Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 14:26, реферат
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
— Жабайы аң-құстарды
сақтау үшін олардың еркін өсуіне
қолайлы кеңістік қажет, – дейді қорық
директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде.
– Дамыған өркениетті елдерде ерекше
қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы
жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге
Қазақстанның 2,7 млн. шаршы шақырым жерінің
ерекше қорғалатын аумағын 7,7 пайыздық
көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш жабайы
аңдардың тыныш тіршілік ету мүмкіндігіне
аздық етеді. Осының өзі олардың азаюына
әсер ететін негізгі себептердің бірі.
Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде
жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің
азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине,
көңіл алаңдататын жәйт.
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығындағы сексеуілді орман
алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып
жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі
жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік
“Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның
сондай кітабы парақтарынан орын алған.
Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі
қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің
354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың
178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның
“Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа,
12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді
тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін
улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай
бауыры суық бақанақтың уы медицинаға
аса қажет.
Қорық екі кластерден
тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы
Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық
алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр
және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10
9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың
барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар
оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен,
яғни, экологиялық апат ошағымен қатар
жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы
ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда.
Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы
өсімдіктер ғана тоқтата алады.
Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың “Барсакелмес қорығының флорасы және табиғат қорғау іс шаралары” тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, “Барсакелмес қорығының герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі” тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты “Арал теңізінің тартылу жағдайында Барсакелмес қорығы құландарының экологиясы” тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, “Қазіргі таңдағы экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы” мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген.
[өңдеу]
Қорық жайында түсірілген
фильм
Қорық жайында түсірілген
“Құландар аралы” деректі фильмі 2004 жылы
Ташкентте өткен кинофестивальда 110-нан
астам қатысушылардың арасынан жүлделі
үшінші орынды жеңіп алды. Биыл сондай
тағы бір деректі фильм түсірілу үстінде.
Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы Ботаника
және зоология институтымен, Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен
бірлескен ғылыми жұмыстар қолға алынуда.
Қорық қызметкерлері Қырғызстан, Ресей
және Германия мемлекеттерінде халықаралық
семинарларға қатысып қайтты. Сондай-ақ,
Барсакелмес қорығында халықаралық деңгейде
үш ғылыми семинар өткізілді. Биылғы жылы
БҰҰ резидент-үйлестірушісі Т.С.Кертешовтің
басшылығымен “Солтүстік Аралдың сулы-батпақты
өңіріндегі тіршілік әлемін сақтау” атты
тақырыпта семинар ұйымдастырылмақшы.
Қорықтың екінші
екпін, тың тыныс алуына 2005 жылғы
27 сәуірде Арал өңіріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
ат басын бұруы үлкен серпін берді. Мемлекет
басшысы сол жолы қала орталығында қорық
жөніндегі анықтамалық стендтерді қарап
тұрып, аймақтың табиғатында әлі де сақталып,
өсіп-өнген эндемикалық жануарлар мен
өсімдіктер дүниесіне қызығушылық білдірген
еді. Елбасының сол сапарынан кейін Сырдария
өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің
терістік бөлігін сақтап қалу жөніндегі
ғасырлық салмағы бар жобаға жан кірді.
Көп ұзамай сол жылдың күзінде Көкарал
бөгеті қалпына келтірілді. Осынау ғаламат
құрылыстың сапалы да тез бітуіне Ауыл
шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің
көп еңбегі сіңді. Бұл нысанды әлемнің
сегізінші кереметі атауға болады. Себебі,
жердің жағрафиялық картасынан жоғалған
Солтүстік Арал теңізінің қайта қатарға
қосылуы тіршіліктің жаңадан жандануына
әсер етті. Осыдан кейін бұрынғы балықшылар
отбасы қайықтарымен су айдынына шығып,
ата кәсібін жалғастырды, төзімділік таныта
білген елге береке келді. Солтүстік Арал
акваториясы содан бергі бар-жоғы екі
жылдан сәл астам уақыт ішінде мамандар
күткен мөлшердегіден әлдеқайда тез және
мол суға толып, түстіктегі қорық аумағына
да өзінің оң ықпалын тигізе бастады.
– Бүгінде қорықта құландар
саны 230-дан асып отыр. Баяғы “көшкен елдің
жұртында қалған” ауру-сырқау, кәрі-құртаң
50 құланнан бас-аяғы 20 жылдан сәл астам
уақыттың ішінде 200-ге жуық ұрпақ өсіп-жетілді.
Жануарлардың бұлай күрт өсулеріне жаңа
Қасқақұлан аймағынан жайылым алаңының
кеңеюі, тұрақты таза су көздерінің пайда
болуы себеп болды. Бұл ретте аң-құстың
қас жауы – браконьерлерге қарсы тұратын
қорық инспекторларының қызметтері де
ерекше. Соңғы үлгідегі техникамен жүретін
солардың көбін ұстау да оңайға түспейді.
Осы орайда, мемлекеттік қорықты соңғы
үлгідегі жабдық-жарақтармен ұдайы жабдықтап
отыру өмірлік мәні бар маңызды мәселе
болып қала бермек.
