құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 01:08, реферат

Описание работы

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

tirwilikkauip.doc

— 1.10 Мб (Скачать)

Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.

Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның  араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның  т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Қышқыл жаңбыр табиғатта тек  қана тік жоғары тарамайды, жерді  көлбеп көкжиекке созылады.  Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан  шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып  түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.

Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.

Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.    

Парниктік   эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

Климаттың әр түрлі моделін  жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің  Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.

Озон қабатының  бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді.

Озондық  қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады:

  • ұшақтардың шығаратын газдары;
  • змырандардың шығаратын газдары;
  • вулкан газдары;
  • фреонды пайдаланатын технологиялар;
  • атом жарылыстары.

Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Озон қабатының бұзылуына  өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.

 

    1. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

 

Зиянды заттардың жалпы  сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
  • улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
  • дәрі-дәрмектер;
  • тұрмыс химикаты;
  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
  • әскери улаушы заттектер.

 

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
  • қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
  • аллергия тудыратын заттар;
  • мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;
  • канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
  • бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

 

Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық  заттар теріге еніп, сол арқылы қанға  кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.

Бірінші кезеңде улы  заттардың бөлінуі қан айналымының  қарқындылығына байлынысты болады. Улы  заттардың жиналатын  үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы  (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.

 Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

Уланудың өткір  түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)

Уланудың созылмалы  түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.

 

    1. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары

 

Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.

Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.

Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.

Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.

 

II-тарау. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері

2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі

 

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.

Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе  шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп  аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:

  • әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
  • әуе шабуылының зардаптарын жою;
  • бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
  • зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
  • қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
  • ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

 

   Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.

   Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.

   Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.

    Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

 

2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

 

Азаматтық қорғаныстың  мақсаттары:

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
  • төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Информация о работе құқықтың қайнар көздері