ғ. Сағымбаев.
3. Экология.
Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
4. Денсаулық журналы.
5. Экология.
Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.
Адам және табиғат
Табиғат
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімді
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен
тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геологи
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инжен
Астрономия ғылымы физика заңда
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Ал табиғатпен адам қатар ұғым.
табиғатсыз адам , адамсыз табиғат
өмір сүруі мүмкін емес. Себебі
адам өз керектісін, қажеттісін
табиғаттан табиғи күйінде
Ғылыми-техниканың ғарыштап
дамуы табиғатты тиімді пайдалану
-ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына
бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты
қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп
жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында
негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің
өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап
ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін
алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын
пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның
өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын,
өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының
артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа
салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын
интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың
көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын
мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын
пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың
табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді.
Адамзат өндірістік қызмет процесіне
барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге
ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін
зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын
бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық
ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін
қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз
ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз
өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе
болашақта өсімдіктердің, жануарлардың,
адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы
өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының
жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша
антропогендік ластағыштар сан түрлі
болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның
ішіндегі анағұрлым кең тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің
үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен
ластану проблемасын шиеленістіре түседі.
Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар
арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің
өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел
көбейіп келе жатқан адамзатты азық-түлікпен
қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының
бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы
жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен
өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті,
су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан
кұрғақшылық аудандарға су жеткізу —
осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ
орасан зор көлемде табиғи процестердің
барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат
жағдайларында жер суару адам мен малдың
бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы
жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар
мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын
суларына безгек таратқыш сансыз маса
қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің
тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар
мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс
Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың
әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде
безгек эпидемиясына байланысты болды
деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың
көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға
тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны
суарған су өзенді ластап қана қоймайды,
сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың
улы химикаттармен ластануының бірнеше
жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен
де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға
үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге
уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде
жанармай қалдықтары, улы қосылыс — фенолдар,
тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың
оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы
препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар
қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды
колданған. Мақтаға шашылған у суарылған
сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған,
олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге,
теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің
балықтарына зиянын тигізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы
облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға
душар болған аймақтардың бірі. Ластау
көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс
қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан
мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды
сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына
30 мың тонна ғана, ал облыстық «Сельхозхимия»
бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам
тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінің
салдарынан осы тыңайтқыштардың дені,
ашық аспан астында далада сақталады.
Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының
шаруашылықтарында орын алған.
Тыңайтқыштарды өлшеусіз пайдалану, топырақты
өндірістік қалдықтармен ластау, жердің
құрамындағы зат алмасуын қиындатып бүлдіруде.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа
деген ерекше көзқарасты қажет етеді.
Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген
орынды сұрақ туады.
Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі
өзен бар. Бұл өзендердің бойында мал қораларымен
қоса қойды карелинге тоғытатын орындар
орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда
ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен
оның әрекеті көрінбей көзден таса болып
қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен
көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген
балықтарды көрген. Олар біраз күннен
кейін шіріп, борси бастаған.
Табиғатта тірі организмдер арасында
трофикалык байланыс болады, демек тамақтық
байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы
химикаттар шашып кырады. Маса-шіркейді
құртуға шашылған пестицидтерді суда
тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді
екен. Оларды ірі жәндіктер қорек етеді.
Ал ірісімеи де, ұсағымен де балықтар коректенеді.
Удың залалы балықтармен коректенетін
құстарға да тиеді. Өлген құстарды лабораториялық
зерттеулерден өткізгенде, олардың май
қабаттарыда у болып шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты
тірі организмдер— балдырлар, дафниялар,
циклоптар, ұлулар, балықтар химиялық
анализден өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың
организміндегі токсофеннің мол жері
миллионның 0,3 бөлігіндей ғана болды. Ал
дафнияда бұл пестицид миллионның 0,2—0,7
ұсақ балықтарда 0,3 бөлігіндей болатыны
анықталды. Сайып келгенде, судағы қарапайым
жәндіктер улы химикаттардың «қоймасы»
деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең
қолданылғандықтан кейінгі кезде сыртқы
қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны
байқалып отыр. Бұлар адам баласына және
жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен
зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға
қосылады, ауадан — суға, судан — топыраққа,
топырақтан — өсімдіктерге, өсімдіктерден
— малдарға малдардан — адамдарға тарайды.
Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық
тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше
түрлі пестицидтермен мөлшерден тыс уланбауын
қадағалап отырған жөи.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде
де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы
ауыл шаруашық өндірісін машиналар мен
құрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін
емес. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінің
негізгі құралы — жерге әсерін тигізетін
атты техниканы абайлап қолдануды қажет
етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап
өңде-Внде ауыр доңғалакты тракторлар
мен басқа да ауыл •аруашылық машиналары
топырақты тереңдете нығыз-Ьп тастайтындығы
соңғы жылдары дэлелденіп отыр. Іұндай
нығыздалған қабат топырақтың түрі мен
оған Іасалған әрекетіне қарай әр түрлі
тереңдікте пайда Ірлады. Әдетте, нығыздалған
қабатты казіргі заманғы •рал-саймандармен
ендеу қиын, ол тіпті терең жыртқан Іуннің
өзінде өңделмей сол күйінде қалады. Мұндай
Іабат капиллярлық байланысын үзіп, топырақтьщ
су, ауа Іәне химиялық режимін бұзады,
бұл сайып келгенде Ііннің шығымдылығын
төмендетеді. Ауыл шаруашылық вшиналарының
салмағы мен куатын есірудің белгіленген
шегі бар, ол шек топырақ қабатының ерекшеліктерін
ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа,
топырақтың терең нығыздалуына жол бермес
үшін, егіс даласының топырағына қысымы
аз түсетін шынжыр табанды трак-торлармен
өңдеген дүрыс.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін
дамыта-ды, адамдардын, тұрмыс жағдайын
жақсартады, оның .әл-ауқатын арттырады.
Сонымен бірге адамдардың қызметінің
артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта
қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық
мағы-на жағынан ешуақытта айтып қалпына
келтіре алмай-тындай өзгеріс кіргізеді.
Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың
сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің
нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған
минерал-дық ресурстарды вагондарға артатын
болсақ, ол поез-дын, ұзындығы жер шарын
16,5 есе орап алған болар еді. ІІІьш мағынасында
жаңары табиғаттан алынған барлық шикізаттардың
қоғамнық пайдасына қоршаран ортаға тек
бір проценті ғана пайдаланылады да, ал
қалған барлық бөліктері экологиялық
уланған күйінде лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлыры
ұшан теніз. Әлі де талай миллиард адамдарды
миллиондаған жылдар бойы асыраура жетеді.
Деседе пайдалы қазба байлық-тары, көмірі,
табиғи газы, мүнайы жетпей жаткан слдер
де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын»
деп атады. Ал, қазіргі кезде мүнай алтыннан
да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке
тоқтатқанның өзінде — жылу электростанциясы,
заводтар, транспорттың барлық түрі тоқтайды.
Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды
ка-зіргі жағдайға сәйкес көп мөлшерде
пайдаланатын болсак, онда оның қоры 37
жылға ғана жететін кө-рінеді.
Сонғы он жыл ішінде биосфераға адам қолымен
жасалған бұрын белгісіз болып келген
жаңа заттар барған сайын кәптеп түсуде.
Олардың көпшілігі өте тұрақты және биосфера
заттарының табиғи айналысы-нан келіп
түседі. Мұндай заттардың жиналуы табири
процестердің барысын бұзады, экологиялық
жағдайлар-ды нашарлатып, бірқатар жағдайда
территориялык жэне аквальдық кешендердің
бұзылуьша септігін тигізеД .Мысалы, тұрмыста
және өнеркәсіпте синтетикалык, *У ғыш
қосындыларды кеңінен пайдалану өзендер
мен көлдердің ластануын күшейте түседі.
Бұл заттарды таза-лағыш күрылыстарда
толықтай ұстап калуға мүмкіндік зкок..
Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген
•езендердің бетін көбік жауып кеткен.
Ондай езендерде тіршіліктің болуы мүмкін
емес, ал езен суы ауыз сура пайдаланура
жарамайды. Әр түрлі синтетикалық ора-рыш
пленкаларды пайдалану да күрделі проблемага
ай-налып отыр. Бүл пленкалар іс жүзінде
ездігінен табиғи жолмен бұзылмайды, ал
оларды өртесе ауаны ластайтын бірқатар
зиянды химиялық косыпдылар пайда болады.
Ортаны осындай пленкалардың жинальш
калуынан та-зарту үлкен шығынды талап
етеді.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа
деген срекше көзқарасты қажет етеді.
Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген
орынды сұрақ туады. Объективті ілындық
осындай.