Ендігі айтылатын
жәйт, Аралды оңтүстік пен солтүстікке
бөлмей, оның табиғатының тұтастығын толықтай
сақтағанымыз абзал. Алайда оңтүстік теңіздің
кепкен 4,0 млн га. астам тіршіліксіз тақыр
табаны бүгінде нағыз апат ошағына айналып,
жылына жүз миллиондаған тонна тұзды шаң
жер бетіне таралып жатыр. Жылдар өте келе
оңтүстік Арал теңізінің қалған батыс
бөлігіндегі су мүлдем жойылса, экологиялық
ахуал бүгінгіден әлдеқайда нашарлай
түседі. Қазіргі таңда сол жердегі шаңды
тозаң желмен көтерілгенде 3-5 метрдегі
ағаштарды ақ түтек тұзды шаңға орайды,
осы құбылыстың салдарынан адамның көзі
қызарады, бет-аузы тұзды топырақтан ашиды,
тыныс алуы қиындайды. Алайда, бұл құбылысты
тоқтатудың өзіндік жолдары да бар. Ол,
жоғарыда айтқанымыздай, теңіздің құрғаған
табанын көк өскіндермен жауып, осында
орман алқабын өсіру. Қызылорда облысында
қоршаған ортаны қорғауға немесе орманды
алқапты ұлғайтуға арналған жобада қаралған
35 млн. АҚШ долларының 8 миллионы Аралдың
кепкен табанына 59 мың га. жерді алып жататын
сексеуіл отырғызуға жаратылады. Алты
жылға жоспарланған бұл жұмыстардың барысында
теңіздің кепкен табанынан жер асты суын
ұңғыма арқылы шығарған жағдайда сексеуіл
де, жыңғыл да өздігінен өсу дәрежесіне
жетеді. Мұнда Оңтүстік Аралды қалпына
келтіруге қарастырылған қаржының 5-10
пайызы ғана бөлінсе, жер асты суларын
бұрғылап шығаруға болар еді.
Айдың бір бөлігі қараңғы
болғанымен, екінші бетінің жарық болатыны
сияқты, теңіздің сорға айналған тұзды
батпағының да өзіндік пайдасы жеткілікті
болып шықты. Оның емдік қасиеті айрықша.
Осы тұзды қара батпақ медицинада жоғары
бағаланады. Мысалы, Израиль мемлекетіндегі
өлі теңізге шетелдерден келіп ем қабылдап
жататындардың миллиондап саналатынын
бәріміз де білеміз. Сол секілді Солтүстік
Кіші теңіздің батысындағы Ақбасты, Ақеспе
елді мекендеріндегі емге шипалық жер
асты ыстық суы да көп дертке дауа дер
едік. Мұнда жұрт қырық күн шілде кезінде
ағылып келіп, өздігінше ем қабылдайды.
Бірақ, бұл аққан шипалы су медициналық
тұрғыда өзінің лайықты бағасын алып,
тиісті емдеу мекемесі санатында болмағандықтан,
өз деңгейінде толық пайдаланылмай, босқа
ысырапқа ұшырауда.
Сырдария мен Әмудария
өзендерінің Аралдың түстік бөлігіне
көп жылдардан бері су тастамауынан бүгінде
ұлы теңіздің жағалауы жылдан жылға 300
метрден 500 метрге дейін тартылуда. Мұнда
Сыр өзенінен біраз да болса түстікке
қарай су жіберіледі, ал Әмудің бұл жақты
“ұмытқанына” ондаған жылдар өтті. Осылай
жалғаса берсе, Барсакелмес аралының батыс
бөлігі де 5-10 жыл шамасында құрлықпен
жалғасып кетері анық. Сол кезде бұрынғы
Аралдың батысы мен шығысындағы тұяқты
аңдардың миграциялық жолының өзгеруі
әбден мүмкін. Ол осы жердегі табиғи орта
құбылысына бұрынғыдан да кері әсер ететіні
сөзсіз. Тұзды шаң бүгінгіден де көп мөлшерде
әлемге тарайды. Сондықтан мемлекет тарапынан
алдын-ала сақтық шараларды бүгіннен бастап
қолға алмасақ, экологиялық апат ошағының
аумағы бірнеше есеге ұлғаймақ.
– Арал өңірі Тұран
ойпатында орналасқандықтан, жер асты
суына өте бай, – дейді тағы бір сөздің
ретінде қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев.
– Ғылыми тұрғыдан зерделеп, ұңғымалардың
арақашықтығын шахматтық кесте әдісімен
20-30 шақырымнан тастап, жер асты суын дұрыс
пайдалана білсе, біріншіден, бұл көтерілген
тұзды шаң мен топырақты басады. Екіншіден,
табиғи өсімдіктер дүниесі өздігінен
өніп шығады, үшіншіден аң мен құстың қатары
көбейеді. Төртіншіден, табиғатта экологиялық
тепе-теңділік жүйелігі реттеледі. Мысалы,
қолдан егілген сексеуілдің 25-30 пайызы
ғана өсіп шықса, еткен еңбектің ақталғандығы
болып есептеледі. Жылына 10 мың гектар
жерге қолдан орман отырғызғанда, әзірге
4 млн. га аумаққа жетіп отырған теңіздің
құрғаған табанын қашан көктеп шығуға
болады? Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай:
“Табиғаттағы тіршіліктің барлығы да
босқа өмір сүрмейді”. Осыдан жүз жыл
бұрын Арал өңірінде құстың 319 түрі болса,
бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге азайған.
Міне, экологиялық апат ошағының бір белгісі
деген осы.
Барсакелмес қорығының
басқа осындай бақпанды мекендерден
бір айырмашылығы, оның экологиялық апат
аймағында орналасқандығы. Осының өзі
әлемдік табиғат қорғау қауымдастығын
алаңдатуда. Дегенмен, қорық ұжымы қолдан
келгенінше кездескені қиындықтармен
күресіп жатыр. Соңғы уақыттары Орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің
қолдауымен біраз шаруаның басы қайырылды.
Қорықтың жер көлемінің он есеге ұлғаюы
өз алдына, тұралап қалған ғылыми жұмыстар
жолға қойыла бастады. Инспекторлар қызметтік
киім, байланыс құралдарын, табельдік
қару-жарақтар алса, кеңсеге қажетті техникалар
әкелінді, штаттық кестедегі қызмет керлер
саны өсті. Алдағы жылы осы шаралар түгелімен
қайта қайталанбақ.
Солтүстік Арал бассейніндегі
артық су Көкарал бөгетіндегі шлюз арқылы
оңтүстік өлі теңізге 5-6 метрлік биік сарқырамадан
құлайды. Сол ағынмен келетін мыңдаған
балық қайтып тұщы суға көтеріле алмай,
босқа қырылып кетіп жатыр. Дарияның құярлығында
балық аулаушылардың осы өңірді өртеп,
күл-қоқысқа айналдырғанын да тексерушілер
көріп келеді. Қандай қиындықпен оралған
Кіші теңіздің табиғи байлығы ретсіз ысырап
болуда десеңізші. Мұны қорық инспекторлары
бейнетаспаға да түсіріп алған екен. Бұл
осылай бола берсе, 4-5 жылда балықтың қоры
таусылуы мүмкін. Аталмыш аймақтар ерекше
қорғалатын батпақты өңір болып есептеледі.
Орман және аңшылық комитеті Сырдарияның
теңізге құяр осы сағасындағы жыл құстарының
ұя салып, балапан басатын қалың қамысты
қолайлы жерлерін келешекте сақтап қалу
шараларын жасау қажеттігін ескертіп
отыр.
– Алда тұрған міндеттердің
бірі мекемеге заман талабына сай кеңсе
ғимаратын салу болып тұр, – дейді сөзінің
соңында қорық директоры. – Онда 68 жылдан
бері сақталынған бай кітапхана бөлмесі,
табиғат мұражайы, зертханалар, күзет
қаруын сақтайтын бөлмелер болады деп
жобаланып отыр. Сосын дарияның мана айтылған
бөлігін батпақты өңір ретінде ерекше
қорғалатын аймаққа енгізуіміз керек.
Қорық аумағына жаңадан қосылған жерлерге
кардон салу, табиғат қорғау инспекторлары
мен ғылыми қызметкерлерді соңғы құрал-жабдықтармен
қамтамасыз ету күн тәртібіне енгізілді.
Жуырда сондай-ақ қорықтың жаңа ауқымына
бақылау мұнарасын орнату және осы екі
кластерлік аймаққа аншлагтар ілу, тиісті
жерлерге шлагбаум қою секілді жұмыстар
да жоспарланған.
Аты аңызға айналған
Барсакелместің кешегісі мен бүгінгісі
жайлы қысқаша осындай әңгіме айтуға болады.
Сонымен бірге, оның ертеңінің бүгінгіден
де нұрлы, бүгінгіден де кескінді бола
түсетінініне сенгіміз келеді.[1]
Батыс
Алтай мемлекеттік
табиғи қорығы
Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде
Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор),
Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы
Глубокое ауданының Риддер қаласында
орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное
ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты
пайдаланудан алынып қойылған жерлерде
орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы
Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына
жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне
Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м),
Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м),
Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің
бөлігі қосылады.
Қорықтың жануарлар
дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал,
елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін,
бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен,
кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі
және әртүрлі кеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
Әкімшілік жағдайы
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесі Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семей көшесі, 10-үйде орналасқан.
[өңдеу]
Табиғат жағдайы
физикалық-географиялық
сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік
табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс
бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының
Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық
кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер
қаласында орналасқан) аудандарының аумағында
Поперечное ауылының оңтүстік шығысында
табиғатты пайдаланудан алынып қойылған
жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік
табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір
тау елдерінің Алтай провинциясына жатады.
Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов
(2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк
(2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000
м) жоталарының таулы жер бедерлерінің
бөлігі қосылады.
Жер бедерінің формасы
шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты
және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына
сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар,
алқап тәрізді төмендеулер, сусыма
тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер
кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген
жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың
құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк
құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ
таңғажайып формалар жасайтын гранит
қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі,
Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық
жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.